Сыртқа материалдар босату накладнойлары жабдықтау бөлімімен екі данада толтырылады: біріншісі қоймаға жіберіледі, екіншісі материалдар алушыға беріледі. Материалдар босатылған соң накладной алушының қолхатымен бухгалтерияға шот-фактура жазу үшін табыс етіледі.
42.Материалдардың қоймалық есебін ұйымдастыру. Материалды жауапты тұлғалардың есеп берулері
Материалдар өздері сақталып тұрған жері бойынша, яғни ұйым қоймасында және бухгалтериясында есептеледі. Қоймадағы материалдар түрлеріне қарай сөрелерде, шкафтарда және жәшіктерде орналастырылады. Қоймадағы және цехтардағы материалдардың талдамалық есебі белгіленген түрі бойынша олардың ішінде сорттары мен маркаларына орай жүргізіледі. Қоймада материалдардың тек қана сандық есебі жүргізіледі. Материалдардың әрбір номенклатуралық номеріне жеке карточка ашылады, ол бухгалтериядан қоймаға жартылай толтырылған күйінде беріледі.
Алынған карточкаларда қоймашы материалдардың сақталу орнын сипаттайтын реквизиттерді толтырады. Карточкаларға жазбалар құжаттардың негізінде жазылады.
Материалдардың қоймалық есебін жүргізу қоймашының міндетіне кіреді. Қоймашы күн сайын кіріс және шығыс құжаттарын толтырады және карточкаларға жазып отырады. Картотеканы жүргізу бойынша жұмыстарды келесі күнге қалдыруға болмайды. Әрбір операциялық күннің соңында карточкаларда сол күні қозғалысы болған материалдық құндылықтардың қалдықтары шығарылады.
Материалдардың күндік айналымына құжаттарды қабылдау- өткізу реестрі екі данада толтырылады: біреуі құжаттар қосылыпбухгалтерияға табыс етіледі, екіншісі – құжаттарды қабылдап алған бухгалтердің қолы қойылған қоймашыда қалады.
Қоймалық операцияларға бухгалтерлік бақылауды материалдық бөлім бухгалтері жүргізеді. Тексерісті және құжаттар қабылдауды аяқтаған соң, бухгалтер құжаттарды қабылдау-өткізу реестрінің екі данасына қол қояды. Реестрлер материалдардың кірісі мен шығысына жеке құрылады.
43.Шаруашылық үрдістер есебі мен түрлері
Шаруашылық есептің түрлері:
1.Бухгалтерлік есеп – күнделікті кәсіпорында болып жатқан қозғалыстар туралы ақпаратты, барлық шаруа әрекеттерді жалпылай, үздіксіз және құжаттандыру арқылы ақшалай түрде жинау, тіркеу және қорытындылау жүйесі.
2.Оперативтік есеп – жеке шаруашылық әрекеттер мен процестерді қызмет ету барысында бақылау мен қадағалау жүйесі. Жедел есепті кәсіпорынның әр түрлі қызметкерлер жүргізеді: цех бастықтары, қойма меңгерушілері. Мастерлер және диспетчерлер
3.Статистикалық есеп – жаппай қоғамдық құбылыстарды зерттеу және бақылау жүйесі.
44.Ұйымдардағы еңбек және төлемақы есебінің мақсаттары.
Ұйымдардағы еңбек және төлемақы есебінің мақсаттары.Еңбек пен еңбекақы есебі. Адам құрамының есебі.
Еңбек және еңбекақы. Жаңадан жұмысқа алынған қызметкерге, жұмысқа алушы мен қызметкер арасында еңбек келісімшарты жасалуы тиіс.
Еңбек келісімшарты дегеніміз жұмысшы мен жұмыс беруші арасында жазбаша жұмыс орны, келісімшарттың мерзімі, еңбек мерзімі, еңбек режимі, тәртібі, демалысы, еңбекақысы 2 жақтың материалдық жауапкершілігі, басқа да жұмыскерді әлеуметтік тұрмыстық қамтамасыздандыру сұрақтары бойынша келісім.
16 жасқа толған әрбір азамат еңбек шартына отыруға құқылы. Ал 15 жасқа толған тұлға жұмысқа ата анасының рұқсатымен жұмысқа қабылданады.
Еңбек шарты жасалғаннан соң жұмысқа қабылданғаны жайлы жұмыс беруші бұйрық шығаруға тиіс. Кадрлар бөліі жұмысқа қабылданғаны туралы бұйрық негізінде жеке карточка толтырып еңбек кітапшасына жұмысқа қабылданғаны туралы белгі жасайды.
Еңбек шартынан басқа жұмысқа алушы қызметкермен азаматтың құқықтық келісім шартқа отыруға құқылы. Ондай келісім шарт арнай тапсырмаларды орындау үшін жасалады.
Қызметкер мен жұмыс беруші арасында еңбек және әлеуметтік қатынас ұйымдық шарт бойынша реттеледі.
ЖЫл сайынғы және басқа да еңбек туралы заңға, ережелер мен заң актісіне ұйымдық шарт пен демалыс графигіне сәйкес қызметкерге берілетін демалыс туралы бұйрық шығарады. Оны мамандар бөлімі 2 дана етіп толтырады: 1 –сі мамандар бөлімінде қалып, 2 – сі бухгалтерияға өткізіледі. Бұйрыққа кәсіпорын басщысы қол қояды. Бұйрық негізінде мамандар бөлімі қызметкерге демалыс берілгендігі туралы оның жеке карточкасына белгі жасайды.
Қызметкер жұмыстан шыққан жағдайда да бұйрық 2 дана етіп жасалады. Оның 1-сі мамандар бөлімінде, 2 – сі бухгалтерияға өткізіледі. Осы бұйрық негізінде бухгалтерия бөлімі қызметкермен 3 күннің есеп айырысуға міндетті.
24 тақырып. Еңбекақы нысындары, түрлері мен жүйелері.
Еңбекақы қызметкердің орындалғанжұмыс көлемі мен белгіленген еңбекшарты және лауазым нұсқауына байланысты төлем. Еңбек тиімділігін арттырудың әр түрлі ынталандыру жолдары болып сияқы, қосымша төлем, кепілді төлем ақы және т.б жатады .
Жұмысқа алушы еңбекақы жүйесі мен нысанын еңбек туралы ережегі сәйкес нақты еңбек жағдайын ескере отырып қызметкерлер ережесі бекіткен жұмысшылар және жұмыс уақыты режимі бойынша өздері белгілейді.
Жалақы жеке жұмыс нәтижесі бойынша н/е ұжымның жұмыс нәтижесі бойынша төленеді. Бұл жағдайда қызметкерге белгіленген еңбекақы көлемі заң бойынша белгіленген еңбек ақы мөлшерінен төмен болмауы тиіс.
Тәжірбие жүзінде еңбекақы ұйымдастырудың 2 нысаны: мерзімді және кесімді қолданылады.
25 тақырып. Мерзімді еңбекақы есебі мен рәсімделуі.
Мерзімді еңбекақы төлеу жұмыспен өтелген уақыттағы тарифтік ставкалары немесе қызмет актілері бойынша жүргізіледі. Мерзімдік еңбекақы – жай және мерзімді сыйақылар болып бөлінеді.
Жай мерзімдік еңбекақы жүйесі тек жұмыспен өтелген уақытпен және қызметкерлердің тарифтік ставкасы мен қызмет ақысымен анықталады.
Бюджеттік сала қызметкерлеріне тарифтік ставка немесе тиісті қызмет ақы тағайындалғанда төлемқы еңбекақы мөлшерінен бірыңғай тарифтік сетка қолданылады.
Бірыңғай тарифтік сетка еңбекақы төлеудің 21 разрядына негізделып, әр разряд бойынша ¬өзіндік тарифтік коэффициент белгіленген.
45.Төлемақы нысандары мен түрлері.
Еңбек ақының екі түрі болады : негізгі және қосымша.
Достарыңызбен бөлісу: |