Білім беру саласы: «Денсаулық» Тақырыбы: «Көңілді қыс»



Дата07.09.2020
өлшемі13,19 Kb.
#77518
Байланысты:
қыс қызығы


Білім беру саласы: «Денсаулық»

Тақырыбы: «Көңілді қыс»

Мақсаты: балалардың қыс туралы түсініктерін кеңейтіп, қысқы ойындар мазмұнын меңгерту. Бала денесін ойын арқылы қозғалысқа келтіріп, таза ауада шынықтыру. Іс-әрекетке деген қызығушылығын ойын арқылы қалыптастыру.

Методикалық әдіс: Ойын әдісі, ойын мазмұны, түсіндіру, үйрету.

Көрнекіліктер: Аңдар кейіпкерлері, аққала, қар, күрек, қар үйінділері.

Ойынның жүру барысы:

Тілек шеңбері: Балалар алаңда дөңгеленіп шеңбер жасап тұрып, бір-бірінің алақандарын беттестіріп тілектер айтады.

1. Ауамыз таза болсын

2. Денсаулығымыз мықты болсын

3. Ойын қызықты болсын

4. Жарыс көңілді болсын

5. Жеңімпаздар көп болсын

Балалар музыка ырғағымен айналып жай жүріп, сонан соң жүгіріп келіп, аяқ-қол бұлшықеттеріне арналған сергіту жаттығуларын жасайды.

Қозғап барлық денеңді

Қолды қатты соқ енді.

Тақылдатпай таяқты

Ақырын бас аяқты.

Иықты артқа ысырып,

Басты төмен саламыз.

Жаттығу жасап осылай,

Біз шынығып аламыз.

Ойын жарыс түрінде өтетін болған соң, балаларды екі топқа бөлеміз.



Ойын №1 «Аққаламен ойын» Бәйтерек пен Көгершін топтары.

Мазмұны: Балалар допты домалатып барып тақтаға аққаланың суретін кезек-кезек салады.



Ойын №2 « Қоянға сәбіз жинауға көмектесу».

Мазмұны:жерде жатқан сәбіздерді Қоянның себетіне жинауға көмек беру. (Құлыншақ)



Ойын №3 «Шелекті қарға толтыр». (Аққу)

Мазмұны: Екі топтың үлкен балалары күрекпен шелекке қарды толтыру керек.

Балалар, біз келесі ойынды ойнамас бұрын жұмбақ шешейік.

Сол жұмбақтың шешуі арқылы келесі ойынымыздың атауын анықтаймыз.

Шелек қалпақ басында,

Сәбіз екен танауы.

Қыста қардан жасалар,

Тауып көрші сен оны. (аққала)



Ойын №4 «Апандағы аю».

Мазмұны: Екі ойыншы лентаны кере ұстап тұрады,әр топтан бір-бірден ойыншы шығып,лентаның астымен және тунельден өтіп саңырауқұлақтарды жинау керек. Егер сал дыбысқа Аю оянып кетсе, ойыншы қашып үлгеру керек.



Ойын №5 « Қатырмақ».

Мазмұны:Жалмауыз кемпірмен бірге билеп,әуен тоқтағанда мұздай қатып қалу керек.



Қорытынды: Ойынды қорытындылап, балаларды марапаттау үшін қыс кейіперлері келіп, сыйлықтар таратып балаларды риза қылады.

Достарыңызбен бөлісу:




©engime.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет