Тәуекел-менеджментті қабылдау– бұл тәуекелді басқару болып келеді. Олар тәуекелді шешу құралдарынан және тәуекелді төмендету әдістерінен тұрады. Тәуекелді шешу құралдарына: бас тарту, ұстап тұру, беру.
Тәуекелден бас тарту – тәуекелмен байланысты жобадан бас тарту. Бірақ жобадан бас тартқанда мүмкін болатын табысты жоғалтуға болады.
Тәуекелді ұстап тұру – бар тәуекелді инвесторға қалдыру. Яғни капитал салымын жүргізген кезде мүмкін болатын шығындарды меншікті қаражаттармен жаба алу.
Тәуекелді беру – инвестор өз тәуекелін басқа біреуге беруі, мысалы сақтандыру компаниясына. Бұл тәуекелді сақтандыру арқылы жүзеге асырылады.