«Қаржылық тәуекел»


Тәуекел деңгейін төмендету



бет4/5
Дата30.12.2021
өлшемі46,64 Kb.
#106921
1   2   3   4   5
Байланысты:
1-СӨЖ Орынбасар Бағалы

Тәуекел деңгейін төмендету – шығындар көлемі мен ықтималдылығын азайту. Оны жүзеге асыратын шаралар: диверсификация, таңдау және нәтижелер бойынша қосымша ақпаратты алу, шектеу(лимиттеу), өзін-өзі сақтандыру, сақтандыру, қаржылық жобалар бойынша тәуекелді есепке алу, хеджирлеу, аумақтағы қызметтер бойынша тексеруді қолға алу, жалпы қордағы компанияның арнайы қорларын қолдану көлемін бағалау, есеп жүргізу, және тағы басқа әдістер.

Диверсификация — бір-бірімен байланыспаған әртүрлі объектілерге капитал салымын бөлу процесі. Мысалы, егер инвестор бір акционерлік қоғамның орнына әртүрлі бес акционерлік қоғамның акцияларын сатып алса, онда ол тәуекел деңгейін төмендетеді және орташа табысты алу мүмкіндігін ұлғайтады. Диверсификация – бұл инвестициялық тәуекелді төмендетуші болып табылады. Бірақ оған сыртқы факторлар әсер етеді, оларға: экономикалық жағдайлар, әскери іс-әрекеттер, азаматтық толқулар, инфляция, дефляция, Ұлттық Банктің есептік ставканың өзгеруі, депозиттер мен несиелер бойынша проценттік ставканың өзгеруі, бұл процестер бойынша тәуекелді диверсификация арқылы төмендетуге болмайды. Соған сәйкес, тәуекел 2 бөліктен тұрады: диверсификацияланатын және диверсификацияланбайтын тәуекел.

  • Диверсификацияланатын тәуекел – ол диверсификация арқылы тәуекелді өзгерту мүмкіндігі.

  • Диверсификацияланбайтын тәуекел, оны тағы жүйелік деп атайды, ол диверсификация арқылы төмендетіле алмайтын тәуекел.

Шектеу – бұл шектеуді орнату, яғни несиелер, сатулар және тағы басқалар бойынша шығындар сомасының шекті нормасын белгілеу. Көбінесе бұл банктермен қарыз беру жағдайында және овердрафт бойынша келісімге отырған кезде тәуекел деңгейін төмендетумен байланысты қолданылады. Шаруашылық субъектілер тауарды несиеге сатқан кезде, қарыздарды бергенде және капитал салымның сомасын анықтаған кезде қолданады.



Достарыңызбен бөлісу:
1   2   3   4   5




©engime.org 2022
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет