кредитор – алған қарызын және төленетін пайызын өтеу қабілеттілігін анықтау үшін талап етеді;
жабдықтаушылар - кредиторлық қарызды дер кезінде өтей алатын қабілетін тексеру үшін ақпараттарды талап етеді;
сатып алушы – кәсіпорын қандай кезеңде өз қызметін жалғастыра алатындығы жөніндегі ақпараттарға мүдделі болып келеді;
мемлекеттік органдар –кәсіпорынның тұрақты әрі тиімді жұмыс істегеніне мүдделі, өйткені олардың көмегімен экономикалық саясатты жүзеге асырады, сондай-ақ статистикалық мәліметтерді жинайды;
жұртшылық – жұмыс орнын табу мақсатында өажетті ақпараттарды елді мекендіғ аймақты дамытуға керек ақпараттарды жинауға мүдделі болып келеді.