Бақылау сұрақтары:
Тауарлы материалдық құндылықтарды түгендеу
Түгендеу нәтижелерін реттеу тәртібі
Материалдық құндылықтардың қоймадағы есебін ұйымдастыруы?
Сабақ тақырыбы:Материалдық құндылықтардың қоймадағы есебін ұйымдастыру.
Материалдардық құндылықтардың қоймадағы есебі
ТМҚ қоймадағы есебін ұйымдастыру
Қойма шаруашылығының жақсы жағдайы ТМҚ-ң есебін дұрыс ұйымдастырудың маңызды шарты болып саналады. Қойма ішінде материалдардың әрбір тобы, топшасы мен түрі белгілі бір жерде сақталуға тиіс. Сақтайтын әрбір жерге материалдық затбелгі бекітіледі.
Басшылық бұйрығымен қоймада жұмыс істейтін материалды жауапты тұлғалардың тізімі бекітіледі. Олармен материалдық жауапкершілік шарт жасалады. Есепті тікелей осы адамдар жүргізеді. Материалдық құндылықтардың қоймалық адамдар жүргізеді. Материалдық құндылықтардың қоймалық есебі 3 әдістің біреуімен ұйымдастырылуы мүмкін.
1-әдіс.
Сандық-сомалық есеп әдісі.Бұл әдіс қорлар номенклатурасы кішігірім, шағын кәсіпорындарда жүргізіледі. Бұл кезде қоймада және бухгалтерияда материалды қорлардың әрбір номенклатуралық нөміріне сандық-сомалық есептің карточкалары ашылады.
Материалдық қорлардың қозғалысы жөніндегі құжаттың әрбір дерегі карточкаға жазылады. Ай соңында карточкалардың жиыны шығарылып, олар жылдық, сорттық, айналымдық ведомостқа көшіріледі. Осы өте кең ауқымды және талдамалық есептегі жазулар санын арттырады.
2-әдіс.
Сальдолық әдіс. Материалдық қорлардың есебін қойма меңгерушісі жүргізеді. 1 қаңтарда бухгалтерия материалдардың қоймадағы есебінің М17 нысанындағы карточкаларын ашады. Мұнда әрбір номенклатуралық нөмірге 1 қаңтардағы қалдық сандық өлшеммен енгізіледі.
Карточкалар тізімі бойынша қойма меңгерушісіне беріледі, ол келіп түскен материалдық құндылықтарға кіріс құжатын толтырады және шығыс құжаттарына сәйкес оларды босатады. Қойма есебі карточкаларының жүргізілуін бухгалтерия қадағалайды.
Қойма қызметкерлері аптасына немесе он күнде 1 рет тікелей қоймада қойма меңгерушісінің қатысуымен қойма операциялары бойынша бастапқы құжаттар мен карточкалардағы жазудың мерзімділігі мен дұрыстығын тексеруді жүзеге асыруға міндетті.
Тексеру қойма меңгерушісінің бухгалтерияға бастапқы құжаттарды табыс етуімен ұштасады. Өткізілетін құжаттардың деректері М18 нысанындағы құжаттарды қабылдау-өткізу тізіміне енгізіледі, бұл жерде олардың нөмірі мен саны көрсетіледі. Тізілім құжаттарды қоса отырып, 1 данада жасалады.
3-әдіс.
Материалдың есеп берулер әдісі.
Қойма меңгерушісі қоймада тізімде тұрған материалдардың барлық номенклатурасы бойынша ай басындағы қалдық, кіріс, шығыс және ай соңындағы қалдық келтіріледі.
Алғашқы құжаттары қоса берілген материалдық есептемеге осы жасаушы қол қояды және есепті айдан кейінгі айдың 3 күнннен кешіктірместен бухгалтерияға тапсырады. Онда оны жасаудың дұрыстығы тексеріледі, кірістелген, берілген және жұмсалған материалдардың саны бухгалтериядағы деректермен салыстырылады.
Достарыңызбен бөлісу: |