«Қаржылық есеп» пәнінен сұрақтар
1.Негізгі қызметтен және негізгі емес қызметтен түскен кірістер есебі.
Табыстар – бұл ұйымның негізгі және негізгі емес қызметінің нәтижесі. Негізгі қызметтен алатын табыстардың қатарына: өнімді, жұмысты, қызметті сатқаннан алынған табысы; сондай – ақ тауарлы-материалдық құндылықтардан, жалға беруден, инвестициялық қызметтен түсетін табыстары жатады. Ал негізгі емес қызметтен түскен табыстардың қатарына: негізгі құралды, материалдық емес активтерді, бағалы қағаздарды сатқаннан және бағамдық айырмадан түскен табыстары жатады.
2.Әкімшілік шығындар есебі және оның түрлері
Кәсіпорынға тұтастай алғанда қызмет көрсетуге және оның өндірістік-шаруашылық қызметін басқаруға байланысты жалпы шығатын шығындар жалпы және әкімшілік шығындар болып табылады. Бұл шығындар есебі 7210 «Әкімшілік шығындар» шотында жүргізіледі, жалпы және әкімшілік шығындарды есепке алатын тізімдемеде немесе машинограммаларда жүргізіледі. Оған жазбаларды кәсіпорын бекіткен баптардың номенклатурасына қарай және әзірлік кестелері мен құжаттарынан корреспонденцияланатын шоттар бойынша жазады. Материалдық емес активтер бойынша амортизация есептелгенде: Дебет шот 7210 Кредит шот 2741 Негізгі құралдардың тозуы есептелді: Дебет шот 7210 Кредит шот 2421 Жалпы және әкімшілік шығындарға шикізат және материалдар жұмсалды: Дебет шот 7210 Кредит шот 1310 Әкімшілік қызметкерлерге еңбек ақы есептелгенде: Дебет шот 7210 Кредит шот 3350 Есепті кезеңнің соңында жалпы және әкімшілік шығындардың сомасы қаржы-шаруашылық қызмет нәтижелеріне көшіріліп жазылады: Дебет шот 5610 Кредит шот 7210.
3.Есеп саясатының ұғымы мен құрылуы.
Есеп саясаты – бухгалтерлік есепті жүргізу және қаржылық есеп берушілікті құрау үшін қолданылатын бухгалтерлік есептің әдістерінің, ережелерінің, тәсілдерінің жиынтығы.
4.Нарықтық қатынас жағдайында сыртқы экономикалық қызметтінің негізгі бағыттары.
Нарықтық қатынастардың дамуы жағдайларында кәсіпкерлік қызмет ішкі нарықпен шектеліп қала алмайды. Тауарларды сатып алу және сату, жұмыстарды орындау немесе қызметтер көрсету үшін кәсіпкерлер халықаралық нарыққа шығады, яғни сыртқы экономикалық қызметті жүзеге асырады.
Заң шығарушы тұрғысынан алғанда, «сыртқы экономикалық қызмет» - бұл экспорт, қайта экспорт, импорт, қайта импорт және өнім тасымалдау бойынша жүргізілетін қызмет.
сыртқы экономикалық қызмет» - ол субъектілердің тауарлар (қызметтер) экспорты, импорты, шетелдік инвестициялар, сақтандыру, республиканың нарықтық экономикасын құру және қалыптастыру мақсатында материалдық және басқадай өндіріс саласында бірлескен кәсіпкерлік қызметі, республиканың әлемдік экономикаға ену, ал, ең бастысы, республика халқының қажеттіліктерін қанағаттандыру мәселелері бойынша жүргізілетін қызмет деп түсініктеме берілген. Мұндай қызмет коммерциялық сипатта немесе коммерциялық емес сипатта болуы мүмкін. Сыртқы экономикалық кәсіпкерлік қызметтің бір түрі сыртқы сауда қызметі болып табылады.
Сыртқы сауда қызметі – бұл тауарларды, жұмыстарды, қызметтерді, ақпаратты, зияткерлік шығармашылық қызмет нәтижелерін халықаралық айырбастау саласындағы кәсіпкерлік қызмет.
Экспорт (лат. exportare – шығару‚ әкету) – тауарды‚ капиталды‚ жұмыстарды‚ қызметтерді‚ зияткерлік қызмет нәтижелерін‚ соның ішінде оларға айрықша құқықтарды сыртқы нарықтарға өткізу үшін шетелге әкету. Түрлері: тауарлар‚ бұйымдар‚ материалдық‚ заттай игіліктер экспорты; шетелдік серіктеске өндірістік сипаттағы және тұтыну мақсатындағы қызметттерді көрсету;
Импорт[1][2] (латынша: іmportare – әкелу) – ішкі рынокта өткізу үшін елге шет елдерден тауарлар, технологиялар әкелу.
Импорт құрылымы белгілі бір елдің табиғат жағдайларының ерекшеліктерімен‚ оның экономикасының дамуымен және оның халықаралық еңбек бөлінісіндегі рөлімен айқындалады. Экономиканы индустрияландыру‚ технологияларды жаңарту үшін шетелден машиналар мен жабдықтарды әкелудің маңызы зор.
Импортқа ерекше кеден тәртіптемесі‚ салық төлемдері‚ лицензиялар‚ т.б. белгіленеді. Бір елдің импорты екінші елдің экспортына тең болады.
5.Тауарлардың реимпорты бойынша операция есебі. Толлингтік операция есебі.
Реимпорт — бұрын шет жерге шығарылған және ұқсатуға ұшырамаған (сатылмаған, жарамсыз деп табылған және т.б.) отандық тауарларды елге қайта әкелу жиынтығы. Олардың болмауы реквизиттің заңды күшін жояды.
Бұл операциялар Қазақстан Республикасында да (материалдар мен одан тысқары жерлерде де (материалдар мен орын алуы заңына сәйкес, кеден бекетінен өтеді, сондықтан кедендік тәртіпте операцияларды жүзеге асырған кезде бір кәсіпорны («Тапсырыс беруші») өзара жасасқан шартта анықталған төлем бойынша басқа бір сол (немесе әкелінген) шикізатты тапсырады, «Тапсырыс беруші» берген бұл шикізаттан өтімділігі бар тауарлар алып, содан соң немесе үшінші бір елдерге апарады.
Толлингтік операциялар пен өңдеу; тауарларды өңдеу, оған қоса оларды монтаждау және құрастыру; өтімділік тауарларын өндіруде қолданылатын материалдар мен тауарларды пайдалану жөнінде қызметпен байланысты басқа да операциялардың есебі
Сыртқы экономикалық сай, көрсетілуі мүмкін. Сыртқы экономикалық қызметтегі бұл салу тәртібі болып табылады. Мысалға, қазақстандық кәсіпорындарының сату орны. Республикасы болмаса онда оларға қосылған құн салығы салынбайды.
6.Қаржылық есептіліктің сипаттамасы және оның мағынасы
Ұйымдардың қаржылық есеп берушілігі келесідей түрде болады:
- бухгалтерлік баланс;
- табыстар мен шығындар туралы есеп;
- ақшаның қозғалысы туралы есеп;
- меншікті капиталдағы өзгерістер туралы есеп;
- есеп саясаты және түсіндірмелік жазба туралы ақпарат.
Қаржылық есеп берушілікте келесілердің аттары жазылады:
-ұйымдардың аттары;
-ұйымның мекен-жайы;
-қызметтің түрлері;
-есеп аты;
-күні (бухгалтерлік есеп үшін) немесе уақыт кезеңі (қаржы-шаруашылық қызмет нәтижелері туралы есеп);
-қаржылық есепте көрсетілген өлшем бірлік.
7.Бухгалтерлік баланстың құрылымы мен мазмұны
Бухгалтерлік баланс есепті кезеңге кәсіпорынның қаржылық жағдайын көрсетеді, ол баланстық теңдікпен тікелей байланысты. Бухгалтерлік баланс үш элементтен тұрады: активтер, міндеттемелер және меншікті капитал.
Достарыңызбен бөлісу: |