Еңбекті төлеудің кесімді формасы - өндірілген өнімнің, орындалған жұмыстың және көрсетілген қызметтің сапасын ескере отырып, бірлік санына төлеуді білдіреді. Кесімді еңбек ақының келесідей жүиелері бар: тікелей кесімді, кесімді-сыйақылы, кесімді – прогрессивті, аккордты.
Тікелей кесімді еңбек ақы төлеу қажетті біліктілікті ескере отырып, тағайындалған тұрақты кесімді баға негізінде өндірілген өнім бірлігінің саны үшін жүргізіледі. Еңбекақы мөлшері тұрақты кесімді бағаны өндірілген өнім санына көбеиту арқылы анықталады.
Еңбекті төлеудің кесімді-сыйақылық жүйесі кезінде өндірілген өнім санына есептелген еңбек ақы сомасына белгілі бір сапалы көрсеткіштерге қол жеткізгені үшін төленетін сыиақы қосылады .
Кесімді – прогрессивті жүйе кезінде төлеу норма шегіндегісі тұрақты баға б-ша, ал нормадан артығы прогрессивті өспелі баға бойынша жүргізіледі.
Аккордты жүйе кезінде еңбекақы төлеуді алдын-ала нормаланған тапсырма және бағасы анықталған жұмыс көлемінің орындалуы бойынша анықтайды. Аккордты еңбек ақы төлеудің мөлшерін іс жүзіндегі нормативті тапсырмалар бағалар негізінде бекітеді, ал олар болмаған жағдайда - ұқсас жұмыстар үшін қолданылатын нормаланған тапсырмалар мен бағалардан шыға отырып бекітеді.
46.Жұмыс уақыты есебі.
Еңбек заңнамасы жұмыс уақытының есептеудің үш түрін ескереді: күн сайынғы, апталық және жиынтық.
Күн сайынғы есепте қызметкерлер орнатылған сағаттар санын жұмыс істейді. Екі жағдайда да жұмыстың басы мен аяғының уақыты ішкі еңбек тәртіп ережелерімен немесе ауысым график-терімен орнатылады.
Ауысымды жұмыста күн сайынғы есепте жұмыс уақытының режимі ауысымдылық графиктерімен орнатылады. Олардың ішін де ауысымдардың саны және олардың үзақтығы, өр ауысымдағы жұмыстың басталуы мен аяғы, бір ауысымнан келесі ауысымға ауысутәртібі көрсетіледі.
Бес күндік жұмыс апта жағдайында жұмыс уақытының апталық есебі қолданылуы мүмкін. Бүл жүманың өр күндеріндегі ауысымдардың үзақтығы апталық сағат нормаларын сақтағанда мүмкін.
Жиынтық есеп кезінде есеп кезеңі ай, квартал, жылға келетін орнатылған нормалармен сәйкес барлық жұмыс уақыты - қосылады және оның нөтижесінде сағатта жұмыс уақытының айлық, кварталды, жылдық үзақтығы анықталады.
Жұмыс уақытының жиынтық есебін қолдану тәртібі жұмыс беруші актілерімен анықталады және ұйымның ұжымдық шартымен орнатылады. Жұмыс уақытының жиынтық есебінде:
есептік кезең анықталады, яғни заңнамамен орташа орнатылған жұмыс күні және жұмыс аптасының үзақтығы сақталатын кезең. ҚР Еңбек кодексінің 213 бабына сәйкес жұмыстың вахталық өдісі кезінде ай, тоқсан немесе өзге де неғүрлым үзақ, бірақ бір жылдан аспайтын кезең ішіндегі жұмыс уақытының жиынтық есебі белгіленеді.
Нақты уақыт - еңбек процесінде қызметкердің нақтылы қатысуын және өз міндеттеріне көңіл болуін анықтайтын өр қызмет-кермен нақты жұмсалған уақыт.
Нақты істеген уақытпен сәйкес еңбекақы төленеді, зиянды еңбек жағдайларына байланысты қосымша демалыстар беріледі және т.б. Жұмыс күні ішінде толық істемеген жағдайда қызметкердің кінөсі болса тәртіптік жаза немесе басқа санкциялар салынуы мүмкін.
Жұмыс уақыты үзақтығын нормалау өз керінісін бір мезгілде жұмыс күні үзақтығын нормалауда және жұмыс аптасының түрі мен апта ішіндегі жұмыс сағаттарының санында табады.
Жұмыс күні – тәулік ішіндегі жұмыс уақыты үзақтығының орнатылған нормасы.
Еңбек кодексінің 82 бабына сәйкес әрекетке қабілетті барлық қызметкерлерге бес күндік жұмыс аптасы кезінде күнделікті жұмыстың үзақтығы апталық норма 40 сагат болғанда - 8 сағаттан аспауға, апталық норма 36 сағат болғанда - 7 сағат 12 минут және апталық норма 24 сағат болғанда - 5 сағаттан аспауға тиіс.
Алты күндік жұмыс аптасы кезінде күнделікті жұмыстың үзақтығы апталық норма 40 сағат болғанда - 7 сағаттан аспауға, апталық норма 36 сағат болғанда - 6 сағат және апталық норма 24 сағат болғанда - 4 сағаттан аспауға тиіс.
Жұмыс уақытының нормасы - заңмен орнатылған тиісті күнтізбелік кезең ішінде қызметкер жұмыс істеуге тиіс уақыт үзақтығы.
Жұмыс уақытының қалыпты үзақтығы аптасына 40 сағаттан аспауға тиіс. Қалыпты жұмыс уақытының апталық нормасы заңнамамен қызметкерлерге жұмыс.
47.Еңбекақыдан ұсталынатын ұсталымдар мен алымдар.
Еңбекақыдан ұсталынатын міндетті ұсталымдар:
1.МЗЖ
2.ЖТС
-Ерікті ұсталымдар:
1.қызметкерлердің берешегі
2.сот шешімінен ұсталынатын сома
МЗЖ ұсталынбайды:
Қызметкерлерге келтірілген зиянды қайтарған кезде
Экономикалық апатка байланысты азаматтарға есептелген қосымшалардан
Медициналық төлемдерден
Бала туу, жерлеу кезінде төленетін төлемдерден
Пайдаланылмаған еңбек демалысының өтемақысынан
48.Жұмысшылардың жыл сайынғы еңбек демалыстарының төлемін беруге резервтелетін сомалардың есебі.
Кезекті демалыс уақыты үшін ақы төлеу. Еңбек демалысы жұмысшылармен қызметкерлерге жұмыс жылында бір рет беріледі. Еңбек демалысы жұмысқа қабылданған күннен бастап есептелінеді . Жұмысшы берілген кәсіпорында 11 ай үзіліссіз жұмыс істеген мерзімнен кейін еңбек демалысын алу құқығына ие болады. Еңбек демалысының ұзақтығы жұмыс істеушілердің әртүрлі категориялары мен ұжымдық шарттар және қолданыстағы ережелер б-ша белгіленеді. Еңбек демалысы уақытына төлеуді демалысқа кететін айдың алдындағы 12 күнтізбелік айдағы орташа жалақыдан, осы кезеңге бекітілген үстемелер, қосымшалар және сыйақының орта мөлшерін есепке ала отырып есептейді . Сыйақының орта мөлшері 12 күнтізбелік ай үшін сыйақының орташа айлық процентін 12 күнтізбелік айдағы орташа жалақыға көбейту арқылы анықтайды.
Демалыс ақыны есептеу үшін қабылданған еңбекті төлеу сомасы 12-ге және осы уақыт аралығында жұмыс істелген күндер санына бөлінеді, орташа жалақыны есептеуге уақытша еңбекке жарамсыздығы бойынша жәрдемақы да қосылады. Алынған орта күндік еңбек ақыны демалыс күнінің санына көбейтеді .
49.Еңбекке жарамсыздық үшін жәрдемақы есептеу бойынша есеп жүргізу.
Жұмыс берушінің есебінен әлеуметтік қамтамасыз ету бойынша жәрдемақыны төлеу және тағайындау туралы нұсқаулыққа сәйкес әр бір жұмыс беруші уақытша еңбекке жарамсыздық бойынша жәрдем ақыны төлеуге міндетті.
Еңбекке жарамсыздық үшін жәрдемақы аурухана парағы бойынша төленеді. Еңбекке жарамсыздық үшін жәрдемақы мына жағдайларда төленбейді:
1.қылмыс алған кезінде алған зақымына
2.сот шешімі бойынша анықталған мәжбүрлік емделген уақытына
3.ішімдіктің немесе улы заттардың салдарынан алған зақымдарына
50.Ұйымдардағы міндеттемелер есебі
Достарыңызбен бөлісу: |