«Қаржы сауаттылығы және экономика негіздері» бағдарламасы



бет31/36
Дата02.06.2020
өлшемі1,57 Mb.
#72053
түріБағдарламасы
1   ...   28   29   30   31   32   33   34   35   36
Байланысты:
құрал

Ойындардың нәтижесі:

1)Жастардың ортасында лагерь беделі арта түседі: квесттен балалар өте жақсы әсер алады.

Квест үшін мыналар қажет:

1) Карта-бағыт белгіленген бақылау аялдамалары;

2) Аялдамалар атына қатысты сұрақтар мен тапсырмалар;

3) Аялдамалардан өту уақытын белгілеу;

4) Берілген тапсырмалар арқылы қандай орын екен табу;

5) Балаларға ширату мақсатында берілген қосымша тапсырмалар.



Ойын соңында төрешілер жеңімпаздарды анықтап болғанша флешмоб биі билетіледі.
«Сиқырлы әлем» квест ойыны
«Ойын – бала үшін өмірлік тәжірибе» - деп  М. Жұмабаев айтып кеткендей, бала ойын арқылы есейіп, бой жазып, еркіндікті сезінеді. Ойын арқылы бала бойындағы қорқынышты, ашуды жеңеді, шаршағанын басады және бар жан дүниесімен ашыла ойнап, қуанышқа бөленеді. Ойын баланы тез өсуіне, қан айналымының дұрыс қозғалуына, бұлшық еттерінің жақсы қимылдауына, яғни қозғалыс арқылы денсаулығына пайдалы дүниелерді алады. Осындай ойындар жаз айында ұйымдастырылатын лагерь орталығында бала сауығуына, денсаулығын жақсартуға, еркіндікті, қуанышты сезініп, ортасын кеңейтуге мүмкіндік жасалады. Бала ойын арқылы өмірдегі кейбір тосын қиындықтар мен кедергілерді жеңуге, топ болып бірлесе жұмыс жасауға үйренеді. Бұл бала үшін өмірлік тәжірибе және жетістік деп айтуға болады. Осындай ойындардың бірі квест «Сиқырлы әлем»деп аталады.

Ойын шарты: Бала санына қарай бірнеше топқа бөлінеді. Ойын кезінде әр топтың топ басшысы және жауапты жетекшісі жанында болуы керек. Балалар ойын шартына сәйкес маскарадтық костюмде киініп келеді. Ойын бірнеше аялдамадан тұрады. Әр аялдамаға 5 минуттан беріледі. Бір қызығы балалар картамен жүру арқылы аялдамалардың тапсырмаларын орындайды. Әр аялдамаға ойын шартымен танысқан жауапты тәрбиешілер бекітіледі. Әр аялдамада балалардың тапсырманы орындауына байланысты кілттің қиындылары беріледі. Ойын соңында балалар жылдамдықпен тоғыз аялдамада жинаған тоғыз кілттің қиындысын құрастырады. Аялдамада 10-15 ұпай иеленеді. Ойын соңында кілтті бірінші құрастырған және ерекше костюмдерімен көзге түскен топ жеңімпаз аталады.

  1. «Жылан» аялдамасында жерге ирек екі жаққа параллель жіптер тасталынады. Ирек жіптердің ұзындығы 5 метр немесе оданда ұзын болғаны жақсы. Ирек жіптер балалардың өтуіне оңай болмауы керек. Аялдамаға келген топты бір-бірінің артына қатар тұрғызады және әр баланың ортасына баланы тығыз байланыстырып тұратын шар орналастырады. Балалар шарды бірі арқысымен, бірі ішімен қысып ұстап ирек жылан жолдармен бірінің артынан бірі еріп, жүріп шығулары керек. Ойын кезінде шар түсіп кеткен жағдайда, ойынды қайта бастайды.




  1. «Жұмыртқа» аялдамасында балалар тордан теннистің шариктерін сабы ұзын қасықпен (қасықтың сабын ағашпен жалғап байлауға болады) алып шығып, шелекке жинау керек.







  1. Достарыңызбен бөлісу:
1   ...   28   29   30   31   32   33   34   35   36




©engime.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет