Бақылау сұрақтары:
Материалдың есеп берулер әдісіне қысқаша түсініктеме бер
Материалдық құндылықтардың қоймалық есебінің неше әдісі бар, ата
ТМҚ қоймадағы есебін ұйымдастыруды қалай түсінесің,анықтама бер
Сальдолық әдіс дегеніміз не?
Сандық-сомалық есеп әдісіне мысал келтір
5-Тарау Еңбектің және оның төлемақысының есебі
Сабақ тақырыбы: Еңбек есебінің міндеті және оның нысандары
Жоспар:
Еңбек есебінің міндеттері
Еңбек есебінің нысанданры
Еңбек есебінің түрлері
1.Еңбектің және төлемақының есебі-жұмыс уақытының шығындары, жұмысшылар санының өзгеруін көрсететін, нақты және жедел түрде берілетін мәліметтер негізіндегі жұмыс түрінің ең маңызды бөлімшесінің бірі.
Еңбек төлемақысы-бұл лауазымдық нұсқаулар және еңбек келісім шартымен бекітілген жұмысшылардың орындаған жұмыс көлеміне байланысты төлемі. Еңбек төлемінің маңызды мақсаттары:
Жұмысшылардың қызығушылықтарын, оның еңбегінің нәтижесінде жоғарлату құралы болып табылады;
Еңбек өнімінің көлемін жоғарлату құралы;
Шығарылатын өнімнің көлемін ұлғайту;
Шығарылатын өнімнің сапасы мен ассортиментін жақсарту.
Еңбектің және оның төлем ақысының бухгалтерлік есебін дұрыс жүргізуде келесілерге бақылау жасалады:
Жұмысшылардың саны мен уақытын қолдануына;
Жұмысшылардың жұмыс күндерін дұрыс құжатты рәсімдеуіне;
Еңбек төлемін уақытында есептеу және бекітілген мерзімде берілуіне;
Жеке табыс салығын уақытында ұстауына;
Әлеуметтік салықтың аударылуымен бюджетке аудармасы;
Калькуляция объектілері бойынша еңбек көлемін таратуына;
Еңбек бойынша еңбек бөлімінің құрылуы және оларды сәйкес органдарға көрсетілуіне.
Еңбек және еңбекақы есебі ҚР-ң Еңбек Кодексіне сәйкес жүргізіледі. Бұл Кодекс 2007жылы 15 мамыр №252-ІІІ бекітілген. Қолданысқа 2008 жылдың 1 қаңтарынан бастап енгізілді.
2.Еңбекақының 2 негізгі нысаны пайдалынады:
I. Кесімді ақы төлеген кезде алдын-ала белгіленіп қойған деңгейде әзірленген өнімнің немесе орындаған жұмысшылардың әрбір бірлігіне есептейді.(кг, тонна, км)
Кесімді еңбек ақы жүйелері:
а) Тікелей кесімді еңбек ақы;
б) Кесімді-сыйлық;
в) Кесімді-үдемелі;
г) Жанама кесімді;
д) Аккордтық кесімді.
Тікелей кесімді еңбекақы жүйесінде жалақы дайындалатын өнімнің кез
Келген санына белгіленген кесімді баға бойынша орындалған жұмыс (дайындалған өнім) үшін есептеледі. Еңбекақы жұмысшының дайындаған өнім санына арналған белгіленген бағаларға көбеуту жолымен анықталады. Сонымен бірге еңбекақы әрбір өндірілген бұйым бірлігі үшін бір ғана сол бағалау бойынша төленеді.
Сыйақылы кесімді еңбекақы жүйесінде жұмысшының жалақысы нақты өнімділік үшін есептелетін негізгі (тікелей) кесімді бағалау бойынша еңбекақыдан құралады және белгіленген сыйлықақы көрсеткіштерін (өндірістік жоспарды, нормаланған тапсырманы және өнімділік нормасын орындау және асыра орындау; өнімнің сапасын көрсету, шикізатты, отынды, энергияны, материалды үнемдеу; жабдықтау жұмысының технологиялық тәртіптемесін (режимін) сақтағаны ұшін есептелетін сыйлықақы төленеді.
Үдемелі-кесімді еңбекақыда жалақы өнімдердің жоспарлы саны үшін-тікелей кесімді бағалау бойынша емес, өнімді нормадан тыс өндіргені үшін-үдемелі өсу бағасы бойынша есептеледі.
Жанама-кесімді еңбекақыда қосалқы және басқа өндірістегі жұмысшылардың еңбекақы көлемі олардың негізгі өндіріс жұмысшыларына қызмет етудегі жұмысқа жанама әсерін тигізетін еңбек нәтижесіне байланысты есептеледі.
Аккордтық еңбекақы жүйесі әр түрлі мамандықтағы жұмысшылардан құралатын бригаданың жөндеу және басқа жұмыстарды орындау барысында қолданылады. Бұл жүйеде жалақы алдын ала белгіленген нормалардан тапсырма (уақыт нормасы, өнімділік нормасы) бойынша барлық жұмыс көлемінің орындалуымен анықталады. Бухгалтерия нақты еңбекақыны жұмыс істелген әрбір уақыт ішіндегі сағат санына және жұмысшылардың разрядына cәйкес бригада мүшелеріне бөледі. Бұл жағдайда сыйлықақы сапалы сақтау барысындағы жұмысты орындау уақытын қысқарту үшін жүргізіледі. Көтеріңкі еңбекақы жүктеліммен (нарядпен) ресімделеді. Бригада мүшелерінің өтініші бойынша көтеріңкі еңбекақы оларға тең бөлінуі мүмкін.
II. Мерзімді еңбек ақы-нақты істеген уақыты үшін еңбекақының мөлшері немесе тарифтік мөлшерлемесі бойынша еңбеккерлерге есептелетін жалақы нысанын айтады.
Жүйелері:
а) Жай мерзімдік жүйесі
б) Сыйақылы мерзімдік жүйесі
Достарыңызбен бөлісу: |