«Қаржылық есеп» ПӘнінен оқУ-Әдістемелік қҰралы семей-2014 Мазмұны



бет30/58
Дата24.01.2023
өлшемі255,55 Kb.
#166298
1   ...   26   27   28   29   30   31   32   33   ...   58
Байланысты:
ФУ КАЗ

Бақылау сұрақтары:



  1. Еңбек ақылық ұйымдардың неше нысаны пайдаланылады?

  2. Кесімді еңбекақы кезінде қандай жүйелер іске асады?

  3. Көтеріңкі еңбекақы жүйесіне анықтама бер

  4. Мерзімді еңбекақы дегеніміз не?

5. Мерзімдік енбекақыға қысқашап түсініктеме бер


Сабақ тақырыбы: Жұмыс уақытының есебі



  1. Еңбек төлемақысы – бұл лауазымдық нұсқаулар және еңбек-келісім шартымен бекітілген жұмысшылардың орындаған жұмыс көлеміне байланысты төлемі.

Іс жүзінде еңбекақыны ұйымдастырудың 2 негізгі нысаны пайдаланылады:

  1. кесімді – кесімді еңбекақы төлеген кезде алдын-ала белгіленіп қойған деңгейде әзірленген өнімнің немесе орындаған жұмыстың әрбір бірлігіне есептейді (кг, т, км.)

  2. мерзімді – нақты істеген уақыты үшін еңбекақының мөлшері немесе тарифтік мөлшерлемесі бойынша еңбеккерлерге есептелетін жалақы нысаны.

Жүйелері:

Еңбек төлемінің 2 түрі бар:



  1. негізгі – кесімді және мерзімді еңбекақы нысаны кезінде негізгі жұмысқа жасалатын еңбек төлемі;

  2. қосымша – нормативтік еңбек жағдайына байланысты жүргізілетін ауытқушылықтар үшін еңбек төлемі.




  1. Жұмыс уақытың төлемі – жұмысшылар мен қызметкерлердің жұмыс істеген уақыты бойынша еңбекақысын есептеуге арналған. Табельді өкілеттігі бар адам бір дана етіп жасайды, олар құжатталған соң бухгалтерияға өткізіледі. Табельдерде ұйымның әр құрылымының өкілдері бойынша жұмысшылар мен қызметкерлердің жұмысқа келмегені, жұмыстың тоқтап қалғанына байланысты белгіленген шартты белгілерді қою арқылы толтырылады. Барлық әрекеттер табельде тиісті белгілермен көрсетіледі:

  • іс сапардағы жұмысшылар мен қызметкерлер үшін – І

  • демалыстағы жұмысшылар мен қызметкерлер үшін – Д

  • жұмыстан себепсіз кешіккен жұмысшылар үшін – С және т.б. да белгілер қолданылады.

Табельде жұмысшылар мен қызметкерлердің тек қана жұмысқа келген немесе жұмысқа келмеген күнін белгілеп қана қоймай, олардың жұмысқа кешіккенін, мерзімінен тыс жұмыс істеген уақытын, жұмыс істеудің белгіленген уақытын және т.б. себептерді есептеу үшін белгілер қойылады.


Достарыңызбен бөлісу:
1   ...   26   27   28   29   30   31   32   33   ...   58




©engime.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет