Өзін-өзі сақтандыру – сақтандыру компаниясында сақтандырылмай, яғни сақтандыруға кететін капитал шығындарын үнемдеу арқылы өзін-өзі сақтандыру болып табылады. Бұл орталықтандырылмаған натуралды түрде сақтандыру (резервтік) қорларды құру формасы болып келеді. Бұл қорлар натуралды немесе ақшалай түрде құрылуы мүмкін.
Кәсіпкерлік тәуекелдің сақтандыру бағасы – бұл сақтандыру жағдайы туындаған кезде сақтанушы өзінің кәсіпкерлік қызметінен мүмкін болатын шығынға ұшырау сомасы.
Хеджирлеу — (ағыл. heaging – қорғау) банктік, биржалық және коммерциялық практикада қолданылып, валюталық тәуекелді сақтандырудың әртүрлі әдістерін анықтайды.
Хеджирлеу – бұл болашақтағы валюталық бағамның өзгеруінен мүмкін болатын жағымсыз нәтижелерге тап болмау үшін тез арада келісімге отыру жүйесі. Яғни әртүрлі тауарлы материалдық құндылықтардың коммерциялық операциялармен келісім бойынша бағаларының жағымсыз өзгеруінен, болашақ кезендегі тауарларды (сату) жеткізуді қарастыру бойынша тәуекелден сақтандыру. Хеджирлеудің 2 операциясы бар: өсу бойынша хеджирлеу және төмендету бойынша хеджирлеу.
Өсу бойынша хеджирлеу – немесе сатып алу бойынша хеджирлеу, шұғыл келісімдер мен опциондарды сатып алудағы биржалық операция болып келеді. Келешектегі бағамның көтерілуін сақтандыру үшін хедж қолданылады. Нақты тауарды сатып алуға дейінгі сатып алу бағасын анықтауға мүмкіндік береді. Мысалы, 3 айдан кейін керек тауардың бағасы нақты кезендегі бағасынан өсуі мүмкін. Соған сәйкес бүгінгі бағамен осы тауарға қатысты шуғыл келісімді сатып алып, ал 3 айдан кейін тауар алынған кезде оны сатып жіберуге болады. Тауар бағасы мен шұғыл келісімнің бағасы бірдей пропорционалды түрде өзгереді, егер бұрын сатып алынған келісім қазіргі кездегі сатып алынатын тауардың бағасымен бірдей қымбат болуы мүмкін.
Төмендету бойынша хеджирлеу немесе сату бойынша хеджирлеу – бұл шұғыл келісімді сату кезіндегі биржалық операция. Бұл керісінше келешекте тауарды сатқан кезде бағаның төмендеп қалуына байланысты биржада шұғыл келісімді немесе опционды нақты уақытта сату болып табылады.
Форвардтық операция көмегімен хеджирлеу – белгіленген күнде тұрақты бағам бойынша валюталық конверсияны жүргізу үшін екі жақтың бірлескен міндеттемелері. Яғни сатушы сату керек, ал сатып алушы белгіленген бағам бойынша белгілі валюта көлемін сатып алуы тиіс.
Опциондар көмегімен хеджирлеу – сатып алушы сатып алу құқығына ие, ал сатушы белгіленген көлемде валютаны басқа белгіленген бағам бойынша валютаға айырбастауға немесе сатуға міндетті.
Қорытынды:
Соңғы жылдары Қазақстанның кәсіпорындары үшін «тәуекел» категориясының мәні мен мазмұны артуда. Қазақстан өз тәуелсіздігін алған күннен бастап бүгінгі таңға дейін көптеген кәсіпорындар тәуекелді дұрыс басқармау нәтижесінде банкроттыққа ұшырады. Осыған орай, қазіргі кезде тәуекелді басқару мен бағалаудың жеткілікті әдістері мен тәсілдері қалыптасқан. Кәсіпорын үшін тәуекелдердің түрлерін анықтау және оларды бағалау қиынға соғады. Осы мәселені шешу үшін кәсіпорын алдын ала болашақта пайда болуы мүмкін барлық тәуекелдердің түрін және оларға төтеп беру мүмкіндігін анықтап алады. Егер де тәуекел жеткіліксіз дәрежеде анықталып талданса, нәтижесінде кәсіпорының банкроттыққа ұшырау мүмкіндігі артады. Сондықтан нарықтық экономика жағдайында тәуекелді басқарудың, талдаудың, бағалаудың маңызы өте зор.
Пайдаланылған әдебиеттер тізімі:
1. Голодова Ж.Г. Финансы и кредит. – М.: Инфра-М, 2012.
2. Деньги, кредит, банки. Краткий курс. – М.: Окей-книга, 2013.
3. Каячаев Г.Ф. и др. Финансовые рынки. Курс лекций. / Каячев Г.Ф., Лепихин А.М., Каячева Л.В., Черных М.Н., Павлова О.В., Субботин А.С. – Красноярск: Изд-во СФУ, 2012.
4. Колпина Л. Финансы и кредит. – М.: Инфра-М, 2011.
5. Короткевич А., Очкольда И. Деньги, кредит, банки. М.: Тетрасистемс, 2012.
6. Ревякина И. Деньги, кредит, банки. Практикум. – М.: Кнорус, 2012.
Достарыңызбен бөлісу: |