Саяхат басталды.
Туризм (франц. tourіsme, tour – серуендеу, жол жүру) – адамның бос уақытында негізінен айтқанда жұмыстық, не мәлім міндеттік мәжбүрлеумен емес, туысшылаумен емес, өз еркінше көңіл көтеру мен демалу үшін, тәуекел жасау үшін, көріп қызықтау үшін, яғни субъективті рухани қажеттілік бойынша басқа бір жерге ерікті саяхаттап, серуендеп баруы. Жақын жердегі қысқа мезетті орындалатыны - серуен делінсе, алыс жерге аттанған ұзақ мерзімдісі - саяхат делінеді.
Туризм әлемдік экономикада басты рөлдің бірін атқарады. Дүниежүзілік туризм ұйымының (ДТҰ) деректері бойынша ол әлемдегі жалпы ұлттық өнімнің оннан бір бөлігін, халықаралық инвестицияның 11 пайыздан астамын ұстайды, әлемдік өндірістің әрбір 9-шы жұмыс орнын туризм қамтамасыз етеді.
Туризмнен түскен табыс мұнай, өнімдері және автомобиль экспорты табысынан кейін тұрақты 3-ші орында келеді. Мұндай оң үрдіс жаңа мың жылдықтың бас кезінде де ұсақталады деп күтілуде. Әлемдік туристік рыноктың дәстүрлі аудандары өзінің рекреациялық сыйымдылығының шегіне іс жүзінде жеткендіктен, туризмнің өсуі туристер баратын жаңа аумақтар есебінде басым дамитын болады. Осыған байланысты, Қазақстанның әлемдік туристік рынокта өзінің лайықты орнын табуға бірегей мүмкіндігі бар.
Дүниежүзілік туризм ұйымының болжамы бойынша ХХI ғасырда туристік индустрияның өсуі артады және 2020 жылы әлемдегі туристік саяхаттар 1,6 биллион бірлік құрайды.
Туристерді жағымды пікір ғана емес, қайта тұмса табиғат, тылсым құбылыс, ғажайыптар, тәуекелдер, бұрын-соңды болмаған жаңалықтар, басқа да оларды өз елдерінде бола бермейтін ерекше жағдай мен көңіл күйлер шақырады. Сондықтан туризмді дамыту үшін туристік өңір туралы романтикалық (бәлкім тылсым, бәлкім қорқыныш, бәлкім таңғажайып) түсініктердің қалыптасуына айырықша мән беру керек.
Адамдар неліктен саяхат жасауды ұнатады?
Әлем елдерінің таңғажайып мекенімен танысу-көңілге қуаныш сыйлайды, тынығуыңызға септігін тигізеді. Саяхатты әрбіріміз әр түрлі мақсатта құрамыз, алайда оның да өзіндік пайдасы бар екен. Ендеше, саяхат жасаудың ерекшеліктерімен бөлісейін:
1. Сіз шаршап-шалдығасыз, естен кетпес демалысты қалайсыз.
Көптеген тұлғалар қолайлы уақытты таңдап, өзіне ұнайтын мемлекетте сауық құруды ұнатады. Дәл осындай саяхаттан кейін, сіз ерекше жеңілдікті сезінесіз, сүйікті жұмысыңызға деген құлшынысыңыз ашылады.
2. Жоспармен жүруді әдетке айналдырасыз.
Саяхат барысында мүмкіндігіңіз одан әрі артады. Сіз шулы ортаны не болмаса тарихи мекендерді аралауды ұнатпайтын боларсыз, бірақ бұл өзіңізді басқа қырыңыздан көрсетуге таптырмас мүмкіндік.
3. Адамдармен қарым-қатынас.
Жаңа орта тауып, өз көзқарастарыңызбен бөлісу-саяхат кезінде мәңгілік естелік сыйлайды. Бәлкім, сіздің қызығушылықтарыңызға сай жандар кездесетін болар. Олармен уақыт өткізу-кемшіліктеріңізді түзеуге көмегін береді.
4. Өзге мемлекеттің ғұрпы мен дәстүрімен танысу.
Кейбіріміз көптеген елдердің салт-санасына ерекше назар аударып, интернет көздерінен қосымша мәлімет іздестіреміз. Саяхат жасау арқылы басқа да халықтың ерекшеліктерімен танысып, етене байланыс жасай аласыз.
5. Мәселелеріңізді шешу.
Егер сізде қиындық туа қалса, ойланбастан саяхатқа аттаныңыз. Бірнеше уақыттан соң, сіздің ой-санаңыз тазарып, 24 сағат бойы тоқтаусыз жұмыс істейді. Тексеріс жасап, тәжірибе жинақтайсыз.
6. Суретке түсу.
Әлем елдерінің көрікті жерлеріне құрмет көрсететін адамдар-естелік қалдыруды ұнатады. Сол үшін де суретке түсіп, терең тарихымен бөліседі.
7. Өзге тілді үйрену.
Мәселен, сіз ағылшын немесе итальян тілін меңгеруді қалайсыз. Есіңізде болғаны жөн:сіз өзге елдің ана тілін практикалық тұрғыда ғана үйренесіз. Парижге саяхат жасауды ұнатсаңыз, француз халқымен қарым-қатынас құрасыз. Бұл сіздің акцентіңіздің дұрысталуына көмектеседі.
8. Өзіңді және әлемді тану.
Егер жақын жаныңыздың ішкі әлемімен танысқыңыз келсе-онымен саяхаттаңыз. Жалғыз аттанар болсаңыз, жан дүниеңіздің шынайылығын танисыз.
9. Саяхат жасауды ұнату.
Кез-келгеніміздің жеке позициямыз бен әуестігіміз бар. Мүмкін, сіз де саяхаттағанды ұнататын боларсыз?!
Саяхат - өмір көрінісі. Баршамызға тынығатын жайлы орын әрі жаңа орта қажет. Әйтпегенде, бойымыздағы кейбір құндылық қорларын толықтыра алмаймыз.
Достарыңызбен бөлісу: |