Бизнестегі тәуекелдерді азайту жолдары
1 сурет. Тәуекелді басқару процесінің жалпы сызбасы
Тәуекелді басқару әдістері - тәуекел көлеміне немесе тәуекел мен табыстың арақатынасына әсер ететін негізгі (базалық) тәсілдер. Бұл тәсілдер тәуекелді басқару құралдарын жасаудың негізі болып табылады, ол өз кезегінде практикада жиі қолданылады, сондай-ақ, бір құралда бір уақытта бірнеше әдіс қолданылуы мүмкін.
Тәуекелді басқарудың әдістерінің жіктелуі
- Компанияның ішкі ресурстарын ғана пайдаланатын әдістер тобы:
1.1. Тәуекелден бас тарту (қашу).
1.2. Тәуекел көлемін шектеу, яғни тәуекелден ішінара бас тарту (қашу).
1.3. Тәуекелдің алдын алу (ескерту), яғни, тәуекелге ұшырауды азайтуға және тәуекелді ұшыраудың қолайсыз салдарларын төмендетуге бағытталған барлық мүмкін іс-шаралар
Компанияның ішкі ресурстарын ғана пайдаланатын әдістер тобы:
1.4. Тәуекелді оқшаулау, яғни, тәуекел комапнияның барлық қызметіне әсер етпейтіндей жағдай жасау;
1.5. Тәуекелдің орнын толтыру, яғни, тәуекел туындаған жағдайда қаржылық жоғалтулардың орнын толтыруға көмектесетін резервтер құру.
2. Әртараптандырумен байланысты әдістер тобы:
2.1. Қаржылық, өндірістік, сауда және т.б. бола алатын әртараптандыру түрі
2.2. Өзіне басқа тұлғалардың тәуекелін қабылдайтын әртараптандыру.
3. Тәуекел басқа тұлғаларға берілетін тәуекелді басқару әдістерінің тобы:
3.1. Тәуекелді сақтандыру
3.2. Тәуекелді секьюритизациялау
3.3. Тәуекелді трансферті
3.4. Тәуекелді берудің басқа да тәсілдері
Тәуекелден бас тарту (қашу)
Тәуекелден бас тарту (қашу) әдісі тәжірибеде кеңінен қолданылатын әдістердің бірі. Тәуекелден бас тарту (қашу) әдісі деп сол немесе өзге де қолайсыз оқиғалардың әсерінен ішінара немесе толықтай қүтылуға мүмкіндік беретін іс-шаралардың жиынтығын айтамыз. Мүндай әдіс жоғары тәуекелділікпен сипатталатын іс-әрекеттер жасаудан немесе шешім қабылдаудан бас тартуды білдіреді.
Тәуекелден бас тартудың (қашу) мынадай түрлерін бөліп көрсетуге болады:
- сенімсіз әріптестерден бас тарту, яғни сенімді, тексерілген әріптестермен ғана жұмыс жасауға үмтылу, әріптестер то- бын кеңейтпеу;
- тәуекелі жогары жобалардан бас тарту, яғни іске асырылуы немесе тиімділігі күмән тудыратын инвестициялық және инновациялық жобалардан бас тарту;
- гаранттарды іздеу, яғни гарантты іздеудегі мақсат тәуекелдің бір бөлігін қандай да бір үшінші түлғаға ауысты- ру. Гарант функциясын әртүрлі субъектілер (әртүрлі қорлар, мемлекеттік органдар, заңды және жеке түлғалар т.б.) орын- дай алады;
- кәсіби біліктілік деңгейі мен кұзіреттілігі төмен қызметкерлерді жұмыстан босату.
Достарыңызбен бөлісу: |