Сабақ тақырыбы: Кредиторлармен есеп айырысу есебі
1. Кредиторлық берешек есебін ұйымдастыру және есепке алу
2. Кредиторлармен есеп айырысуды есепке алу:
- Бюджетпен есеп айырысу операцияларының есебі
- Жабдықтаушылар және қызмет көрсетушілермен есеп айырысу есебі
1. Кәсіпорындар мен ұйымдар өзінің шаруашылық қызметі барысында меншікті капиталдарымен қатар басқа қатыстырылған капиталдарды да қолданады. Бұл қарастырылған капитал бухгалтерлік есепте міндеттемелер деп аталады. Кез келген өндіріспен айналысатын ұйым сол өнімді өндіру үшін қажетті шикізаттар мен материалдар алғаны үшін жабдықтаушылар мен мердігерлердің алдында міндетті болса, саудамен айналысатын ұйымдар өзінің сататын жеткізіп беруші, яғни қызмет көрсетуші ұйымның алдында қарыз болуы мүмкін. Тіпті ұйымның өз қарамағындағы жұмыс істейтін жұмысшылары мен қызметкерлеріне олардың істеген еңбегі үшін, сондай-ақ бюджетке түрлі салықтар үшін қарыз немесе оның алдында міндеттемесі болуы мүмкін. Кредиторлармен есеп айырысудың есебі 3 бөлім «Қысқа мерзімді міндеттемелер», 4 бөлім «Ұзақ мерзімді міндеттемелер» шоттарында жүргізіледі.
2. Бюджет жалпы мемлекеттік тұрғыдан бөлініп пайдалану, жұмсау үшін құрылатын қаржы қоры болып табылады. Бюджеттің қаржысы экономиканы дамытуға, халықтың материалдық әл-ауқатын, мәдени деңгейін көтеруге және басқа да мақсаттарға пайдаланады. ҚР салық кодексіне сәйкес жеке және заңды тұлғалардан алынатын салықтар мемлекеттік бюджетті толықтырудың негізі көзі болып табылады. 3100 «Салықтар бойынша міндеттемелер» шотында жүргізіледі.
3110 Заңды тұлғалардан алынатын табыс салығы.Есепті жылда салық салынатын табыстаты бар заңды тұлғалар табыс салығын төлеушілер болып табылады.Табыс салығын төлеушілер қатарына заңды тұлғалар,олардыңфилиалдары және оқшауланған бөлімшелер кіреді.
3120 Жеке тұлғалардан ұсталынатын табыс салығы. Есепті жыл бойы салық салынатын табысқа ие болған жеке тұлғалар салық төлеушілер болып табылады.Жеке тұлғалардың жылдық жиылтық табысына еңбекақы түрінде алынатын табыстар,кәсіпкерлік қызметінен алатын табыстары,жеке тұлғалардың мүліктік табыстары және тағы басқа табыстары кіреді.
3130 Қосылған құнға салынатын салық.ҚКС тауарларды өндіру,жұмысты орындау немесе қызмет көрсету және олардың айналысы барысында қосылған құн өсімінің бір бөлігін аудару, сондай-ақ осы елге тауарлар импорты кезіндегі аударым болып табылады.
3140 Акциздік (жанама) салық - сатылатын тауардың бағасына қосылатын,сатып алушы төлйтін салық болып табылады. Акциздік салық салынатын тауарларға Қазақстан Республикасының аумағында шығарылған немесе Қазақстан Республикасының аумағына импортталған тауарлар,яғни спирттін барлық түрлері,темкі түрлері,құрамында темекісі бар басқа да өнімдер және күнделікті қолданылмайтын басқа да бұйымдар жатады.
3150 Әлеуметтік салық - заңды тұлғалардың бюджетке төлейтін салықтарының бірі.Оның басқа салық түрлерінен ерекшелігі,бұл салықтың мөлшері кодексінің жұмысшылар мен қызметкерлеріне олардың атқарған қызметі мен орындаған жұмысы үшін есептелетін, еңбекақы төлеу қорына тікелей байланысты болады.
Егер ұйымның иелігінде мүлкі, жер учаскесі, авто көлігі болса, онда оларды пайдаланғаны үшін бюджетке 3160 Жер салығын, 3170 Көлік салығын, 3180 Мүлік салығын төлеуге міндетті.
Кез келген кәсіпорын үзіліссіз және ырғақты жұмыс істеп тұруы үшін оны уақтылы керекті материалдармен жабдықтап отырудың маңызы зор болып табылады. Ұйым өнім өндіруші ұйымдармен өзіне керекті материалдық қорлармен және техникалармен қамтамасыз ету жөнінде келісім-шарттар жасасады. Ұйымды керекті материалдармен және басқа құндылықтармен жабдықтайтын ұйымдармен есеп айырысуының есебі 3310 «Жабдықтаушылар мен мердігерлерге қысқа мерзімді кредиторлық берешек», 4110 «Жабдықтаушылар мен мердігерлерге ұзақ мерзімді кредиторлық берешек» шоттарында жүргізіледі. «Жабдықтаушылар мен мердігерлермен есеп айырысу» шоты бойынша есеп №6 журнал-ордерде жабдықтаушылар мен мердігерлердің әрбір шот-фактурасы бойынша бөлек жүргізіледі.
Негізгі шоттар коррепсонденциясы
№
|
Шаруашылық әрекеттер мазмұны
|
Дебет
|
Кредит
|
1.
|
Жабдықтаушылардан материалдар келіп түсті:
|
1310
1420
|
3310
|
2.
|
Жабдықтаушыларға тиісті ақша қаражаттары аударылды
|
3310
|
1010, 1030
|
3.
|
Еншілес ұйымдар, қауымдастырылған және бірлескен кәсіпорындар, филиалдар және құрылымдық бөлімдерден материалдар келіп түсті
|
1310
|
3320-3340
|
4.
|
Ұйымның негізгі өндіріс жұмысшыларына және қызметкерлеге төлемақы есептелінді
|
7110, 8110
|
3350
|
5.
|
Әкімшілік басқарумен байланысты қызметкерлердің еңбек ақысы есептелді
|
7210
|
3350
|
6.
|
Жеке тұлғалардан жеке табыс салығы ұсталынды
|
3350
|
3120
|
7.
|
Жұмысшыларға кассадан төлемақы берілді
|
3350
|
1010
|
8.
|
Жер салығы, көлік құралына салық және басқа да міндетті төлемдер есептелінді
|
7210
|
3160-3190
|
9.
|
Бюджетке салықтар, салымдар мен басқа да міндеттемелер өтелді
|
3110-3190
|
1010, 1030
|
10.
|
Бюджетке артық төленген салықтар мен басқа да міндеттемелік төлемдер сомасы қайтарылды
|
1010, 1030
|
3110-3190
|
11.
|
Жинақтаушы зейнетақы қорына міндетті зейнетақы аударымы ұсталынды
|
3350
|
3220
|
Бақылау сұрақтары:
1. Кредиторлық берешек есебін ұйымдастыру және есепке алуға қысқаша мәлімдеме беріңіз.
2. Әлеуметтік салық дегеніміз не?
3. Заңды тұлғалардан алынатын табыс салығына мысал келтіріңіз.
4. Акциздік (жанама) салық дегеніміз не?
5. . Кредиторлармен есеп айырысуды есепке алу нешеге бөлінеді?
Достарыңызбен бөлісу: |