Резервтік капитал — акционерлерлік коғамның және басқа да тараптардың таза табысының есебінен қалыптасатын меншік капиталының бір бөлігі. Резервтік капитал субъектінің негізгі (оперативтік) кызметінен алынған зияндарын жабуға және ағымдағы табыс жеткіліксіз болған жағдайда, дивиденттерді төлеуге пайдаланылады. Резервтік капиталды құрау және оны пайдалану құрылтайлық құжаттармен және қолданыстағы заңдармен анықталады. Резервтік капитал жарлық капиталымен және басқа да қаражатгармен бірге бухгалтерлік баланстың пассивінде көрініс табады және ол кәсіпорынның меншікті капиталы болып табылады.
Резервтік капиталды құрудың негізгі мақсаты акция құнының төмендеуі тәуекелі туындаған жағдайда жарғылық капиталдың белгіленген мөлшерін ұстап тұру, себебі жарғылық капитал осы резервтер есебінен толып отырады. Резервтік капитал ұйымның мемлекеттік тіркеуден өткеннен кейін екі жыл ішінде қалыптасуы керек.
5500 «Резервтер» кіші бөлімі резервтерді есепке алуға арналған, ол қаржылық есептілік стандарттарының талаптарына сәйкес, сондай-ақ құрылтай құжаттарына және ұйымның есепке алу саясатына сәйкес капиталдың шоттарында көрсетіледі және шоттардың мынадай топтарын қамтиды: 5510,5520,5530,5540,,,
13.Активтерді қайта бағалауға кеткен резерв есебі
Қайта бағалауға арналған резерв – бұл инфляцияға байланысты негізгі құралдарды, материалдық емес активтерді, қаржылық активтерді және басқа да активтерді қайта бағалаудың нәтижесінде алынған сома.
Аталған активтерді қайта бағалаудан алынған резервтерді активтер бойынша жеке көрсетіп, бақылауды күшейту мақсатында бухгалтерлік есеп шоттарының үлгілік жоспарында жеке шоттар қарастырылған.
Негізгі құралдарды, ұзақ мерзімге жалға берілген негізгі құралдарды қосқанда, аяқталмаған күрделі құрылыс және орнатуға арналған жабдықтарды қайта бағалауды заңдарға сәйкес мекеме өз бетімен инфляцияның нәтижесінде активтердің құнының өсуіне байланысты жүргізеді. Сондай-ақ , мекеме негізгі құралдарды индексациялау жүргізуге құқылы. Бағалар тиісті құжаттармен немесе эксперттік жолмен расталуға тиіс.
Негізгі құралдарды (жерден басқа) қайта бағалау кезінде 2410 шоты дебеттеліп, 5420 шоты кредиттеледі, негізгі құралдардың қайта бағалауына байланысты олардың тозу сомасы ұлғайғанда 5420 шоты дебеттеліп, 2420 шоты кредиттеледі.
14.Жарғылық капиталдың қалыптасуы және оның есебі
Капитал – бұл дара кәсіпкер тұлғаның немесе ұйымның активтеріндегі барлық міндеттемелер шегеріліп тасталғаннан кейінгі қалған үлес. Меншікті капиталдың қаржылық есебінің негізгі мақсаты ресурстарды дұрыс қолдану мен сақтауда бақылаудың болуы. Бұл мақсатқа жету үшін қаржылық есеп мыналарды бақылауға қамтамасыз етуі тиіс:
- жарғылық капиталға қатысушылардың үлестерін уақытында және толық қабылдап алу;
- мерзімінде, толық және дәл көрсетілген жарғылық капиталдың немесе оның әр түрлерінің жалпы сомаларының өсуі немесе кемуі жайлы өзгерістерді айқындап отыру;
- меншіктік акцияларды сатудан (эмиссиялық кіріс) түскен табыстарды алу;
- инфляцияға байланысты негізгі құралдарды, инвестицияларды және басқа да активтерді қайта бағалаудан кейін капиталдың сомасын уақытында және дәл анықтау;
- резервтік капиталдың уақытында және дұрыс құрылуы мен оны дұрыс қолдану;
- алдыңғы есеп беру жылы мен есеп беру жылында пайда болған бөлінбеген кіріс (жабылмаған залал) сомаларын дұрыс анықтау және көрсету.
Шаруашылық серiктестiктердiң жарғылық капиталына салынатын салымдары, ақша да, бағалы қағаздар да, мүлiк те, мүлiктiк құқық та және басқа да мүлiктер (интеллектуалдық қызметтiң нәтижесiнде берiлген құқын да қоса алғанда) болуы мүмкiн.
Акционерлік қоғам мен жауапкершілігі шектеулі серіктестіктің жарғылық капиталы үш негізгі функцияны атқарады:
- ол бастапқы капитал болып саналады, яғни қоғам қызметі үшін мүліктік негіз;
- ол барлық құрылтайшылардың (акционерлер, қатысушылар) салымдарының үлесін анықтауға мүмкіндік береді, себебі жиналыста қатысушының дауыс беру саны мен оның табысының мөлшері осыған сәйкес;
- жарғылық капиталдың көлемі қоғамның үшінші тұлғалар алдындағы міндеттемелерін орындауға кепіл береді, сондықтан оның минималды көлемі заңмен бекітіледі. Акционерлік қоғамның жарияланған жарғылық капиталының ең аз деңгейдегі көлемі – бір айлық есеп айырысу көрсеткішінің 50 000 есе мөлшерін құрайды және мемлекеттік тіркеуден өткен күннен кейін 30 күннің ішінде төленуі керек.
Жарғылық капиталдың нақты барын және оның қозғалысы туралы ақпараттарды жалпы қорытындылау үшін бухгалтерлік есеп шоттарының 5000 «Жарғылық капитал» бөлімшесінің шоттарында жүргізіледі:
5010 «Артықшылығы бар акциялар» - мұнда акционерлік қоғамның төленген эмиссияланған артықшылығы бар акцияларының жиынтық атаулы құны көрініс табады;
5020 «Қарапайым акциялар» - мұнда акционерлік қоғамның төленген эмиссияланған қарапайым жиынтық атаулы құны көрініс табады;
5030 «Салымдар мен пайлар» - мұнда серіктестіктің жарғылық капиталына салымдар мен жарналар көрініс табады.
15.Бөлінбеген және қорытынды табыс есебі
Бөлінбеген пайда (табыс) — кәсіпорынның жалпы кірісінен (пайдасынан) барлық жұмсалған шығындарды (бюджетке төленген салық сомаларын, кірістен (пайдадан) басқадай бағыттарға пайдаланған сомаларын шегеріп тастағандағы қалған бөлігі болып табылады. Кәсіпорынның қорытынды табысынан бюджетке төленетін салықтарын және табыстың есебінен өтелетін басқадай шығындарды төлегеннен қалған сомасы есепті жылдың «Бөлінбеген пайдасы (жабылмаған залалы)» болып табылады.
«Бөлінбеген пайда (залал)» есебі бухгалтерлік есеп шоттарының жұмыс жоспарындағы 5500 бөлімшесіндегі шоттарында жүргізіледі.
5500 «Бөлінбеген пайда (жабылмаған залал)» бөлімшесі бөлінбеген кірісті немесе жабылмаған залалды есепке алу үшін арналған және мынадай шоттардың топтарын қамтиды:
5510 «Есепті жылдың бөлінбеген пайдасы (залалы)» - онда есептік жылдың пайдасы немесе залалы көрсетіледі, сондай-ақ есептік жыл үшін түпкі қаржылық нәтижені қалыптастыру жөніндегі ақпарат жинақталады;
5520 «Өткен жылдардағы пайда (залал)» - онда өткен жылдардағы пайда (залал) көрсетіледі.
16.Ауыл шаруашылығы ұйымдары есебінің мақсаттары.
Ауыл шаруашылық өндірістік цикл басқа салаларға неғұрлым ұзаққа созылады. Ауыл шаруашылық өндірісінде жер негізгі құрал болып табылады. АШ-қ өндірісте өзіндік сипатты құралдары түрінде тірі организмдер- жануарлар мен өсімдіктер қатысады, сондықтан экономикалық және биологиялық факторлардың әрекеті қатар жүріп отырады. Мал Ш-ғы және өсімдік Ш-ғы АШ-қ кәсіорындары қызметінің негізгі саласы болып табылады. Бухгалтерлік есебі ХҚЕС 41 «АШ-қ есебі» стандарттарында қарастырылады.
АШ-қ қорларында сатып алынатын ТМҚ мен өз өнімдерінің қорларына айыра білу көзделеді, бұл ТМҚ бағасын таңдауға әсерін тигізеді. Ағымдық есептегі сатып алынатын ТМҚ ХҚЕС 2 Қорлар сәйкес орташа алынған баға бойынша, ФИФО бағалары бойынша ал синтетикалық есепте – есепке алу бағасы мен көлік дайындау шығыстарынан қалыптасатын нақтылы ӨҚ бойынша көрсетіледі. Ірі дербес шаруашылық кәсіпорындарында мал Ш-ғы шығындарының есебі 8110 Негізгі өндіріс шотында, ал қосалқы АШ-қ кәсіпорындарының шығындары есебі 8310 Қосалқы өндіріс шотында жүргізіледі.
17.Автокөлік ұйымдарындағы бухгалтерлік есептің ерекшеліктері
Автомобильдермен тасымалдауды басқаруға және қызмет көрсетуге жұмсалатын шығыстар, оның көлемі автомобиль паркінің жұмысына әрқашанда қатысты емес тұрақты шығыстар болып саналады. Құрал- жабдықтарды ұстап тұру және пайдалану шығындарды осындай шығыстарға жатады.
Үстеме шығындар келесі номенклатура бойынша топтастырылады:
-Өндірістік жол бойындағы қызметкерлер негізгі және қосымша диспетчерлер, механиктер, техниктердің еңбекақысы
-көмекші және қосалқы жұмысшылар шеберханаларға құрал саймандарды таратушылар, машина жуушылар, жылжымалы құралға техникалық күтім жасау және жөндеу жұмыстарын жүргізетін жұмысшылардан өзге қосалқы жұмыскерлер мен құрал саймандарды жөндейтін жұмыскерлердің еңбекақысы
-оқушылардың еңбекақысы. Жөндеу жұмыстарына есептелген оқушылардың еңбекақысы бұл бапқа жатпайды
-күзет ұстау негізгі және қосымша еңбекақы
-өндіріс ғимараттары мен автокөлік кәсіпорынның аумағын ұстап тұру-жылыту үшін газ, су, бу, отын құны, сондай ақ жарықтандыру электр қуатының құны, канализацияны ұстап тұру шығыстары, жұмыс орнын таза ұстауға жұмсалған материалдар мен инвентарлар құны және т.б.
18.Автокөліктік қызмет көрсетулерден кірістер мен шығыстар есебі.
Автомобильдерді жөндеу және пайдалану процесінде жұмсалатын қосымша материал қандайда бір жөндеу түрлерінің шығындарына немесе техникалық қызмеь көрсету шығындарына жатқызылмайды. Техникалық қажеттіліктер үшін отын электр қуаты және автомобильдер үшін су мен жылуға жұмсалатын отын шығындары, шеберханадағы станоктар мен құрал жабдықтар арқылы техникалық қызмет көрсетіледі. Техникалық және өндірістік құжаттар бланкілері жол сапар бланкілері автобус билеттері квитанциялар пайдалану шығындарына жатады.
Жүргізуші жанар жағар майды толтырып иалған сайын ведомоствоға қол қояды, ал қоймашы босату күнімен жол сапар парақшасынынң номері туралы белгі соғып қояды. Автомобиль кәсіпорындарында жүргізілетін жанар жағар май материалдаоын қабылдау және босату құжаттары негізінде материалды жауапты тұлға материалдық есеп жасайды. Жүргізушілердің кінәсінан артық жұмсалған жанар жағар май құнының орнын толтыру үшін ведомость кәсіпорын басшысвна беріледі. Оның шешімі негізінде белгіленген нормадан артық жұмсалған жанар жағғар май сомасы кінәлі тұлғадан өндіріледі. Белгіленген нормаларға қарсы жанар жағар май материалдарын үнемдегені үшін сыйлықақы еңбекақы қоры шегінде жүргізушілерге төленеді.
19.Құрылыстар өндірісіндегі ұйымдастыру- техникалық ерекшеліктері.
Күрделі құрылыс – жаңа кәсіполрындар салуға, қызмет істеп тұрған өндірістік және өндірістік емес саладағы кәсіпорындарды кеңейтуге, қайта қалпына келтіруге, техникалық жарақтандыруға арналған материалдық өндіріс саласының бірі болып табылады.
Құрылыс өндірісіндегі бухгалтерлік есептің негізгі міндеттері:
- пайдаланылған материалдық ресурстарды, жұмысшылардың еңбек шығынын, құрылыс машиналары мен техникаларыныңқызметтерін дер кезінде, дұрыс және толық құжаттау, құжат айналымының сызбасына сәйкес мәліметтерді уақытында есепте көрсету үшін құжаттарды есеп бөліміне тапсыру.
- Құрылыс-монтаж жұмыстарына жұмсалған шығындарды құрылыс объектілеріне байланысты калькуляция баптары бойынша дұрыс және уақытында көрсету.
- Материалдық, еңбек және қаржылық ресурстардың нормаларының сақталуын бақылау, нақты шығындардың нормадан ауытқуларын және оларды болашақта болдырмау үшін себептерін анықтау.
- Бригаданың, бөлімшелердің және учаскелердің қызмет нәтижелері мен өнімнің өзіндік құндарын төмендету резервтерін анықтау және олардың есебін ұйымдастыру.
- Орындалған құрылыс-монтаж жұмыстары мен аяқталмаған жұмыс көлемін анықтау.
- Қаржылық, статистикалық есепті құру үшін және өндірісті талдау мен бақылау үшін мәліметтерді қалыптастыру.
20.Құрылыстағы монтаждық жұмыстардың орындалу көлемін құжаттармен бейнелеу және есебі.
Құрылыс және монтаждау жұмыстары көлемінің ведомосі (немесе жұмыстар көлемінің ведомосі, жұмыстар ведомосі, ВР) Құрылыс және монтаждау жұмыстары түрлерінің атауын, өлшем бірліктерін және күрделі құрылыс объектісін салу, қайта жаңарту, күрделі жөндеу жөніндегі жұмыстардың көлемін айқындайтын мәтіндік жобалау құжаты болып табылады.
Құрылыс және монтаждау жұмыстарының көлемі сметалық нормалар бірлігімен (м3, м2, т, кг, м, Дана және т.б.) жұмыс құжаттамасының құрамындағы мәтіндік және графикалық құжаттар негізінде (сызбалар, схемалар, спецификациялар және т. б.) элементтік сметалық нормалар мен жекелеген бағалардың техникалық бөлігінде көрсетілген талаптарды ескере отырып анықталады.
Құрылыс және монтаждау жұмыстарының көлемін есептеу келесі тәсілдер мен ережелерді сақтай отырып, жекелеген конструктивтік элементтер мен жұмыс түрлері бойынша жүргізу ұсынылады:
1) белгілі бір ретпен — әрбір келесі қадамдағы жұмыс көлемін анықтау кезінде алдыңғы қадамдағы жұмыс көлемін есептеу нәтижелерін пайдалану (алдыңғы қадамдар);
2) солдан оңға және (немесе) сағат тілі бойынша;
3) жұмыс көлемін есептеуге арналған формулалар бақылау және өзін-өзі бақылау мүмкіндігін қамтамасыз ететін қарапайым болуы тиіс.;
4) жұмыс көлемін анықтау үшін бастапқы деректер жұмыс сызбаларында көрсетілген деректерге сәйкес болуы тиіс.
Жабдықтаушылармен және мердігерлермен есеп айырысу. Жабдықтаушылар мен мердігерлерге шикізат, материал және тауарлы-материалдық қорды жеткізушілер жатады, сондай-ақ әр түрлі қызмет түрлерін көрсетушілер (электр қуатын, буды, суды, газды және т.б. босатушы) жабдықтаушылар мен мердігерлер болып саналады.
Жабдықтаушылар және мердігерлермен есеп айырысу не тауарлы-материалдық құндылықтарды тиеу жұмысын орындағаннан кейін немесе қызмет көрсеткеннен кейін, не олардың ұйыммен келісуі арқылы бір мезгілде немесе олардың тапсырмасы бойынша, не алдын ала төлеуі бойынша жүзеге асырылады. Ұйымның келісімінсіз ризалықсыз тәртіппен газды, суды, жылуды, электр энергиясын есептеу шотының көрсеткіштері негізінде және т.б. есептен шығару арқылы олардың босатылуы үшін есеп айырысу құжатымен төленеді. Есеп айырысу, сонымен қатар, инкассо, аккредитивтер, чектер тәртібімен жүзеге асырылады.
Жабдықтаушылармен есеп айырысу есебі әрбір фактура-шоты бойынша және әрбәр жеке жабдықтаушы бойынша жүргізіледі. Есеп айырысу құжатын алу барысында олар жабдықтаушылармен есеп айырысу кітапшасына жазылады. Төлеу шотына қабылдау бойынша акцепт төлем тапсырмасын жазады және оны есеп айырысу құжаттарымен бірге қаражаттың қайта есептелуі үшін банкке береді.
21.Қаржылық есептің туристік компаниялардағы ерекшеліктері.
ҚР-нда туристік қызмет туралы Заңы бойынша ҚР-нда туристердің құқығы мен мүддесін қорғау мақсатында туроператорлық, турагенттік, экскурсиялық қызметтер, туризмнің нұсқашылық қызмет көрсетулері лицензияланады. Лицензиялау ҚР Үкіметінің Туристік қызметті лицензиялау тәртібі қаулысына сәйкес жүзеге асырылады. Лицензия тур, туроператорлар мен турагенттер туралы деректер туристтік саладағы мемлекеттік тізімге енгізіледі. Туроператорлар мен турагенттер лицензияны алу үшін азаматтық құқық сақтандыру келісім шартын бекітіп, 10 мың айлық есептік көрсеткішінн кем емес сақтандыру сомасын әкелу керек.
Туристтік бизнестегі субъектілердің қалыптасқан шаруашылық жүргізу жағдайында бухгалтерлік есеп жүйесін нақты ұйымдастыру керек, қаржылық есеп беруді пайдаланушыға уақытылы және шынайы жасап ұсынуы қажет. Қаржылық есеп берудің жалпы қабылданған ХС-на сәйкес принциптердің 2 тобы бөлініп көрсетіледі:
-негізгі принциптер есептеу және үздіксіз қызмет
-ақпараттардың сапалы сипаттамалары түсініктілігі, орындылығы, сенімділігі және салыстырылуы.
Есептік саясатқа мыналар қарастырылуы керек: туристтік бизнестегі олардың есептік ерекшеліктері, шоттардың жұмыс жоспары, шаруашылық операцияларын рәсімдеуге қолданылатын бастапқы құжаттардың формалары
22.Турөнімді сатудан түскен кірістен мен шығыстар есебі
Туристерге сатылған туристік өнімдер үшін шот фактура берілді Д1210 К6010
ҚҚСсыз келісілген құны бойынша турөнімді сатудан табыс бейнеленді Д1210 К6010
Турөнімді сату бойынша ҚҚС есетелді Д1210 К3130
Сатылған турөнімнің Өзіндік құны есептен шығарлды Д7010 К1330
23.Сауда ұйымдары және қоғамдық тамақтанудағы есеп
Сауда кәсіпорындағы тауарларды сату, сатып алу, ауыстыру қызметтерімен айналысады, сонымен қатар сатып алушыларға қызмет көрсетуде тауарларды жеткізу, сақтау және сатуға дайындау процесстерін жүзеге асырады. Тауарларды таратумен 3 сауда ұйымы айналысады:
1.Көтерме сауда – тауарларды ірі партиялармен сату және оның бағасы бөлшек саудадан төмен.
2.Бөлшек сауда – тауарларды үлкен емес көлемде тұтынушыға ұсыну
3.Қоғамдық тамақтану кәсіпорындары – бұл кәсіпорын өнім өндіру және бөлшек саудамен жұмысын ұйымдастырады.
Сатып алынған тауарлар есебі 1330 шотында жүргізіледі. Бұл мүліктік активті шоттар. Сатып алынған тауарлардың құны өзіне: сатып алу құнын, баж салығын, коммисиондық марапаталуын,жабдықтаушыларға делдал ұйымдарға төленетін төлемдерін, транспорттық дацындау шығындарын ӨҚ-на кіргізеді.
Қоғамдық тамақтану кәсіпорындарға асхана, үй асханасы, мейрамханалар, т.б. тағам дайындайтын кәсіпорындар жатады. Қоғ там ко меншікті өнім дайындайды. Олар өзінің жұмысын ұйымдастыру үшін лицензия алу керек. Бұндай кәсіпорындар ерекшеліктері: өндіріс процессі сату процессімен тығыз байланысты және өндірілген өнімнің бағасына есеп саясатына сәйкес үстеме бағаны 100 пайыздан 300 пайызға дейін қосады.
24.Ұйымда қаржылық есепті ұйымдастырудың негізгі қағидалары.
Қаржылық есеп берудің негізгі қағидалары болып:
Достарыңызбен бөлісу: |