Тәуекелдердің орнын толтыру (компенсациялау) әдістері
Бұл әдіс қауіпті алдын-ала ескерту механизмін жасауға байланысты. Тәуекелдердің орнын толтыру әдістерінің еңбек сыйымдылығы жоғары және оларды тиімді қолдану үшін алдын ала талдау жүмыстарын кеңейтілген түрде жүргізуді қажет етеді.
Мұндай әдістерге мыналарды жатқызуға болады:
— іс-әрекетті стратегиялық жоспарлау. Егер стратегияны әзірлеу кәсіпорын қызметінің барлық сферасын қамтитын болса стратегиялық жоспарлау тәуекелдердің орнын толты¬ру әдісі ретінде оң әсер етеді.
— сыртқы жағдайды болжау, яғни әріптестердің және бәсекелестердің іс-әрекетін жалпы әкономикалық болжау, жобаға қатысушылар үшін шаруашылық жүргізу ортасының болашақтагы жағдайын бағалау және даму нүсқаларын жүйелі түрде әзірлеу;
— әлеуметтік-әкономикалық және нормативтік-құқықтық орталарға мониторинг жасау. Ол қалыптасқан жагдай туралы ағымдағы ақпараттарга ие болуга және оларды қадағалап отыруға мүмкіндік береді. Сондықтан нормативтік-анықтамалық ақпараттар жүйесін иелену және түрақты түрде жаңарту, коммерциялық ақпараттар желісіне қосылу, меншікті болжамдық-аналитикалық зерттеулер жүргізу, кеңесшілерді тарту мәселесіне көңіл бөлу қажет.
— резервтер жүйесін құру. Бұл әдіс сақтандыруға ұқсайды, бірақ кәсіпорын ішінде жасалады. Кәсіпорында шикізаттар мен материалдардың, қосалқы бұйымдардың сақтандыру қорлары, ақшалай қаражаттардың резервтік қорлары құрылады, сондай-ақ оларды дағдарысты жағдайларда қолдану жоспарлары жасалады.
Жоғарыда аталғандарды негізге ала отырып тәуекел дәрежесін төмендету немесе тәуекелді басқарудың келесідей әдістері де қолданылатындығын атап өту қажет:
Өзін-өзі сақтандыру
Тәуекел дәрежесін төмендету немесе тәуекелді басқару әдістері
Әртараптандыру (диверсификация)
Лимиттеу
Сақтандыру
Хеджерлеу
Тәуекелді трансферттеу
Әртараптандыру (диверсификация) инвестиция-ланатын қаражаттарды бір-бірімен өзара тікелей байланысты емес бірнеше тәуекелді операциялар бойынша бөлуді білдіреді. Әртараптандырудың мақсаты - сәтсіздіктің алдын-алу немесе сақтандыру. Яғни, бірмезгілде бірнеше операциялар бойынша сәтсіздікке қарағанда, бір операция бойынша сәтсіздіктің ықтималдылығы және одан болатын жоғалтулар әлдеқайда төмен болады. Әртараптандырудың мысалы ретінде әртүрлі валютада салынған депозиттік салымдарды айтуға болады.
Достарыңызбен бөлісу: |