Бизнестегі тәуекелдерді азайту жолдары 1 сурет. Тәуекелді басқару процесінің жалпы сызбасы Тәуекелді басқару әдістері



бет5/6
Дата14.10.2022
өлшемі0,57 Mb.
#152997
1   2   3   4   5   6
Байланысты:
510740.pptx

Сақтандыру

Сақтандыру тәуекелді төмендетудің негізгі әдістерінің бірі. Ол тәуекелге байланысты зиян шеккен жағдайда, жеке немесе заңды түлғаның мүліктік мүдделерін қорғауды білдіреді. Мұнда зиян шеккен түлғаға алдын-ала енгізген ақшалай жарналары есебінен төлем жасау жүзеге асырылады. Сақтандыру осы мақсатта арнайы құрылған кәсіби ұйымға тәуекелдің бір бөлігін беру арқылы тәуекел дәрежесін төмендетуге мүмкіндік береді.


Өзін-өзі сақтандыру деп тәуекелді операциялардан болуы мүмкін зияндарды жабу үшін кәсіпкерлер өздерінің меншікті резервтік қорларын қүруын айтамыз. Мүндай қорлардың болуы тәуекелдің теріс салдарларын тез арада жоюға мүмкіндік береді.
Өзін-өзі сақтандыру
- тәуекелді төмендету әдістерінің басқа түрлерімен салыстырғанда, оны пайдаланудан болатын әкономикалық пайда күмәнсіз болса;
- тәуекелді басқарудың басқа әдістерінің шеңберінде тәуекелдерді жабу немесе төмендетуді қамтамасыз ету мүмкін емес болса.
Өзін-өзі сақтандыру мынадай жағдайларда қажетті:
а) резервтік қорды қалыптастыру. Ол кәсіпорын жаргысына және заңнамалық талаптарға сәйкес қүрылады. Оны қүрудың мақсаты пайда көлемі жеткіліксіз болған жағдайда артықшылықты акциялар бойынша дивидентер төлеу және облигациялар бойынша пайыздарды өтеу, күтпеген шығыстарды, кредиторлық берешекті, шаруашылық субъектіні тарату шыгыстарын жабу.
ә) мақсатты резервтік қорлар құру. Мысалы, баға тәуекелін сақтандыру қоры, күмәнді дебиторлық берешектерді жабу қоры т.б. Мүндай қорлардың тізімі, олардың қалыптасу көздері, аударымдар мөлшері жарғыға және басқа да ішкі нормативтерге сәйкес анықталады.
б) материалдық және қаржылық ресурстардың сақтандыру қорлары (запастары) жүйесін қалыптастыру. Яғни, дайын өнімдер, шикізаттар, материалдар, ақша қаражаттары бойынша сақтандыру қорлары құрылады. Олардың мөлшері нормалау кезінде белгіленеді.
в) есепті кезеңде алынған пайданың бөлінбеген бөлігі. Ол құрылтайшылар шешімімен бөлінгенге дейін жекелеген тәуекелдердің теріс салдарларын жоюға бағытталатын қаржылық ресурстар резерві ретінде карастырылады.


Достарыңызбен бөлісу:
1   2   3   4   5   6




©engime.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет