Хронологиялық регистрлар операцияларды хронологиялық жазу үшін арналған, яғни, операцияларды бейнелеу толықтығын тексеруде бақылау функциясын атқарады.
Жүйелік регистрлар операцияларды жүйелі түрде жазуға арналған. Оларда операциялар белгілі белгілері бойынша топталады.
Есептік цикл- қаржылық есеп берушілікке апаратын оның алдында жасалатын бірізді қадамдардың сериясы
Чек - -шот иесінің банкке көрсетілген соманы нақты ақшамен жалақыға, іссапар, шаруашылық операциялары және басқа да шығындарға беру жөніндегі бұйрығы.
Аккредитив – сатып алушыға қызмет ететін банк мекемесінің осы кәсіпорынды жабдықтайтын шаруашылық субъектісіне қызмет көрсететін банк мекемесіне тауарлардың жіберілгендігін немесе қызметтердің көрсетілгенін дәлелдейтін құжататр бойынша төлем төлеу жайлы тапсырмасы.
Инвестициялар - өнеркәсіптің, кұрылыстың, ауыл шаруашылығының және экономиканың баска да салаларының кәсіпорындарына капитал түрінде салынып, жұмсалатын шығындардың жиынтығы.
Нақты инвестициялар — бұл кәсіпорынның негізгі капиталын және материалдық-өндірістік корын өсіруге салынатын салымдар.
Қаржылық инвестициялар — бұл субъектінің табыс алу мақсатында пайдаланатын активі (мысалға, пайыздар, роялтилер, дивидендтер және жалға ақысы), инвестицияланған капиталдың өсімі немесе алынатын басқа да олжалар (мысалға, коммерциялық мөміленің нәтижесі).
Саудалық дебиторлық қарыздар – негізгі қызмет нәтижесінде сатылған тауарлар мен қызметтер үшін сатып алушылардың міндететмелі сомалары.
Саудалық емес дебиторлық қарыздар- басқа да қызмет түрлері нәтижесінде пайда болады.
Материалдық емес активтер - табиғи негізі жоқ, бірақ құндық бағасы бар және табыс әкелетін қасиеттері бар ұзақ мерзімді пайдаланылатын объектілер.
Негізгі құралдар - ұзақ уақыт жұмыс істейтін материалдық-заттық құндылықтар (ғимараттар, өткізгіш тетіктер машиналар, жабдықтар, көлік құралдары, құрал-саймандар, өндірістік және шаруашылық мүлкі, жұмысқа пайдаланылатын және өнім беретін мал және басқалар).
Актив – бұл құндық бағасы бар субъекттің құқығы мен жеке мүліктік және мүліктік емес игілігі. Активтер болашақта жүзеге асатын экономикалық олжа ретінде көрсетіледі.
Міндеттемелер – бұл өткен мәміленің нәтижесі, ол жүзеге асқандықтан қарызданушының міндеттемесінің пайда болғанын, белгілі бір әрекеттің кредитор пайдасына жасалатындығын көрсетеді
Достарыңызбен бөлісу: |