АрманғА ҚУҒан жетер



бет8/9
Дата12.11.2016
өлшемі2,98 Mb.
#1591
1   2   3   4   5   6   7   8   9

11-1129

  • 145

  • адам”, “арабша-парсыша-қазақша түсіндірме сөздіктері” қолыма түскенде ол кісінің көп тіл білетініне иландым.

  • Бір күні өлгі Захаров: “Сен маган өткен жылы нанбадың ғой. Қазір сол адам аэропортта түр. Нүрекең мені алып кел деп жіберді, көрсең жүр” - деді. Мен үят болар деп бармадым. Ол кісі Нүрекең үйіне баласын ертіп келіп, конақ болыпты. Келген шаруасы былай екен: Жүбайы 18 бала тапқанымен, түрғаны біреу. Ол армиядан келіп, мен мал бақпаймын, оқішын депті. Сонда әкесі қалада сенің менен басқа өкең бар, соған апарайын деп ертіп келіпті. Нүрекең екеуі қүрдас екен. Нүрекең: “Мен 2-3 күннен кейін Алматыға барамын, сонда ала кетемін” - деп уөде беріпті. Оны орындапты. Әттең, енді сол жігіттің фамилиясын білмегеніме өкінемін...

  • Көп жылдардан кейін Нүрекеңді 1968 жылы Мөскеуде метрода кездестірдім. Ол өзінің Ленин кітапханасьгаан келе жатқанын, сөздік жазумен піүғылданып жүргенін айтып, үйіне шақырды... Вернадский алаңынан метродан түсті. Бүл менің ол кісіні соңғы көруім болды.

  • Бірақ айтқан сөздерінің, жақсы істерінің бәрі жадымда:

  • “Аға болсаң - ақыл айт,

  • Ақыл айтсаң - макүл айт” - деген, өсиетті Нүрекең ағамыз орындаған кісі.

  • Байдалы би: “Ағасы бардың жақсы болса - жағасы бар, жаман болса, інісіне жабар - жаласы бар” - деген екен. Нүрекеңмен 6 жыл жүмыстас болғанда өзіме таққан жаласы жоқ, ақылын айтып аға болды, туғанымдай пана болды.

  • “Өлген кісінің тірілгені, тірі кісінің еске алғаны” - ғой. Менің естелігім оқыған д үғам болсын, оны қоғам білсін!

  • Нүрекеңнің өмірі кейінгі жастарға үлгі болсын, қалдырган еңбектері олардың мүлкі болсын!”

  • Бөрін айт та бірін айт. Осылай атыраулықтар Нүртас Оңдасынов жайлы жылы лебіз, ыстық ықыластарын “Манасты” жырлаған жыршыдай, таңнан таңға, күннен күнге асып айта береді. Себебі, олар Оңдасынов жайлы кәп біледі, білген соң айтады.

  • Оған 2003 жылдың көктемінде “Нүртас Оңдасынов” атты естеліктер кітабының шығуына орай Атырауға барғанымызда коз жеткіздік. Облыстық Мүрагат үйінде, осы мекеменің бастығы Рабиға Әжіғалиева Оңдасыновтың замандас өріптестерін, тіптен шәкірттерін десем де болады, басын қосты. Олардың бәрі қазір - зейнеткер. Сол жолы

  • аксакалдар сананың сандығына салып тастаған сырларын бірінен кейін бірін ағытты-ай келіп.

  • Олар:

  • Мүкашев Саламат, Көшеков Оңайбай,

  • Т емірташев Қ., Қуанышов Бағыт,

  • Айдаров Айдьш, Қарасаев Орынғали,

  • Түгелбаев Қашқьш, Еркінөв Орынбасар,

  • Абдолов Ғибадолла, Сүлтанғалиев Олжағали...

  • Қайран менің,

  • Қүс канатты - тарихым,

  • Таңдайына үялаған жыршының,

  • - деп, Адай акын айтқан “жыршыны” “замандасқа” ауыстырғым келіп-ак түрды, сонда менің.

  • Олар Нүртас Оңдасыновты мактап, сосын марапаттап, акырында замандас, кызметтес, өздеріне үстаз болғанын мақтан түта баяндады. Бірі “Көсем” - деді, бірі “Үлы” - деді, бөрі шын жүректен шыккан шынайы еді.

  • Біз сол барысымызда Жылой ауданының 75 жылдык тойына тап келдік. Оған Саламат Мүкашев аға мен Мария жеңгей, үшеуіміз бардык. Ал, аудан әкімі Нүртас Мүхтар- үлы өзінің есімін ата-анасының Оңдасыновка, жаксыға үксаған деген ілгері ниеттен койғанын мактана айтты. Жас Нүртас - ата-анасьшың ырымын қырын кетірмепті. Өйткені, сол жолы біз аудан халқына қадірі бар, аузында дуалы сөзі бар, болашағы бүдан да зор жасты көрдік.

  • Бірақ, Оңдасыновты білетін, өріптес болғандардың бір өкінері - даңғаза, даңғой Хрущевтың кесірінен Оңдасьшов 58 жасында, картаймай түрып зейнеткер атанып, шаршамай түрып - демалыска шыққандығы. “Надан - данамен өш” - деген халық сөзі рас екен. Ел басқара алатьш қабілетіне де, үйымдастырушылық іскерлігіне де қарамай, Сталиннің кадры деді ме, өлде ЦК-ға Бюро мүшесі болып жүргенде Өзбекстанға берілетін аудандар мөселесінде теке- тіресіп қалған сөттерді жадында сақтап қалғаннан ба, өлде біреулер қызыл су жүгіртті ме, өйтеуір, Хрущев Оңдасыновпен үстасып алды. Бүл пікірді де айтқан сол замандастары.

  • Осыған байланысты бір өңгіме біздің де ойымызға түседі. “...Ол кезде мен Үкімет басындамын. Мөскеуге бір жиьшға келгенбіз. Бюро мүшесі ретінде жиьшды Хрущев жүргізіп отыр екен, онсыз да өзім аса үната қоймайтынмын, алыстау

    отырайын деп арт жакка жайғастым.

    Өзбек ССР-інің шаруашылығы тыңдалып жатты ғой деймін... Бір кезде Хрущев елеңдеп, жалтақтап залдан біреуді іздей бастады. Бір кезде:



    • Жолдас Оңдасынов, Сіз, Сізді айтамын, — деп, қолымен орныңнан тұр дегенді ишарамен көрсетті.

    Мен орнымнан тұрдым.

    Хрущев сұқ саусағын маған сұқтап:



    • Жолдас Оңдасынов, мақта егетін аудандарды сен неге Өзбекстанға бермейсің? Өзбектер мақтаны жақсы өсіреді, - деді. Үнінде өктемдік пен мысқыл бар.

    • Жер менікі емес, мемлекеттікі. Ал, мақтаны біз де жақсы өсіреміз, өткен жылдьщ жоспарьш асыра орындадық, - дедім. Не керек аузына келгенін айтып, біраз шаптығып барып тоқтады. Байғұстың ақылы аздау, эмоңиясын тежей алмайтын адам еді, - дегенді Оңдасынов аузынан өзіміз естігенбіз.

    Оңдасынов қызметтен кеткеніне емес, бастаған талай шаруасын аяқтай алмай, өлі де тұрмыс жағдайы төмен ел- жұртты көтере алмай кетіп бара жатқанына ренжіді. Рас, шын мөнінде қапаланды.

    Бірақ, өлдекімдердей лауазымды қызметтен кетсе өлетіндей, қалтырап-дірілдемей, үйтіп-бүйтіп пенсияға жетіп алайьш демей, иіліп-бүгілмей қызметтен босатуьш талап етті.

    Иә, Ардьщ Билікке бағынбаған түсы бүл!

    “Қорға жүртты, қорғағандай Арыңды!”. Омір бойы жүртына қорған, халқына жанашыр бола білген жан өз Арын да аяққа басқызбады. Оңдасынов бүл қылығымен, өрекетімен көпті, ел-жүртьш таңқалдырып, төрбиелеп кетті. “Малым жанымның, жаным Арымның садағасы” - дейтін қазақ перзенті екенін танытты. Риза болғандар: “Тусаң ту осындай боп!” - деп те жатты.

    Алайда, ел ішінде “денсаулығына байланысты кетіпті” деген қауесеттер де айтылды. Қандай, кімнің денсаулығы хақында ол өңгіме!? Оңдасынов осыған дейін денсаулығына байланысты бір рет те бюллетень алып кормепті. Оны өзі айтатын.

    Біз пақыр, Адамның езін-өзі күтуі, дене бітімінің өдемі болуы, сайып келгенде үлкен мөдениет екенін енді түсініп, көпке оны енді түсіндіріп, өлек болып жатырмыз. Ал, Оңдасынов оны баяғыда түсінген, айналасына түсіндіргісі де келген.

    Бірде командировкада жүргенде алдынан алкам-салкам боп шыккан колхоз басқармасына: “Сені ел жоғары білімді маман, басшы деп қарайды, үлгі алғысы келеді. Сен елге үлгі емес үркітесің ғой, - деп сынап, тазалыққа шақырғанын өріптестерінен естігенбіз.

    Біз болсақ қазан-қазан ет асып, жал-жаяны жайып қойып жеп жатқанда, ол орыс өйелі Валентина Васильевнаның борщы мен бәлішін, витаминді салатын жеп, деннің саулығын, тәннің тазалығын сақтаған. Амал қанша, сондай суытқан қүр аттай, ақыл-ойы кемелденген, төжірибесі жинақталған кезде билік басындағылар оның қадіріне жетпей, жөй бір Бейсенбай, Сөрсенбайларды зейнеткерлікке шығарып жаткандай өрекет жасады.

    Оңдасыновты өзіне үстаз, ардақты Азамат-аға санайтын Қазакстан Компартиясының Бірінші хатшысы Қонаев араша түсе алмағанына ыңғайсызданды ма, өзі келмей идеология жөніндегі хатшы Жанділдинді жіберді.

    Сондағы Жанділдиннің “дана” сөзі, бар саналы ғүмырын халқын білімді, ғылымды, мөдениетті ел қатарына қоссам деп, “Ереуіл атқа ер салмай...” елінің жоғын жоқтап, жыртығын бүтіндеп еткен Есіл ердің мемлекет тарапынан алған бар бағасы мынадай болды:



    Жанділдин сөзі:

    • Организаңионный вопрос

    Слово имеет т. Джандильдинов.

    т.т. первый секретарь т. Ундасынов обратился в ЦК КП Казахстана установить ему пенсию и отпустить его. Его Вы знаете. За эти годы работы в области имеются сдвиги по сельскому хозяйству, имеет заслуги перед государством.

    Учитывая его возраст и заслуги, ЦК решил пойти на встречу и освободить его от работы иервого секретаря обкома партии. В связи с этим возникает вопрос о кандидатуре на пост первого секретаря. ЦК рекомендует тов. Егизбаева Косая. Он молодой, но занимал ответственные посты в ЦК, он очень энергичный.

    Ал, араша түсіп, өзін жақтамағанына Оңцасынов шөкірті - Қонаевқа ренжіген жоқ. Баяғыда мемлекет ісіне алғаш араластырган, үйреткен өзім едім деп, Қонаевты қинамай, Хрущевтай ақылсыз адаммен бөтуаға, бір мөмілеге келу кім- кімге де мүмкін емес екенін түсінген соң өкпелемеген.

    “Бүлары несі, Оңдасынов мүндай шығарып салуға

    лайьщты емес еді ғой?” деп, президиумда отьфған Нұртас Оңдасыновка жаутаң-жаутаң караған көптің көңілін облыстық Атқару комитетінің төрағасы Сағидолла Құбашевтың мінберден сөйлеғен сөзі аздап сейілткендей болды.



    Қубаіиев сөзі:

    Товаргаци Мы сеғодня провожаем товаршца Ундасынова Нуртаса Дандыбаевича на заслуженный отдых, на пенсию. Товарищ Ундасынов Н.Д. работая Председателем Совета Министров Казахской ССР, Председателем Президиума Верховного Совета Казахской ССР и в нашей области - председателем облиполкома и - затем первым Секретарем областного комитета компартии Казахстана проявил себя видным государственным и партийным деятелем, вложил много сил и старания для развития экономики и культуры республики, особенно нашей области.

    Его большой опыт руководящей советской и партийной работы помогли нам в повседневной работе и мы всегда чувствовали его товарищескую заботу по воспитанию партийных, советских кадров, пользовались советом и - учились у него партийной принңипиальности.

    Исполком областного Совета депутатов трудящихся поручил мне сердечно поблагодарить Вас, Нуртас Дандыбаевич за долголетнюю и плодотворную работу на благо трудящихся республики и нашей области, пожелать Вам долгих лет жизни, здоровья и хорошего отдыха.

    Исполком областного Совета депутатов трудящихся в знак признания Ваших больших заслуғ перед нашей области решил наградить Вас, Нуртас Дандыбаевич Почетной грамотой Областного Совета депутатов трудящихся.

    Мы просим Вас где бы Вы не были держать постоянную связь с нашей областью и своим добрым советом помогать развитию ее экономики и культуры.

    Разрешите мне еще раз пожелать Вам дорогой Нуртас Дандыбаевич всего наилучшего в Вашей жизни.

    Фариза ацынныц:

    Үстемділіктің қолына ақыл кейде,

    Су құяды зығыры қайнап тұрьш,

    - дейтін жолдарын осындай сөттер туғызған шығар, кім білсін! Өділетсіздіктің төбеңде атойлап тұрғанын көріп

    тұрып, дөрменсізсің, амалсызсың, өрекетсізсің. Неге? Себебі - билік биікте. Биліктің бүйрығы орындалады, талкыланбайды! Тағы да “неге?”...

    Бәрібір, калай болғанда да Оңдасыновтың Гурьев, казіргі Атырау өңірінде жөне Маңғыстау маңында өншес ізі, айтып тауса алмастай ісі калды. Оның бастаған бастамаларын, шаруаларьш жалғастыратьш сайдың тасындай, бойларында адалдык-парасаты бар шөкірттері калды. Оңдасьшов артьша алаңдамай, карайламай, сол шөкірттеріне сене түрып Мөскеуге, жаңа конысқа көшті.

    “... Оңдасынов обкомпарттың жүмысында жергілікті кадрларды төрбиелеуге, оларға жауапты жүмыстарды тапсыруга көп көңіл бөлді. Бүрын тіпті облыс түгілі, аудандарға басшы кадрларды сырттан өкелетін, не баска үлттан коятын. Нүрекең бөрін өзгертті. Жергілікті кадрлар түрақтанды, олар жаппай өсті. Облыстың, ауданның басшы қызметтеріне түгелдей дерлік жергілікті кадрлардан іріктеліп алынды. Зор сенімге ие болған Ж.Кейкин, Ғ.Сағымбаев, Қ.Есентаев, Б.Өтеғалиев, Қ.Темірташев, И.Жанболатова, А.Айбаров, Қ.Дүтбаев, М.Сабирова, А.Кенжебаев, С.Нүржанов, Б.Ахметқалиев, О.Еркінов, Б.Ізтілеуов, О.Қарасаев, С.Сүйшов, Р.Ерубаев, Ж.Есенжанов, А.Досалиев, Ө.Атшыбаев, т.б. бүгінгі Атырау, Маңғыстау облыстарының жан-жақты өркендеуіне іскерлігі мен білімдерін, бар кабілеттерін аямай жүмсады, ел қүрметіне бөленген беделді азаматтар, республикаға ерекше еңбегі сіңген зейнеткерлер.

    Облыстык партия комитеті, Нүртас Оңдасыновтың өзі мүнай өнеркөсібінің негізін қалаған, ірі үйымдастыру- шылары М.Исенов, С.Өтебаев, Ж.Досмүхамбетов, Ө.Балғымбаев, Р.Өтесінов, Т.Жүмағалиев, Х.Өзбекғалиев- терді, аудан басшылары Т.Қағазов, Ж.Өтеғалиев, Ө.Исмағамбетов, З.Ғүмаров, Қ.Оспанов, О.Нығмединовтерді қатты қолдады.

    Нүрекеңмен бірге еңбек еткен жөне оның тәрбиесінен өткендердің біразы республиканьщ басқару орындарында өнімді де, тиянақты да жүмыстар көрсете білді. Солардьщ ішінде, белгілі мемлекет жөне қоғам кайраткерлері М.Исенов, С.Өтебаев, С.Мүқашев, З.Камалиденов, Ө.Көшеков, Ғ.Сағымбаев, Ж.Таңқыбаев, С.Шақабаев, У.Аленова, Х.Өзбекғалиев, Е.Таскынбаев, Б.Сағьшғалиев, И.Өтеғалиевтар республикаға еңбегі сіңген сиязлы

    азаматтар...” - дейді, осындай шөкірттер көшінің бастаушысы, колхоз баскармасынан бірден облыстык аткару комитетінің төрағасы болған Сағидолла Құбашев.

    “Мөскеуге көшерде шифонер, стол, орындьщ, дивандарьш тегіннен тегін ағама тастап кетті. Оны біз күні кешеге дейін пайдаландык. Нұртас-аға тек екі сандык кітаптары мен азын-аулак киімдерімен көшті...

    Менің ағам Нұртас ағаны өмір бойы аузынан тастамай, өзіне пір тұтып өтті. Ол кісінің карапайымдылығьш, ешкімге дауыс көтермей, стол тоқпақтамай-ақ жұмыс бітіруге болатынын дөлелдеп, бізді соған тәрбиелеп кеткен көсем басшы деп, ризалығьш тауыса алмай отыратын. Тағы бір •кереметтігі, ол ешкімді руға, жүзге бөлген де, сұраған да емес. Өзімен бірге командасын шүбыртып, жергілікті кадрдың тоз-тозын шығармады. Қайта жергілікті жастарды өсірді, оқытты, төрбиеледі. Сөйлегенде аспай-саспай, ойын жүйелі жеткізетін, ақыл-парасаты мол адам еді деп, жеті жыл көмекшісі болғандағы көрген-түйгендерін бізге айтып өтті, ағам” - дейді, Халел Досмүхамбетов атындағы педагогика университетінің оқытушысы, өдебиетші-ғалым Қадыр Юсупов.

    Оңдасынов өмірінен төлім-тағылым алатын, өз өміріңе сабақ алатын тұстары көп. Құрметті мұнайшы Сафи Өтебаев: “Нүрекең ешкімге сүқ колды шошайтып “қырам- жоям” демей-ақ, дауыс көтермей ел басқарған басшы. Осы қасиетін мен өзіме үлғі түтып, мақтануға болатын, екіншісінен сабақ алатын екі эпизодты Оңдасьшовтьщ өз шөкірттері айтады.

    Ғарай Сагымбаев:


    • Қазақ ССР-нің 40 жылдық мерекесі 1960 жылы тойланбай, Хрущевтің келуін күтіп, 1961 жылдың 18 маусымында өткені белгілі. Қонақтарга арналған кеште: “Хрущев был в плохом настроении и рано ушел с приема, - деп жазады Д.А.Қонаев “От Сталина до Горбачева”, кітабында, (143-бет). Бірақ, Димаш-аға себебін ашып айтпайды. Оның себебі былай еді:

    Той үстінде Хрущев қолында арағы бар, Оңдасыновтың касьша келіп:

    • Макта өсіретін үш ауданды Өзбекстанға беруге үнемі қарсы болушы едің, ертең Қазақ ССР Жоғарғы Кеңесінің қаулысы алынады, - дейді мысқыл араластырьш. Сол кезде Нүрекең орньшан атып түрып:

    • Мен казір Қазақстанды басқарсам, өлі де қарсы болар едім, - депті тайсалмастан.

    Хрущев түпжірсе “жөрекімалла” дегенге үйренген ол Ондасьшовтьщ бүл жауабына ашуланьга, қонакасыдан кетіп калады.

    Нүрекеңе: “кенгірім сүра, ертең сессияда аудандарды беру туралы үсыныс жаса” деген бюро мүшелерінің “данышпандык” кеңесін қабылдамайды.

    Сол бір ойланбаган қаулының касіретін көршілес, агайындас екі халық - өзбек пен қазақ әлі тартып келеді... Әлі қаншама уақыт тартады екен десеңізші!..

    Осыдан кейін жылга жетпей Хрущев күш-қайраты кемімеген, іс-төжірибесі молайган шагьшда Оңдасыновты зейнеткерлікке кетуге мәжбүрлейді...



    Рахмет Өтесінов:

    • Обкомның пленум, активтерінде өндіріс басшылары жүмыстагы кемшіліктерін техникалық жабдықтардың жетіспейтіндігімен дәлелдеп, жабдықтау мекемелерінің атына сьга айтып, олардың басгаыларын айыптап жататын. Сондай бір жиыннан кейін Нүрекең Совнархоз Төрагасы Сафи Өтебаевқа жабдықтау тресінің бастыгы С.Г.Финкелынтейннің есебін тыңдауды тапсырды және сол отырысқа өзі қатысатын болды.

    Залда отырган тыңдаушылар үнемі Финкелынтейннің үстінен сын айтып жүретін мүнай көсіпшілігі директорлары.

    Финкельштейн төжірибелі адам гой, есебін тек нақты цифрларга қүрды.



    • Ең үлкен Қаратон көсіпшілігінің директоры К.Х.Огай жаңа насос-компрессор трубасы жетпейді деп сын айтты. Мынау соның осы жылғы берген сүранысы, - деп, бір жапырақ қағазды Ондасьшовтьщ алдьша қойды да, әрі қарай - біз оның үстіне 20 пайыз қосып артығымен алдырдық. Мынау біздің Қаратонға жіберген трубамыз. Ал қалғаны базада жатыр. Өздері алмайды.., - деді.

    Бүдан кейін Финкелынтейн дөл осы сияқты дәлелдерді өзін сынаған көсіпорын директорларының бөріне айтып, дәлел-қағаздарын бірінің үстіне бірін қойып, Нүрекеңнің алдына үйіп тастады да: “Кімде қандай сүрақ бар?.. - деп тақылдап түрып алды. Мынандай дәлелге директорлар дөрменсіз болып гаықты. Залда тыныгатық. Бәрі үнсіз. Біз

    отырмыз өлгі: “сыншы - директорларды казір Нұрекең сойып салатьш, бәрінің ит терісін басьша каптайтьш шығар” - деп. Жок, Нүрекең өйтпеді. Әлгі Финкелынтейн койған бар кағазды қасында отырған Совнархоз Төрағасы Сафи Өтебаевқа қарай ысыра салды да, орнынан түрып үн-түнсіз шығып жүре берді.

    Осылай Нүрекең бірімізге-бірімізді, өтірік пен шындықты беттестірді де, “қырам-жоям”, деп кейбіреулердей сүк саусағын шошайтпай-ак, бір сөз айтпастан, дөйегі жоқ сыншыларды мақтамен бауыздап, байлап салды.

    Енді экзекуцияның болмайтынын көрген жігіттер бастарын көтеріп, бойларын жазып, “уф, деп, демдерін бір алды. Ендігөрі дерексіз сын айтпасқа ант бергендей күйде еді бөрі де.

    Сөйтіп, Нүрекең “сьшның нақтылығы” деген тақырыпта осындай сабақ берген бізге.

    Міне, жақсыдан жақсы сөз, іс қалады десе, Оңдасынов артында да осындай өнеге, үлгі, төлім алатын өцгімелер ел аузында көп.



    АРТЫМДА ҚАЛСЫН СӨЗІМ ДЕП...

    Содан, Оңдасынов семьясымен Мөскеуге көшіп келді. Мүнда қүшақ жайып қарсы алған ешкім болған жоқ. Себебі Хрущевтың ауанайын аңдап, қас-қабағына қарап отырған орта елпеңдей коймады. Өйелі Валентина Васильевнаның туыстары көмектесіп, кооперативтен өз акшаларына үш бөлмелі үй сатып алды. Өмірінде еліне еткен еңбегін бүлдап көрмеген ол маған ат мінгізіп, шапан жаппады деп ешкімге шағынған да, шатқаяқтаған да жок. Қайта кооперативтен үй ала алғандарына куанып, соны канағат түтып түра берді. Ал Оңдасынов үшін қиындык басқада болды. Ол жөнінде өзі былай дейді:

    - Мөскеуге келіп жайғастық. Көнгі-қонның абыр-сабыры басылды. Азапты өмір осыдан кейін басталды. Өмір бойы он-он бес сағаттан жүмыс істеп өдеттенген адамға бос отыру азаптың азабы болады екен. Содан өзіме-өзім жүмыс іздей бастадым. Жалпы өзім өнер, өдебиет дегенді жаксы көремін. Жас кезде ептеп өлең жазғаным болған. Кейіннен жүмыс басты болып қалып қойған. Соған оралдым. Ойланып, толғанып жүріп бір дөптер өлең жаздым. Дөптердін бетін тарс жаптым да, тек бір жүмадан кейін кайта оқыдым.

    Үнамады. Үлкен шаруа бітіргендей бір апта көтерінкі жүрген көңілім су сепкендей басылды. Жыртып тастауға қимай күйеубалам Евнейге (қызы Зубайраның күйеуі, академик Евней Арыстанүлы Букетов) жібердім. Жауап келді. Менің ақындығыма бір ауыз өлеңмен сын айтып, хат жазыпты. Евнейдің сол сынынан кейін, өрі Олжас, Қадыр, Фариза сынды акын балаларымды ренжітіп алармын деп қоя қойдым.

    Әрине, Мөскеуде, Ортальщ Комитетте отырған достарды пайдаланып үсак-түйек бір қызмет тауып, ермек етуге болар еді. Бірақ өзімді-өзім бүлай алдағым, тірі жүріп өлі күйге айналғым келмеді. Өйткен күн өтсін деген күйкі тірлікті итке тастамаймын ба!?

    Содан өз бойымдағы “қүндылыктарды” қопарып, колымнан не келеді, не келмейтіні саралап жүргенімде тосыннан ойыма Совет делегациясы қүрамында Сирия мемлекетіне барғаным түсті. Бірде бізді үлкен мешітке апарды. Олар танысу кезінде кімнің қайдан екенін сүрай бастады. Мен Қазакстаннан, астанасы Алматы деп едім ешкім біліңкіремеді. Сол түста ойыма сап етіп өзімнің туған жерім Түркістан, ондағы Қожа Ахмет-Яссауи мавзолейі түсе кетті де жалма-жан соны айттым. Сол-ак, екен жапырлап келіп қолымды алып, үстімдегі киімімнің (үзын ақ көйлек кигізіп қойған) етегін сүйіп, өбігер болды да калды. Сөйтсем, бар ғүмырын суфизм ілімін уағыздауға арнаған, даналық ойларымен үнаған Қожа Ахмет Яссауиды сирияльщтар да жаксы біледі, өрі үлкен күрмет түтады екен. Қожа Ахмет Яссауимен жерлес болғандығым үшін ғана табан астынан ең қүрметті болып шыға келдім. Одан кейін барған жердің бөрінде маған ерекше көңіл бөлініп, қүрмет жасалатын болды. Бүл менің сол елден алған үлкен әсерім. Сол кезде байқағанмын - сөздерімізде, тілде үксастьщтың барлығын. Содан ой туды - үқсас сөздерді жинап, мағынасын ашып, кімнен қандай сөз ауысты, өзгерісі калай дегенді зерттеп, неге сөздік жазбаймьш деген. Оған тағы бір себеп — бала кезімде ауыл молдасынан алған білімім, яғни, ептеп арабша хат танитындығым.

    Жаныма да осы “кызмет” жакты-ау деймін, жедел МГУ- дің шығыстану факультетінің деканьша келдім. Лекцияға қатысайын, білетінімді ойыма түсірейін, білмейтінімді үйренейін деп өтініш еттім. Жастьщ емес, көрінің талабына таңқалып, жасымның тым үлғайып кеткендігін ескертігт г»?

    төжірибесінде бұрын мұндай өтініштің болмағанын қайта- қайта айтып, өрең-өрең лекңияға қатысуыма рұқсат берді. Жарты жылдай сабақ алып, содан кейін біржола сөздік жазуға кірістім”.

    Иө, бұл Оңдасыновтың ғылымға калай келғендіғі.

    Ал, бітірғені не болды?

    Арман шіркін қоймайды екен көнере,

    Арман ұшін қиындықты шөғерем, - дейді Қадыр ақын.

    Оңцасынов та жас кезінде ғалым болсам деғен арманьша кексе шағында қол жеткізіп, “инемен құдық қазғызатьш” ғылымға таланты мен ниетін шөғеріп, өмірінің соңғы 25 жылын арнап, артында 2 томдық “Арабша-қазақша түсіндірме сөздік”, 1 томдық “Парсыша-қазақша түсіндірме сөздік” жөне “Араб текті қазақ есімдері”, түпнүсқадан аударылған “Шығыс халықтарының мақал-мәтелдері”, түріктің белғілі сатириғі Мехмед Теуфактің қазақшаға аударған “Бү адам” кітабы, мол мүрасы қалды.

    Осы түста шамалы анықтама беруді жөн көріп түрмыз. Оңдасыновтың артында қалған мүрасы хақында әр жерде, өр түрлі айтылып, жазылып жүр. Біреу 10 том, кейбіреулер 6 том калды артында дейді. Қолжазба-күжаттарын, жазған естелігін өз қолынан алған, не бар-не жоғын, не қалғанын білетін адам ретінде анықтама беруді өзіме парыз деп білемін.

    Ең алғашқы сөздік - 1969 жылы “Арабша-қазақша түсіндірме сөздік”, екінші кітап - 1974 жылы “Парсыша- қазақша түсіндірме сөздік” болып басылды. Осы кітаптарды толықтырып, жаңадан көптеғен сөздер қосып, жетпісінші жылдардьщ аяғында “ Арабша-қазақша түсіндірме сөздікті” 2 томдық көлемге жеткізіп баспаға үсынды. Ол 2 томдықтың біріншісі - 1984 жылы, екіншісі - 1989 жылы басылвіп, жарыққа шықты.

    Ал, “Парсыша-қазақша түсіндірме сөздік” туралы өңгіме өзгешелеу. Толықтырылған 3-4-том болатын бүл сөздікті 1989 жылдьщ октябрінде сол кездегі “Мектеп” баспасына апарып өз қолыммен өткіздім. Баспаның қабылдап алғандығы жөнінде қолымызда қүжат та бар. Бірақ сол кездерде қоғамға келген өзгеріс баспаларға өсерін тигізбей қоймады. Мемлекеттіктен жеке меншікке өте бастады... қаражат бұрынғыдай бөлінбеді... кітап шықпай жылдан- жылға сырғытыла берді, сырғытыла берді... біз демеушілер

    таба алмадьщ... не керек, сөйтіп жүргенде бір бастык кетіп, екінші бастык келді баспаға... Ақыр соңында толықтырылған, 3-4-том баспада жатып- жатып жоғалып кетті. Бүл жөнінде баспагерлермен талай-талай дау-дамай да болды. Ақырында “сасқан үйрек артымен сүңкидінің” керін киіп 1974 жылы басыльш шыққан “Парсьпна-қазакша түсіндірме сөздікті” (толықтырылмаған варианты) ең болмаса 3 том болып жинақталып түрсын деген ниетпен “Білім” баспасына қайыра үсьіндым. Осындай қилы-килы оқиғаны басынан өткеріп бүл 3-том 2004 жылы “Білім” баспасынан мемлекеттің колдауымен жарық көрді. Өстіп, 14 жыл баспада жатып, әупірім-тәңіріммен өрең шыққан кітапқа “3-том” деген сөз жазылмай кеткен. Сонда бар жоғы Оңдасыновтың сөздіктері 3 томдықты қүрайды. Анығы осы.

    Ал, басқа еңбектері - “Шығыс халықтарының мақал- мөтелдері”, “Араб текті қазақ есімдері”, аударма “Бү адам” кітабын және әр жылдарда жазған, әр басылымдарда кезінде басылған ана тілі туралы замандастары, өзі жайында жазған естелік-мақалаларын жинақтап шығарса тағы да 3 томдық еңбек болады. Мүндай ғибратлы іс істелінсе, Нүртас Оңдасынов соңында ауыз толтырып айтатын 6 томдық еңбек жинақталып қалар еді...

    Оңдасыновтың сөздіктерін ғылыми орта бірден қабылдай қойған жоқ. Өмір бойы мемлекет ісінде жүрген адамның ғылыммен айналысуын еріккен зейнеткердің ермегі деп кабылдап, көп ғалымдар қырын қарап, оң қабақ білдірмеген. Тіптен күл-талқан етіп сынаған кездері де болган.

    Ақырьшда төрелік айтуға Тәжікстан Ғылым Академиясы Рудаки атындагы Тіл және әдебиет институтына жүгінеді. Олардан:

    “Создание такого словаря, несомненно, являётся успехом казахской филологии и достойным вкладом его автора не только в умножение и усовершенствование филологических знаний широкого круга читателей, но и для научного анализа лексики и размах функции современного казахского литературного языка, как историческое социальное проявление существования и расцвета Казхской социалистической нации.

    И.Р./1398

    10май1978г.”

    деген пікірден кейін жол айырығанда тұрған жолаушыдай жан дүниесінде алай-дүлей күй кешіп жүрген Оңдасынов сөздік жазуға белсене кіріседі.

    Ғалым, әдебиетші Айтбай Айғабылүлы:

    “Нұртас Оңдасыновтың “Арабша-казақша түсіндірме сөздігі” - өдебиеттегі сөздік үлгілерінің шеңберін бүзып шыккан айырыкша күрылымды еңбек...

    Екінші ерекшелігі - сөздікті реестрге алынған сөздердің казак тіліндегі балама, түсінігі беріліп кана койылмайды, сонымен қатар ол сөздердің араб тіліндегі мағыналарын толық тізіп көрсетеді... Сонда көзі қарақты оқушы араб тіліндегі сөз көп мағыналы болса, оның қай мағьшасы біздің тілімізге ауысқанын, қай мағынасы енбей қалғанын аңғарады.

    Үінінші ерекшелігі - түсіндірме сөздік қазақ тіліне енген араб сөздерінің қазақ тілінің артикуляңиялық базасында қандай өзгерістерге үшырап, қандай күй кешкенін де көрсетеді. Автор бүл жерде емле сөздігіне қарап, өдеби тіл нормасына лайық сөздерге ғана мысал келтіріп қоя салса да қыруар іс тындырған болар еді. Бірақ, ол мұны місе тұтпай, ерінбей-жалықпай, халық қалай айтты, қалай дыбыстады - соның бәріне де көркем өдебиет шығармаларынан нақты мысалдар келтіре отырып түсіндіреді”.

    Міне, бүл маманның берген бағасы. Біз одан асырып айта алмаспыз. Біздің білетініміз Нүртас Оңдасынов Үкімет басында отырған кездё-ақ сөздердің дұрыс жазылуына, аударғанда мағынасының дөл берілуіне көңіл бөліп, араласып отырған басшы.

    Бір оқиғаны журналистер ортасы, тілші мамандар үмытпайды. Бірде “Соңиалистік Қазақстан” газетінде “Үлы Сталин” деген сөз “улы Сталин” болып жазылып кетеді. Ол кезде “Ү-ның” беліңцегі белдемше “У-дьщ” төбесіңде болатьш. Ол газет басылып жатқанда ескірген әріптер қатты қысым кезінде “У-дың” төбесіндегі қайыкша үшып кетіп, Үлының орнына Улы болып шыға келген. Ертеңіне-ак белгілі айқай шығып, талай адам жұмыстан кетіп, біразы сөгіс алады. Сол кездің бір шындығы: “Біз соғыста жеңілеміз-ау, деген бір ауыз сөзі үшін “халық жауы” атанып, итжеккенге айдалып кеткендерді білеміз. Ал, “улы Сталин” үшін ауылда қалып, тек қызметпен ғана қоштасып, сөгіспен шектелгендеріне қайран қаламыз?!

    Осы оқиғадан кейін, тез арада Оңдасынов үсынысымен Үкімет касынан Терминологиялык комитет күрылады да, елді шулатқан “У-дың” басындағы кайыкшаны беліне түсіреді. Өрине, мүны казір біреу біліп, біреу білмейді.

    Осыған дейін казак баспасөзінде “власть” пен “правительство” сөздері бір-а- сөзбен “өкімет” болып аударылып, “мағыналары дәл берілмей келген. Бүған “власть - өкімет, правительство - үкімет” болсын деп ақыл коскан, идея айткан, бүдан кейін наука - ғылым, учение - ілім, знание - білімнің “түсауын” кескен де Ондасынов. Талай жыл қате аударылып келген “технические культуры” деген тіркесті “техникгілық дақыл” деп “Соңиалистік Қазақстанға” нүсқау берген де Оңдасынов.

    Ол Мөскеуден хат жолдап, зябь - сүдігер, участок - танап, сувенир - төбәрік, городок - қалашық, пляж - жағажай, лекңия - дөріс, аудитория - дәрісхана, колонна - үстын, корзина - себет, мозаика - зертас, труба - керней, веноктың


    • азагүлден үғымы кеңірек, щеңбергүл деген дүрыс деп, оқырманға ой, ана тіліне жанашырлық жасап жатты.

    Бізге қалдырған қолжазба-күжаттарының ішінен сол кездегі Қазақстан КП Орталық Комитетінің Бірінші секретары Д.А.Қонаев пен Қазак ССР Министрлер Советінің Председателі Б.Ә.Әшімовке жазған хатын кезіктірдік. Ана тілі үшін алыста жатып жаны күйген Оңдасынов өзінің өткір пікірлерін айта келіп, үсынысын таратады:

    “...өзін сыйлайтын, ана тілін қадірлейтін әрбір азамат мөнерлі сөйлеуге, сауатты жазуға тырысады. Бірақ оны қазіргі жауымыздың халі көтермей түр. Бүған кедергі келтіріп отырған себептер аз емес.



    • Осы уақытқа дейін көптеген сөздердің бірге немесе бөлек жазылуы айқын жіктелмеген. Бүл бір жағынан еміле ережелерінің шалалығынан болса, екінші жағынан, баспагерлердің бар ережені дүрыс колданбайтын жауапсыздығынъщ салдары.

    • Қазақ жазуындағы үлкен бір олқылық - кейбір кірме сөздің көп вариантты болып келуі. Бір мағыналы сөздің көп варианттылығын жоймай бізде сауатты жазу, мәдениетті ел болуымыз мүмкін емес, оларды біркалыпқа тез келтіру керек. Мысалы, қазак әдебиетінде тәсбих сөзінің 20 түрі, ижтиһаттьщ - 12, ілтипаттың - 8, ғибраттың - 7, әрекеттің

    • 6, қауіптің - 5, үжданның - 4, рахметтің - 5, түрі - рақмет, рақымет, рахмет, рахмат, рахымет сияқты түріне

    кездестік. Мұндай жай парсыдан келген сөздерде көп кездеседі.

    • Орыс жөне баска тілдерден алынған жаңа сөздер сол калпында алынсын деген ереже бар. Бірак оларға жалғасатын казакша косымшалардың жазылуында бірыңғайлык жок.

    • Уакыттың талабьша сай, жаңа терминдерді кабылдау ісінде де белгілі төртіп жоқ. Көбінесе, ондай сөздер ғылыми жағынан анықталмай тұрып жазылып кетеді де, кейіннен “қалыптасып кеткендіктен” деген сылтаумен жөндеуге ұмтылмайды, әрекет етпейді. Осының салдарынан талай сөздер өз орындарын таба алмай жүр.

    “Қазак мектептерінде окыту жүмысы нашар, оларды бітіргендер шала сауатты болып шығады” деген сияқты сөздерді жиі естиміз. Рас, олардың жүмыстарьшда кемші- ліктер аз емес. Бірақ, соньщ бәріне мұғалімдер мен шөкірттер айыпты ма? “не ексең, соны орасың” деп бекер айтпаған. Жазу бірьщғайлы болмайынша, ешкімнен сауатты жазуды талап ету мүмкін емес. Шығатьш корытынды — тіл мен жазудың мөдениетін көтеретін нактылы шаралар керек.

    Егер сіздер бүл мөселенің иі жеткен, оны баскаруды жаңаша үйымдастыру керек деп тапсаңыздар, соның нақтылы шешілуіне инедей себін тигізе алар ма екен, деген максатпен кейбір ойға оралған пікірді үсынуды лайық көрдік.



    • Баспа кызметкерлері Қазак ССР Жоғарғы Советі Президиумы бекіткен “Қазак тілі орфографиясының негізгі ережелерін” айнытпай қолданатын болсын. Жаңа терминдерді тек Терминкомның рүқсатымен жазатын болсын.

    • Тіл білімі институты жазу емлесін мейлінше жетілдіріп, көп вариантты сөздерді ғылым жолымен бірқалыпқа келтіріп, таяу жылдар ішінде әр сөздің нақтылы жазу таңбасын көрсететін толық орфографияльщ сөздігін жасап, оның басылымын қамтамасыз ететін болсын.

    • “Қазак Совет энциклопедиясы” аппараты негізінде мемлекеттік “Терминология комитеті құрылса, оған қазіргі “Терминкомның” құқығы берілсе. Жаңа комитетке ғылым- ның барлык салаларының терминологияльщ сөздіктерін (тиісті үйымдармен келісе отырып) жасау жүктелсе, өйткені, терминдер калыптаспай тіл өспейді, жазу мөдениеті де болмайды.

    • Тіл белгілі ұлттың - басты белгісі. Сондықтан оны қадірлей білу, оны ұқыпты пайдалана білу - аса қасиетті қоғамдық парыз, мемлекет міндеті болуы керек.

    • Бұл хатты жолдаудағы жалғыз мақсат - ана тілдің мәдениеті озат орыс тілінің мөдениеті дәрежесіне көтерілуге тұрткі болар ма екен деген ой.

    • Мәскеу, 25-қараіиа, 1981жыл.

    • Ал бір мақаласында (“Қазақ өдебиеті”, 1979 жыл, 30 қараша( қазақшасы сұранып тұрған біраз орыс сөздерін, техника атауларын жіпке тізгендей тізіп, окырманға ұсынды. Олар: буксир - сұйрегіш, вентиляция - желдету, вентилятор - желдеткіш, форточка - желдетпе, жать - орғыш, культивация - баптау, ледокол - мұзжарғыш, ледорез -мұзтілгіш, мешалка - бұлғағыш, молотилка - бастырғыш, опрыскивание - бүрку, тағы да көптеген осындай сөздер бар... Қазір қарасак осы сөздердің көбі сәздік қорымызда Ондасынов үсынған үлгіде колданылып жүр. Тіл байлығының молаюына, оның тазалығына үлес косу деген осы болар! Сондықтан да оның осындай еңбектерін зерделей келіп Нүртас Ондасыновтың тіл саласында да өте білікті маман болғанын мойындап, өз бағасын беру қажет.

    • Осьшдай пікірді Ондасьшовтьщ ғалымдьнъш мойындаған, білгір түрколог-ғалым, академик Ә.Қайдаров та айта келіп:

    • “Нүрекеңнің сөздіктері тек араб, парсы сөздерінің жай түсіндірмесі ғана емес еді. Мүндағы тілдік деректердің біразы тілімізде болса да 10 томдық түсіндірме сөздікке кірмей қалған сөздер. Мәселен, шағыл - қасқыр тектес жыртқыш, шыр - арыстан, шахмаран - жыландар патшасы, қалаңдар - ел кезуші, дәруіш, тағы да осындай көптеген сездер Оңдасынов сөздігінде өз сипатын тапқан.

    • Бүл сөздіктердің тағы бір құнды жағы - онда бастан аяқ этимологиялық анықтамалар беріліп отыруында. Мәселен: пәрең, перен, берен деген парсы сөзі қазак эпосы тілінде пәрен — жаулық, пөрен - мылтық, берен сауыт түрінде көп кездеседі. Осы сөзді Нүрекең Еуропада жасалған дүниелердің (мата, тері, зат, т.б.) ортақ атауы деп түсіндіріп:

    • Пәренменен белдіктеп,

    • Шүғаменен желдіктеп,

    • Мақпалменен терліктеп,

    • Айылды жұптап салады... (‘ҚызЖібек") сияқты мысалдармен дөлелдеп отырады.

    • 12-1129

    • 161

    • Ойлап қарасак, жасының ұлғайған шағында, денсаулығының төмендігіне карамай, ертегілердегі тау аркалайтын дөулердей, соншама зіл батпан жүкті жалғыз өзі арқалап, оның барлык тауқыметін өзі ғана көтеріп, діттеген межесіне жеткізіп, бір өзі бір ұжымның ісін тындырганын айту ғана оңай, бірак бұл - өркімнің қолынан келе бермейтін ғаламат зор еңбек”.

    • Маңызы орасан зор осындай еңбекті Оңдасьшов 58 бен 86 жастың арасьгада жазды. Көбіміз бұл аралықта тасбих тартып, жарық дүниеде жіберген жаңсақ ісіміз үшін қүдайдан кешірім өтініп, күніне бес уақыт намазга жығылып, о дүниеге камданып жатқанда, ол кісі “жоқ, менің өлі бүл дүниеде бітірер шаруам бар!” - деп, сөздік жазып жатқан. Баршамызға қай жаста да алдыңа үлкен мақсат, мүдде қойсаң, еңбек етсең жетуге болатындықтың озык үлгісін көрсетіп, әрі оны дөлелдеп кетті ол.

    • Академик Р.Бердібаев: “...Нүртас Оңдасынов ғылыми институт басқармаса да, өзінің ізденгіштігі, еңбеккерлігі арқасында үзак жасайтын мүғал ғимарат түрғызды” - дейді.

    • Рас, Нүртас Оңдасыновтың тіршілік тамырын тереңге салып, табиғат берген “бес күндік” ғүмырды мәнді, сосыи мөңгілікке айналдырған Адамдық Рухына біз де бас иеміз!!!


    • Достарыңызбен бөлісу:
  • 1   2   3   4   5   6   7   8   9




    ©engime.org 2024
    әкімшілігінің қараңыз

        Басты бет