Нақты ақша жарнасына берілетін хабарлама - шот иесінің банктегі оның шотына қосып есептеу үшін түсім қаражаттарын және нақты ақшамен салынатын басқа да сомаларды банкке қабылдау жөніндегі бұйрығы. Қабылданған ақшаға банк түбіртек береді, ол кассаның шығыс ордеріне қоса тіркеледі .
Төлем тапсырыстары негізінде банк төлеуші ұйымның ағымдағы банктік шотынан ақша қаражаттарын алып, яғни есептен шығарып, алушының есеп айырысу шотына аударады. Орындалған жұмыс пен көрсетілген қызмет үшін сомалар алуға жабдықтаушы – кәсіпорын төлемдік талап тапсырысты жазып, оны қызмет көрсететін банкке инкассоға өткізеді. Бұл құжаттарды жабдықтаушы банкі төлеуші банкіне жібереді. Төлеуші 3 күн ішінде оны акцептке алуға немесе акцептіден бас тартуға міндетті. Акцепт басша мен бас бухгалтердің қол қоюы және мөр басуы арқылы жүзеге асырылады.
Банк мекемесі өзі қызмет көрсететін ұйымдармен келісе отырып, белгіленген мерзімде оларға шоттың көшірмесін жіберіп отырады. Осы көшірмемен бірге банктік шот бойынша жүргізілетін операциялардың негізі болып саналатын есеп айырысу құжаты да бірге беріледі. Көшірмеде ұйымдардың шотындағы қаржының ай басындағы және соңындағы қалдығы және операция бойынша есеп айырысу шотына келіп түскен және шығындалған қаржы сомалары көрсетіледі. Ұйымдардың бухгалтериясында банк мекемесі берген шоттың көшірмесінде жазылған сомалардың дұрыстығы және олардың көшірмемен бірге берілген құжаттарға сәйкестігі тексеріледі. Ұйымдардың ағымдағы банктік шотындағы ақшалардың жұмсалуы №2 журнал- ордерде, ал шотқа кіріс етілген ақшалардың сомасы осы журналдың (№2 тізімдеме) тізімдемесінде есептеледі.
28.Кассадағы ұлттық валютадағы қолма-қол ақша есебі
Кассадағы ұлттық валюта түріндегі қолма-қол ақшаның есебі Қазақстан Республикасының Ұлттық банкісі бекіткен кассалық операцияларды жүргізу тәртібіне сәйкес жүргізіледі.
Кассаға нақты ақша ағымдағы банктік шоттан ақшалай чек негізінде түседі. Кассаға ақша қабылдау кассаның кіріс ордерлері бойынша жүзеге асырылады, оған бас бухгалтер мен кассир қол қояды. Кассаға ақша салған жеке немесе заңды тұлғаларға бас бухгалтер мен кассир қол қойған ақшаны қабылдағаны туралы квитанция беріледі.
Кассадан ақша беру кассаның шығыс ордерлерімен немесе басшы мен бас бухгалтер қол қойған тиісінше рәсімделген төлем тізімдемелерімен акт беруге жазылған өтініштен, шоттармен және басқа да құжаттармен рәсімделеді. Жекелеген адамға кассаның шығыс ордері бойынша ақша берген кезде кассир алушының төлқұжатын немесе жеке басының куәлігін көрсетуді талап етеді. Оның атауы мен номері, оны кімнің және қашан бергенін ордерде көрсетеді. Алушы касса ордеріне қол қояды және алған сомасын: теңгені – жазумен, тиынды – сандармен көрсетеді.
29.Есеп беруге тиісті адамдармен есеп айырысуды құжатты рәсімдеу.
Есеп беруге тиісті тұлғалар деп іс-сапар шығындарына немесе шаруашылық шығындарға ақшалай аванстар алған кәсіпорын жұмыскерлерін айтады. Нақты ақшаны кәсіпорын жұмыскерлері алдын ала берілген аванстар және пайданылмаған сомаларды кассаға тапсыру бойынша есептерді көрсеткеннен кейін алады.
Есеп беруші түлғалармен есеп айырысуды есепке алу. Өнеркәсіптік-шаруашылық қызметі барысында кәсіпорын қызметкерлерін қызмет бабымен іс-сапарға жібереді, дүкендерден кеңсе жабдықтарын сатып алады, почта арқылы жіберілген ақшаларды және басқа да шығындарды төлейді. Бұл шығындарды үнемі банк мекемелері арқылы нақты ақшасыз есеп-айырысу жолымен төлеу мүмкін емес. Сондықтан да жоғарыда аталған және басқа да шығындарды төлеу үшін қызметкерлерге нақты ақша беріледі және олар алған ақшасына есеп беруте тиісті.
Ақша кәсіпорын басшысы бекіткен есепке сай көлемде беріледі. Аванс тек қана басшының жарлығымен есеп берілетін сомадан шығын жасау жүктелген қызметкерлерге ғана шығын шығаруға нақтылы қажеттілік туған жағдайда ғана, сондай-ақ қызмет бабымен іссапарға жұмсалған адамдарға ғана беріледі.
Қызмет бабымен іс-сапарға баруға ақша іссапарға жіберілетін адамға тиесілі соманың көлемінде іссапар орнына бару және қайту жолына төлеуге, тәуліктік шығындарды және іс-сапар мерзіміне үй-жай жалдауға шығатын шығындарды төлеуге беріледі. Есеп берілетін соманы жұмсау құжаттарымен айғақталып белгіленген мерзімде бухгалтерияға ұсынылатын аванс есептерімен расталады.
30.Негізгі құралдар есебіінің негізгі мақсаттары, олардың жіктелінуі мен бағалануы
Достарыңызбен бөлісу: |