8.Пайдаланылатын әдебиеттер:
Ильясов Қ.Қ., Құлпыбаев С. Қаржы оқулық- Алматы 2008
Мақыш С.Б. Ақша айналысы және несие. Оқу құралы. Алматы. Издат-маркет. 2004.
Омирбаев С.М финансы Учебное пособие для вузов-Астана,2003
Искаков У.М. и др. Финансовые рынки и посредники. – Алматы: Экономика, 2005
Көкебаева А.М., Ерманкулова Р.И Қаржы оқу құралы- Түркістан-2005
ҚұлпыбаевС.К Баязитов Ш. Қаржы теориясы. Оқу құралы- Алматы. Мерей,2001
Берлин С. Теория финансов. Учебное пособие-Москва, 2000
1. 3 тақырып. Қаржы нарығының қалыптасуы мен дамуы
2. Лекцияның мақсаты мен міндеттері: Қаржы нарығының экономиқалық мәні, рөлі, Қазақстан Республикасы қаржы нарығының құрылымы мен Қазақстандағы қаржының даму жүйесімен студенттерді таныстыру.
3.Лекция мазмұны. Экономикалық даму барысында әр ел өз өндірісін табысты жүргізуге, үздіксіз өрге бастыруға ынталы болады. Бұл үшін материалдық өндіріске қаржы қажет екені белгілі. Егер қолда қажетті қаржы болмаса, не істеу керек? Осындай жағдайда қаржыға қажеттілік, несие нарқы арқылы шешіледі.
Экономикалық даму талабы капитал нарқының қозғалысына да өзгерістер енгізуді алға тартты. Сондықтан капиталды нарықта сала-салаға бөлу, оны пайдалануда мерзімдік жағынан шектеуді өзгерту қажет болды. Қарыз капиталының тек бұрынғы ғана түрі қысқа мерзімдісі қысқартылып, оның орнына қаржыны бірден орташа және ұзақ мерзімді нарық арқылы пайдалану ісі өмірге келді.
Экономикалық тиімділік тұрғысынан алғанда, қарыз капиталын пайдаланудың бұл шарасы аса тиімді. Бұл шара несие нарқында шетелдерден капитал алуды және шетелдік мемлекеттердің заңды тұлғаларға, жеке азаматтарға беретін қаражатты нарыққа шоғырландыра отырып, қаржыға деген сұранысқа сәйкес капитал бөлуді қамтамасыз етуге мүмкіндік жасады. Бұл әдіс нарықтық қатнас жүйесінде несие нарқын тиімділік мақсатта дамытуға, капитал қозғалысын барынша өрістетуге елеулі үлес қосады. ХХ ғасырда 50-жылдардан бастап, доллар негізінде еуропалық валюта нарқы қалыптасты. Мұның мәнісі мынадай: егер доллар иесі депозитті америкалық банктен еуропалық шетелдік банкке аударса, ол еуропалық доллар болып саналатын сипат алады. Долларды осындай әдіспен алған еуропалық банктер бұл долларды өз қаражаты сияқты кез келген елге несие беру үшін пайдалануға ерікті болады.
Қазіргі кезеңде әлемдік қарыз капиталы нарқы бір-бірімен өзара тығыз байланысты үш саланың қызметі бағытымен ерекшеленіп отыр.
Олар:
-Ірі банктер арсындағы әлемдік ақша нарқы.
Бұл салада депозиттік қарыз беру бір күнге немесе бір жылға дейінгі қысқа мерзімдік талап бойынша іске асырылады. Мұнда несие алу телефон байланысы арқылы да шешіле салатын болады. Осыған сәйкес 50-жылдардың соңында еуропа валюталық нарқы пайда болды.
-Капиталдың әлемдік нарқы өзіндік сала. Бұл сала екі түрлі міндетті жүзеге асырады:
-қарыздың берілетін орны мен валюталық мөлшерді сипаттайтын міндет. Бұд міндет бойынша дәстүрлі әдіспен шетелдік несиелер орташа және ұзақ мерзімге беріледі.
-еуропалық несие нарқында 1968 жылдан бастап қарыз ақша бір жылдан 15 жылға, тіпті одан да көп мерзімге берілетін әдіс қалыптасты.
-дүниежүзілік ақша нарқының қалыптасуы. Бұл салада құнды қағаздарды шығару және сату іске асырылады. Осы саладағы қызметке қарай 70-жылдардан бастап, еуропалық қаржы нарқы қалыптасты.
Достарыңызбен бөлісу: |