Ағымдағы - бұл негізгі құралдардың белгілі бір мерзімдегі іс жүзіндегі нарық бағасы бойынша құны.
Баланстық - бұл активтің есепте және есеп беруде көрсетілетін, жинақталынған амортизация сомасы шегерілген бастапқы немесе ағымдағы құны.
Жою - пайдалы қызмет мерзімінің аяғында негізгі құралдарды жою кезінде пайда болатын, шығу бойынша күтілген шығындары шегерілген қалдықтардың, заттардың, қосалқы бөлшектердің болжамды құны.
Әділ құны –тәуелсіз екі жақ арасында негізгі құралдарды айырбастау мүмкін болатын құн.
31.Негізгі құралдарды пайдалану және түсу есебі, олардың құжатта бейнеленуі.
Негізгі құралдардың қозғалысы бойынша Қазақстан Республикасының заңдылықтары немесе мемлекеттік өкімет органдары бекіткен келесідей алғашқы есеп құжаттар есеп тәжірибесінде қолданылады:
- «Негізгі құралдарды қабылдау-тапсыру актісі» (НҚ-1);
- «Жөнделген, қалпына келтірілген, жаңартылған объектілерді қабылдау-тапсыру актісі» (НҚ-2);
- «Негізгі құралдарды шығару актісі» (НҚ-3);
- «Автокөлік құралдарын шығару актісі» (НҚ-4);
- «Негізгі құралдар есебінің түгендеу карточкасы» (НҚ-5);
- «Негізгі құралдар есебі бойынша түгендеу карточкаларының тізімдемесі» (НҚ 6);
- «Негізгі құралдар қозғалысы есебінің карточкасы» (НҚ-7);
- «Жалдағы (ұзақ мерзімді жалдағы) негізгі құралдар есебінің карточкасы» (НҚ-8);
- «Негізгі құралдардың түгендеу тізімі (тауып алған жері)» (НҚ-9);
- «Құрал- жабдықтарды қабылдау актісі» (НҚ-10);
- «Монтажға құрал- жабдықтарды қабылдау- жіберу актісі» (НҚ-11);
- «Құрал- жабдықтардың анықталған ақауы актісі» (НҚ-12).
Келіп түскен негізгі құралдарға НҚ-1 «негізгі құралдарды қабылдау-тапсыру актісін» толтырады. Негізгі құралдарды қабылдау актісінде: - объектінің аты; - объектіні қабылдап алушы мен тапсырушы ұйымның аты; - салынып біткен құрылыстың қабылданған кездегі жағдайы; - біткен уақыты; - амортизациялық аударым мөлшері; - бастапқы құны; басқа да шартты белгілері көрсетілуі тиіс. НҚ- ға толтырылған қабылдау-тапсыру актісі кейіннен ұйымның бухгалтериясына тапсырылуы тиіс. Актімен бірге объектінің техникалық төлқұжаттары да беріледі. Бухгалтерия бұл құжаттардың негізінде тиісті түгендеу карточкаларын және негізгі құралдарды есептейтін кітапшалардың тиістілерін толтырып, тиісті бөлімдерге табыс етеді. Актіні ұйым басшысы бекітеді.
негізгі құралдарды есепке алудың түгендеу карточкасы бухгалтерлік қызмет бойынша негізгі құралдардың әрбір объектісіне жүргізіледі. Нысан бір данада негізгі құралдардың объектісін есептеуге, оны көшіруге, жаңартуға, жаңғыртуға, күрделі жөңдеу және есептен шығару бойынша құжаттар негізінде толтырылады. Түгендеу карточкасында ұйымның негізгі құралдар объектісінің негізгі сапалық және сандық көрсеткіштері болады. Серіктестікте түгендеу нөмірлері реттік-сериялық жүйе бойынша олардың түсу шамасына қарай негізгі құралдардың объектілеріне беріледі.
32.Негізгі құралдардың тозу есебі. Негізгі құралдардың амортизациясын есептеудің әдістері.
Негізгі құрал өндіріс процесіне қатысуымен, жылдар мерзімінің әсерімен, табиғат күшінің әсер етуімен пайдалану үдерісінде біртіндеп тозады. Тозудың екі түрі болады: табиғи (физикалық) және сапалық (моральдық) (заман талабына сай келмеуі).
Негізгі қорлардың табиғи тозуы олардың өндіріс үдерісіне қатысу нәтижесінен және негізгі құралдардың пайдалануға тікелей қатыспай-ақ, түрлі сыртқы факторлардың әсерінен: ылғалдан, атмосфералық құбылыстар нәтижесінен, металдардың тот басуынан, ескіруінен (тозудың табиғи нысаны) пайда болады.
Негізгі құралдардың сапалық тозуы техникалық прогреске, өндіріс әдістерін жетілдіруге және жаңартуға байланысты болып келеді. Техника мен технологияны жетілдіру жұмыс істеп тұрған негізгі құралдардың ұқсас өнімдерінің арзандауына ықпал етеді.
Амортизация мына негізгі құралдарға есептелінбейді: -жерге; -кітапхана қорларына; -фильм қорларына; -архетектуралық және өнер ескерткіштеріне; -өнім беретін малдарға; -мұражай құндылықтарына.
Достарыңызбен бөлісу: |