Қ А Р Ж Ы Н Ы Ң Ф У Н К Ц И Я Л А Р Ы ұдайыөндірістік функция – қаржылық ресурстарда жүзеге асырылған құнның ұдайы жаңғыртылуы қоғамдық ұдайы өндіріс үдерісін және осы ресурстармен қамтамасыз ету бойынша. Қаржылық ресурстардың ұдайы жаңғыртылуы деп оларды қалыптастыруды, бөлуді және пайдалануды түсінген жөн. Ұдайыөндірістік функция қаржының бағынышты қосалқы категорияларына тән түрлі модификацияларда (қосалқы функцияларда) көрінеді, олар оқулықтың кейінгі тарауларында қаралады;
Қаржының ұдайыөндірістік функциясының қосалқы функцияларының мазмұнын табыстар мен қорларды жасау және пайдалану үдерісінде болып жататын экономикалық қатынастардың сипатымен, сондай-ақ осы үдерістердің қатысушыларының құрамымен түсіндіріледі. Табыстарды жасаудың тікелей көзі материалдық өндіріс сферасында алынатын ұлттық табыс болып табылады. Қаржы ресурстары
экономикалық және қаржы қызметі нәтижесінде, жалпы ұлттық өнімді жасау мен бөлу үдерісінде құралатын ақшалай қаражат, мемлекеттің, кәсіпорындардың, бірлестіктердің, ұйымдардың билігіндегі ақша қаражаты мен қорларының жиынтығы. Қоғамдық жиынтық өнім мен ұлттық табысты қайта бөлу барысында құралады.
Қаржы қорлары
қаржылық әдіспен қалыптастырылған, белгілі бір қажеттіліктерді қанағаттандыруға пайдаланылатын мақсатты ақша қаражаттары
Макродеңгейдегі қаржы ресурстарының түрлері: халықаралық валюта қорының және басқа халықаралық ұйымдарының кредиттері, Ұлттық банктің ішкі кредиттері; салықтар; бюджетке төленетін басқадай төлемдер; бюджеттен тыс қорларға аударылатын аударымдар және өзгедей түрлері.
Микродеңгейдегі қаржы ресурстарының түрлеріне мыналар жатады: шаруашылық жүргізуші субъектісінің таза табысы - пайдасы; амортизациялықаударымдар; кредиттер; сақтық өтеулері; істен шыққан мүлікті сатудан түскен түсім-ақша; орнықты пассивтер; құрылыста ішкі ресурстарды жұмылдыру; серіктестіктер мен кооперативтер мүшелерінің үлестік және басқа жарналары; меншікті бағалы қағаздарды сатудан алынған табыстар; жоғарғы құрылымдардан аударылған қаржы ресурстары; бюджет субсидиялары және басқадайлары.
Қаржы ресурстары Орталықтанған
Орталықтанбаған
бюджет және макродеңгейдегі ұдайы өндірістің қажеттіліктерін қамтамасыз етеді.Мемлекет тарапынан болатын жеңілдікті несиелендіру.
шаруашылық жүргізуші субъектілерде қалыптасады және өндірісті кеңейтуге, кәсіпорын қызметкерлерінің әлеуметтік-мәдени қажеттіліктерін қанағаттандыруға пайдаланылады.
Қаржы механизімі – экономикалық және әлеуметтік даму үшін қолайлы жағдайлар жасау мақсатында қоғам қолданатын қаржы қатынастарын ұйымдастыру нысандарының, қаржы ресурстарын қалыптастырып, пайдалану әдістерінің жиынтығы.
Қаржы механизімінің қосалқы жүйесі оның неғұрлым маңызды қозғаушы күші болып табылады, олар: қаржылық жоспарлау, қаржы тұтқалары мен ынталандырмалары, ұйымдық құрылым және қаржы жүйесінің құқықтық режімі, қаржыны ұйымдастыру.
Қаржы тетігі - шаруашылық тетігінің құрамдас бөлігі; бөлу және қайта бөлу қатынастарының кең жүйесі жүзеге асырылатын табыстар мен қорлану құралатын және орталықтандырылған ақша қорлары құрылып, пайдаланылатын нысандар мен әдістердің жиынтығы. Қаржыны жоспарлауды, қаржыны басқаруды, қаржы тұтқаларымен ынталандырмаларын, қаржы көрсеткіштерін, нормативтерін, лимиттерін, қаржылық сақтық қорларды қамтиды. Қаржы тетігі экономика мен әлеуметтік аяға, мемлекеттің, аймақтардың, жергілікті құралымдардың, шаруашылық жүргізуші субъектілердің қаржы саясатьш жүргізуіне ықпал ету үшін пайдаланылады. Қаржы қатынастарын ұйымдастырудың алуан түрлеріне қарай қаржы тетігінің құрылымы өте күрделі. Қаржы тетігінің блогы (буыны)
Жоспарлары мен баланстары
Қаржы көрсеткіштері
Ұдайы өндірісті қаржылық қамтамасыз ету
Ынталандыру қорлары
Нормативтік актілер
Заңнамалық актілер
Қаржы болжаулары