Есеп саясаты – ұйымның бастапқы бақылауын жүзеге асыру үшін таңдап алынған тәсілдер жиынтығы, құндық өлшемдері, ағымдағы топтастыруы және бухгалтерлік есептегі шаруашылық қызметіне жасалған қорытынды шығару фактілері.
Кәсіпорынның өзінің Есеп саясатын құруы барысында бұйрық немесе жарлық бойынша қажетті құжаттар тізімін бекітуі керек. Құжаттарға келесілер жатады:
синтетикалық және аналитикалық шоттардың жұмыс жоспары;
Кәсіпорынның есеп саясаты сол кәсіпорында қолданылатын бухгалтерлік есеп жүйесінің тұтастығын және оны құраушы әдістемелік, техникалық, ұйымшылдық жақтарының барлығын қамтиды.
Кәсіпорынның есеп саясаты осы ұйымның құрылған уақытында дайындалады. Оны дайындаумен кәсіпорынның бас бухгалтері және арнайы есеп бөлімі айналысады. Есеп саясатын кәсіпорынның басшысы өзінің бұйрығымен немесе үкімімен бекітеді.
Есеп саясатының басты міндеті – кәсіпорынның қызметін барынша пара-пар көрсету, іс мүддесі үшін осы қызметтің тиімділігін реттеу мақсатында толық, объективті және шынайы ақпаратпен қалыптастыру.
Кәсіпорынның есеп саясатына енгізілген өзгертулер осы ұйымның басқару құжаттарымен, яғни бұйрық, өкім немесе қаулыларымен рәсімделуі қажет. Ұйымның қабылдап бекіткен есеп саясаты сол кәсіпорынның қызмет атқару барысында қолданылады. Оған өзгеріс енгізу мынадай жағдайларда жүргізілуі мүмкін:
ҚР-ң бухгалтерлік есеп және қаржылық есеп беру туралы заңының өзгеруіне сәйкес;