Білгенүстінебілетүс Өзіне дейін ешкім таппаған қиын ұйқасты өлең түріне арнап Абай ән
де шығарған. Бұл әннің әр жылдары жазылған 8 нұсқасы бар. Әннің 1түрін
1920 жылдары Ақмола облысын аралаған А.Э.Бимбоэс әншіақын Мұстафа
Нұрбаевтан жазып алып, нотаға түсірген. Екіншісін 1922 жылы А.В.Затаевич
Орынбор қаласында Құстай Мырзабеков пен Кәрім Қашқымбаевтың айтуы мен
нотасын жазған. Үшіншітөртіншісін композитор Л.Хамиди 1935 жылы Әрхам
Кәкітайұлынан және 1938 жылы Жүсіпбек Елебековтен жазып алса, бесінші
алтыншысын 1938 жылы музыка зерттеушісі, профессор Б.Г.Ерзакович
Темірболат Арғынбаевтан және 1939 жылы Қуан Лекеровтен жазып алып,
нотаға түсірген. Әннің 7–8нұсқасын 1984 жылы Мәкен Мұқаметжанова
мен Қали Байжановтың орындауында музыка маманы Қайролла Жүзбасов
нотаға түсірген. Бұлар «Әр халық әндері» (1971), «Айттым сәлем, қаламқас»
(1986), т.б. Абай әндері жинағына енгізілген. Композитор С.И.Шабельский
«Абайды еске алу» деген фортепианолық триосының бір бөлімін осы «Сегіз
аяққа» арнаған.
«Абай»энциклопедиясы Әдебиеттеориясы Пародия (фр.
рагосііа – керісінше қайталанған өлең) – белгілі бір
шығарманы немесе оның авторын, әдеби ағымды, тұтас бір жанрды соған
еліктеп, сынапсықақтайтын әдебиет, театр, музыка және эстрада жанры.
Қазақ әдебиетінде пародия нышандары халық ақындары шығармасынан,
ақындар айтысынан байқалады. Пародия әдебиетте сын нысанына,
мақсатына қарай юморлық және сатиралық болып бөлінеді. Юморлық
пародия жеңіл әзілді, достық әуенде болса, сатиралық пародия өткір тілді
болады.
Пародияның мақсаты – кісіні мазақ қылу емес, адамның жақсы қасиетімен
бірге өзі байқамайтын кейбір кемшін тұстарын жеңіл әзілмен жеткізу.
Пародия жасайтын адам
пародист деп аталады.
«Қазақәдебитілініңсөздігі»