«Қаржыға кіріспе» пәні бойынша №1 практикалық тапсырма



бет2/4
Дата06.02.2022
өлшемі2,42 Mb.
#51031
1   2   3   4
Байланысты:
ПТ (Қаржыға кіріспе)

Қоғамдық өнімді бөлу

  • Алғашқы бөлу[†] кезінде жиынтық қоғамдық өнімнің жалпы көлемінен орнын толтыру (өтеу) қоры (материалдық шығындар мен амортизациялық аударымдар) шығарып тасталады және жаңадан жасалған құн – ұлттық табысты бөлудің нәтижесінде мемлекеттің, өндірістік сфераның (шаруашылық жүргізуші субъектілердің) және халықтың алғашқы табыстары қалыптасады, олар бөлудің және қайта бөлудің күрделі үдерістеріне ұшырайды, бұл үдерістерде маңызды рөлді қаржы атқарады. Қоғамдық өнім мен ұлттық табысты алғашқы бөлу кезінде қаржы еңбекке ақы төлеу және баға сияқты экономикалық категориялармен тығыз байланыста дамиды.
  • Қайта бөлу салалық, сондай-ақ аумақтық тұрғыдағы шаруашылық жүргізуші субъектілер бойынша қоғамдық өнімді мүшелеудің сан алуан үдерісін қамтиды. Мұның нәтижесінде натуралдық – заттай нысандағы өнімді түпкілікті тұтынуды қамтамасыз ету үшін ұдайы өндіріс қатысушыларының ақшаға деген әр түрлі қажеттіліктері қанағаттандырылып отырады. Бұл ретте қатысушылардың бәрінің табыстары басқалардың шығыстары есебінен қалыптасады және ұлттық табыс қорлану қоры мен тұтыну қорына ие болады. Бірінші жағдайда қаражаттар өндірісті кеңейту үшін немесе материалдық сфера капиталынан, әлеуметтік инфрақұрылымның өндірістік емес қорларынан болатын өндірістік қорлардың (капиталдың) өсімі үшін, резервтер мен сақтық қорларын жасау үшін пайдаланылады.



Достарыңызбен бөлісу:
1   2   3   4




©engime.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет