3. Лекция мазмұны.
Аталған функциялардың іс-әрекеті тікелей немес жанама түрде “қаржы” категориясын пайдаланумен байланысты болып келеді. Анықырақ айтсақ табыстар мен байлықты қайта бөлу, экономиканы тұрақтандыру, ресурстарды қайта бөлу функцияларында көрінеді.
Мемлекеттің экономиканы тұрақтандыру жөніндегі іс-қимылы экономикалық жағдайдың ауытқуларын туғызатын жұмыспен қамтылуы және инфляция денгейін бақылауды, сондай-ақ экономикалық өсуді ынталандыру жөніндегі шараларды қамтиды. Экономикалық ресурстарды қайта бөлу екі жағдайда нарықтық жүйенің жетілмегендігінен барып туады.
бірқатар тауарларды өндірудің тепе-тендік көлемінің олардың оңтайлы көлемінен ауытқуы.
Ресурстарды бөлуден рыноктың бас тартуы немесе қоғамдық тауарларды, игіліктерді және қызметтер көрсетуді ұлғайту мен өндіру үшін оларды жеткілікті бµлу.
Бұл жерде бірінші жағдайды талқылайтын болсақ, тауарлар мен қызметтер кµрсетудің бірқатарын өндіру немесе тұтыну, бұл тауарларды тікелей өндіруші немесе тұтынушылар болып табылмайтын субъектілерде шығын тудырады немесе пайда келтіреді. Бұл құбылысты “жанама нәтижелер” немесе “құйылымдар” деп атайды және бұл шаруашылық процестердің қатысушылары емес адамдардың немесе топтардың пайдалары немесе шығындары болып табылады.
Құйылам шығындарына айналадағы ортаның ластанумен, шудың, тербелістердің, түрлі қолайсыздықтардың болуымен байланысты шығындар жатады. Бұл жағдайда өндірушілер өздерінің шығындарының бір бөлігін халыққа аударып салады және өндірушілердің шығындары азаяды. Нәтижесінде өндірушілерде өндірістің үлкен көлемі болуы мүмкін, демек, бұл тауарларды өндіру үшін ресурстар көбейтілген көлемде түсетін болады.
Құйылым шығындарын теңестіру үшін мемлекет ұсынымды мынадай реттеуші шараларды жүргізеді:
қызметті заңнамалық шектеу немесе оны зиянды әсер болмайтын жағдайларға жеткізу талабы; мұндай қызметтің нормалары мен стандарттарын сақтау шығындарды арттыруға және тепе-тең және оңтайлы көлемінің сәйкестігіне жеткізеді.
Құйылым шығындарына тең немесе жақын арнаулы салықтарды енгізу, бұл шаруашылық жүргізуші субъектілердің жалпы шығындарын арттырады және тепе- теңдіктің жай-күйін қамтамасыз етеді.
Бұл жағдайларда өнімге немесе қызмет көрсетуге ресурстарды тым көп бөлу жойылатын болады.
Құйылым пайдалары: білім беру, санитарлық-профилактикалық шаралар, медициналақ көмек, ауа райын болжау, өрттен қорғау және басқа бірқатар қызметтер көрсету жасайды, бұлардан пайданы бұл игіліктерді нақты пайдаланушылар ғана емес, сонымен бірге жалпы қоғам да алады.Бұл қызметтер көрсетуді нақты пайдаланушылар тек нарықтық сұранымды қалыптастырады, ал құйылым пайдалары ақиқаттық мөлшерге дейін сұранымды толықтырады және қызметкөрсетудің қажетті көлемін белгілейді, яғни жеткіліксіздігін сипаттайды.
Құйылымдар пайдалары кезіндегі мемлекеттің реттеуші іс-қимылдары сұраным мен ұсынымды көбейтуге бағытталған. Сұраным тұтынушыларды құйылым пайдаларын тудыратын тауарлар немесе қызметтер көрсеуді сатып алу үшін қосымша сатып алуға жарамдылықпен қамтамасыз ету жолымен арттырылады. Ұсыным өндірушілерді қаражаттандыру жолымен арттырылады, бұл олардың шығындарын азайтады және өндірістегі кеңейтуге мүмкіндік береді.
Құйылым шығындарының іс-әрекет процесі яғни шығындардың болуының нәтижесінде (5,1 сызба) ұсыным сызығы S1 жағдайында болады, яғни қоғамда аударып салынған шығындардың бөлігінен кәсіпорын босатылады.Барлық шығынарды қосқан жағдайда ұсыным сызығы S2 жағдайында болады: бұл орайда тепе-тең көлем Q1-ден Q2-ге төмендейді, ал тепе-тең баға P1-ден P2-ге көбейеді. Ұсыным сызығының сапырылысуына жағарыда айтылған мемлекттің іс-қимылымен қол жетеді.
Құйылым пайдаларының іс-әрекеті (5,2 сызба) D1 сұраным сызығы тек оның нарықтық жағынан қамтып көрсететін және Q2 сызығына сәйкес келетін сұранымның жалпы мөлшерін төмендететінін білдіреді, яғни нарықтық сұраным қоғамдық тауарларды тұтынумен байланысты қоғамның барлық пайдасын қамтып көрсетпейді. Сұранымның нарықтық мөлшері оңтайлы мөлшерінен аз болып шығады, ал бұл мақсаттарға жұмсалатын ресурстар жеткіліксіз көлемде түседі.
Құйылым пайдаларын түзету (5,3 сызбада “а”) қоғамдық тауарларды тұтынушыларды мемлекттің қаражаттандыру жолымен, ал “ә” жағдайда өндірушілерді қаражаттандыру жолымен D1-ден D2-ге көбейтумен қол жетеді. Екі жағдайда бұл тауарларды өндірудің тепе-тең көлемі көбейеді, бірақ екінші жағдайда бұдан басқа оларға бағаны төмендетуге қол жетеді.
.
Достарыңызбен бөлісу: |