С.Есқараев атындағы №27 орта мектебі
«Бекітемін»
С.Есқараев атындағы
Мектеп директорының
оқу ісі жөніндегі орынбасары
_______ Т.Әменова
«__»____2021 ж
"Funny English"
(Ағылшын тілі пәнінен 5, 7-сынып оқушыларына арналған
үйірме бағдарламасы)
Дайындаған: ағылшын тілі пәнінің мұғалімі
Г.Болатбекова
2021-2022 оқу жылы
Түсінік хат
Ағылшын тілі – XXI ғасырдың тілі. Бұл тіл қазақты дүниеге танытатын, әлемдік деңгейге шығаратын тіл. Еліміздің шет елдермен қарым-қатынасымыз күшейіп отырған қазіргі заманда оқушылардың шет тіліне қызығуын, білімге құштарлығын ояту, танымдық белсенділігін арттыру басты міндет. Демек, оқушыларымыздың ағылшын тілін білуі – уақыт талабы. Шетел тілі қазіргі кезде заман талабына сай көптеген мектептерде тереңдетіп оқытылуда. жүргізілуде. Бұл оқушы бойында ерте кезеңнен бастап ұлтаралық, мәдениетаралық бірлестікке дайындықтың қалыптасуына тікелей ықпал етеді. Әлемдік өркениетке ілесе біздің мемлекетіміздің халықаралық деңгейде әр салада түбегейлі өзгерістер енгізуі, достық, ынтымақтастық қатынастар орнатуы шет тілінің маңыздылығын арттырып отыр. Шетел тілін үйрене отырып оқушы өз білімін шыңдайды, басқа ел туралы кең көлемде мағлұматтар алады, салт –дәстүрін, мәдениетін таниды. Шетел тілін бастауыш мектептен бастап оқытудың артықшылығы әрбір балаға психологиялық ойлауына, шет тілі сөзіне көңіл аударуына, түсінуіне оң әсер ететіндігі, содан соң негізгі мектепте білімін берік нығайтуын, білім сапасын арттыруға мүмкіндік беретіндігінде. Оқытылып отырған тілдің отаны туралы, оның мәдениеті туралы білмей ол тілді үйрену мүмкін емес. Қарым- қатынас тілі ретінде ағылшын тілін оқыту міндеттері сол тілдің отаны мен мәдени өмірі және халқы туралы мәлімет берумен сәйкес келеді. Қолданыстағы тілді үйрену оқушыларға сол тілдің қолдануының маңыздылығын, қосымша саяси, мәдени, тарихи бағытта қолданылатын сөз тіркестерімен таныстыру. Ұсынылып отырған «Funny English» тақырыбындағы үйірме сабағы оқушылардың мүмкіндіктерін дамытуға бағытталған. Жалпы курста оқушылар Британияның түпкі мәдениеті мен тарихы, білім жүйесі, діни ахуалы және саяси жүйесімен таныс болады. Бағдарламаның басты мақсаты – оқушыларды ағылшын тілінде өз ойын еркін айтуға, ағылшын тілінен өз мүмкіндіктерін көрсете білуге ықпал ету, өзіне берілген сұрақты тыңдап, түсініп, қысқа жауап беруге, белгілі бір дәрежеде жүйелі сөйлей білуге, диалог түрінде әңгімелесе білуге үйрету.
Достарыңызбен бөлісу: |