«Сиқырланған су» аялдамасында балалар бірнеше баклашкаларды біріктіру арқылы үш шелекке бірдей су толтыру керек. Түбі кесілген баклашкаларды балалар бір—біріне біріктіру арқылы үш құбыр шығарып, үш шелекті толтырады.
«Сабын» аялдамасында балалар сабынды сулап, қолмен қысып, ұшырып, белгіленген мәреге жеткізу керек.
«Сиқырлы сыпырғы» аялдамасында командадан екі бала шығады. Көздері байланып, қолдарына сыпырғы беріледі. Сыпырғымен допты қақпаға салу керек. Әр ойыншының жанына 4 көмекші беріледі. Олар ойыншыға бағыт беріп отырады. Ойын 5 гол соққанға дейін ойнатылады.
Достарыңызбен бөлісу: |