«Өзге планетадан келген аула сыпырушы» аялдамасында ойыншы 1қол, 1аяқ, 1 көздің көмегімен белгіленген аумақты тазалап шығуы керек және тазалап жатқан қоқыс арасынан кілт қиындысын табу керек.
Ойын соңында балалар нүкте аялдамасына жүгіріп келіп, аялдамадан жинаған кілттің қиындыларын құрастырып, бірінші болған топ қолдарын көтеріп белгі береді.
Шетел делегациясын күту жоспары
Мақсаты: балаларды қонақ күтіп алу этикетімен таныстыру, іскерлік кездесуде өзін ұстау мәдениеттілігін үйрету, келіссөз жүргізу этикетін түсіндіру
Фирма басшысы шетел делегациясын өз кабинетінде есіктің алдында қарсы алады. Басшының оң жағында орынбасары, сол жағында аудармашы тұрады.
Аудармашы делегацияны бір-бірімен таныстырады. Басшы келіссөз жүргізу столына отыруды ұсынады.
Келіссөз столында су (аузы жабық және этикеткасы отыратын орындыққа қаратылған болуы керек), бокалдар, қалам және қағаз болуы керек.
Шетелдік қонақтар терезеге қарсы отырғызылады, ал фирма мүшелері қарама-қарсы отырады, яғни фирма басшысы ортаға, оң жақта орынбасар, сол жақта аудармашы, фирманың басқада мүшелері, хатшы отырады.
Фирма басшысы өз делегациясын таныстырады. Визит карталарымен айырбас жүргізіледі. Басшы өз визит картасын шетел делегациясының басшысына ұсынады.
Басшының хатшысы су тұрған шөлмекті ашады. Егер қонақтарға арналған шөлмек ашық болса және дұрыс қойылмаған болса, онда шетелден келген қонақ оны ішпейді
Егерде келісім жүргізу кезінде магнитафонға немесе диктафонға жазу керек болатын болса, онда қонақтардың рұқсатын сұрау қажет. Егер қонақтар қарсы болса, онда тек хаттама қолмен жазылуы тиіс.
Келіссөз кезінде үзіліс жарияланады, басшы кофе әкелуге белгі береді
Ережелері:
Шетел делегациясына басшының хатшысы қызмет көрсетеді
Әрбір қатысушыға тарелкада тұрған кесемен (ұстайтын жері алатын адамға қараған болуы керек) шай қасығы (ұшы алушыға қараған) беріледі.
1-ші кесе шетел делегациясының басшысына ұсынылады.
2-ші кесе фирма басшысына
3-шісі аудармашыға
4-шісі шетелден келген делегациясының құрамында әйел адам болатын болса, онда соған беріледі.
5-шісі делегация мүшелеріне
6-шы фирма мүшелеріне
Келіссөз кезінде фирма басшысы қонақтарға тіке қарап, әрбір сөзді мұқият тыңдау керек. Қағаздарды ақтара бермей, сағатқа қарай бермей отыру керек. Олай отыру мәдениетсіздікке жатады
Келіссөз аяқталған соң, сыйлықпен алмасу процесі жүргізіледі. Егер делегация мүшелері көп болатын болса, онда басшы делегация басшысына ғана беріп, қалғандарына орынбасары береді.
Келіссөз аяқталған соң бірінші фирма басшысы орнынан тұрып, қай жерде күтіп алса, сол жерде шығарып салады.
Достарыңызбен бөлісу: |