Абай атындағы Қазақ Ұлттық Университеті Филология және көптілді білім беру институты
ЭССЕ Топта психологиялық ахуалды қалыптастыру»
Орындаған: Аршабекова Д.О.
Топ: ДОТ 2 қазақ тілі мен әдебиеті 6В01701 Қабылдаған: Саудабаева Г.С. Алматы – 2021 Топта психологиялық ахуалды қалыптастыру» Балаға күштеп білім беруден гөрі, баланың білімге деген құштарлығын ояту ең маңызды мақсат. (К.Д.Ушинский)
Осы айтылған сөздің ішінен ақ балаға білім берудің алдында оның қызығушылығын ояту керек екен. Осыдан қызығушылықты қалай оятамыз?-деген сұрақ туындайды. Бұл сұраққа жауап бермес бұрын сабақтың басындағы психологиялық ахуал дегеніміз не? –деген мәселеге тоқталайық. Ахуал - өзара қарым-қатынас, көңіл-күйін білдіретін психологиялық ұғым. Кәбінесе топтық психологияға байланысты айтылады. Сондықтан ол, көбінесе “әлеуметтік-психологиялық ахуал” немесе “психологиялық атмосфера” түрінде түсіндіріледі. Бұған қоғам мен ұжымдағы адамдардың өзара қарым-қатынасы, көңіл-күйі мен ынтымағы, бірін-бірі түсінуі, тәртіп пен жауапкершілік, ортақ борыш пен намыс, үйреншікті жұмыс стилі, ортақ пікір, өзара сын т.б. кіреді. Оң (жақсы) Ахуалға бір қоғамдағы не ұжымдағы адамдардың ынтымағын, бір-біріне деген шексіз сенімін, шынайылық пен сыйластықты жатқызуға болады. Қоғамның орнықты дамуы немесе белгілі бір ұжымдағы еңбек өнімділігінің нәтижесі ұжымдағылардың кәсіби шеберлігі мен дағдысына, білімі мен икемділіктеріне ғана тәуелді емес, көпшіліктің мұнда қалыптасқан тұрақты көңіл-күйіне де байланысты. Сары-уайым, жабырқау, теңілу, жалғызсырау, ұрыс-керіс қоғамда да, ұжымда да қолайсыз Ахуал туғызып, ортақ мүддеге кесірін тигізеді.
Жасөспірімдер мен ұстаздар арасындағы өзара қарым-қатынас жасау мәселесі-психология ғылымындағы және тәлім-тәрбие ісіндегі әрі маңызды, әрі күрделі проблемалардың қатарына жатады. Бұл салада жүргізілген бірсыпыра зерттеулер мен осы бағытта жинақталған тәжірибелердің нәтижелері жасөспірімдер мен ұстаздар, оқушылар мен тәлімгерлер арасындағы қарым-қатынас орнатуда айтарлықтай ерекшеліктер мен сипаттар түрліше түсініктер бар екендігін көрсетті. Міне, мұндай мәселедегі елеулі жәйттің бірі-мұғалім мен шәкірттер арасындағы қарым-қатынас жасауда әрқилы қиыншылықтардың үнемі кездесіп отыратындығы.
Егер кіші мектеп жасындағы балалар үшін мұғалім барлық бейнесімен ерекше із қалдырып, оларға күшті әсер ететін тұлға болып саналатын болса, ал ересек балалар мұғалімнің әрбір қимыл-қозғалысына, іс-әрекеті мен сөйлеген сөзіне, оның ақыл кеңесіне, өзге адамдармен қарым-қатынасына, шәкірттерге қоятын түрлі талаптарына өздерінше іштей сын көзімен қарайды. Осы мәселені анықтау бағытында арнайы жүргізілген психологиялық және педагогикалық зерттеулер төменгі сынып оқушыларынан гөрі ересек оқушылар арасында үлкендердің айтқан сөздеріне құлақ аспау және айтқанынан қайтпайтын мінез көріністерінде әрқилы кедергілер мен себептер болатындығын анықтады. Әрине, мұндай мәселенің түпкі себептерін психологиялық жағынан тереңірек зерттеу-тәлім-тәрбие ісінде маңызды мәселе болып саналады.
Бізде, атап айтқанда, Қазақстанда, әсіресе қазақ мектептері мен арнаулы білім беретін орта дәрежелі оқу орындарында ұстаз бен шәкірттер арасындағы қарым-қатынас орнату, олардың арасында кездесіп қалатын қиыншылықтар психологиялық тұрғыдан әлі де қызу қолға алынып, тиянақты іздестірілмеген мәселелердің қатарына жатады. Ал, мұғалім мен шәкірттер арасындағы қатынасты іздестірудегі ғылыми-педагогикалық бірең-сараң әдебиет пен мақалаларда тек ұстазға қажетті сапаларды сөз етумен шектеледі. Осы кезде тәлім-тәрбие ісіндегі жасөспірімдермен қарым-қатынас жасауда мұғалімнің өзіндік сапа ерекшеліктерімен қатар, оның өзге адамдармен, әсіресе шәкірттердің даралық ерекшеліктерімен санасып отыру қажеттігіне баса мән беріледі. Осындай талапты анықтап оны жүзеге асыру жолында мұғалімнің бойында өзіндік сапа, ұстаздық қасиет және арнайы білімі болу керек деген міндет қойылады.
Тиімді жұмыс атқару үшін маман өзінің беретін пәнін, әр түрлі әдіс- тәсілдерді жетік білуі керек, оқушылармен тығыз қарым – қатынаста болуы қажет. Осы мәселелерді әрдайым сабақта, сабақтан тыс уақытта, белгілі бір мақсатта емес, әр түрлі жағдайларда қолданып отыру, атқарылған жұмыстардың нәтижесін көрсетеді. Баланың жеке тұлға ретіндегі дамуы, өзіндік көзқарасының калыптасуы, ой - өрісінің кеңейуіне, сабақта жұмысының тиімділігіне психологиялық ахуалдың қосар үлесі мол. Микроклимат топтағы әрбір тұлғаның көңіл күйін, топпен қанағаттанушылығын, қолайлылығын анықтайды. Бұдан басқа, сыныптың психологиялық атмосферасы нақтылы құндылықтарды қамтып көрсетедi және сыныптағы моралдiк сана және мiнез-құлықтың түрiн анықтауға көмектеседi.Сонымен қатар, мұндай өзара қатынас балаларды тәрбиелеуде әдептік және адамгершілік құндылықтарды жоғарылатуға әсерін тигізеді.
Көтеріңкі көңіл-күй есте сақтау процесін арттыра түсіреді. Сезімталдықты жады арқылы бұрынғы бастан кешкен оқиғалар мен соған байланысты ақпарат та есте берік сақталады. Осыдан сезім күйі мен ойлау сапасы арасындағы белгілі бір заңдылықтар байқалады: психологиялық комфортты жағдай танымдық мәселелерді шешуге мүмкіндік туғызады. Ал психологиялық дискомфортты жағдай оның орындалуын тежейді. Мейірімді, көтеріңкі көңіл-күймен істеген жұмыс қыза түседі. Психологтардың байқауы бойынша, көтеріңкі көңіл-күй еңбек өнімділігін арттыратын құдіретті фактор болып табылады. Ұстаздың ең басты парызы – сабақта көңіл қанағаттанарлық жағдай, көтеріңкі көңіл-күй, жалпыға бірдей өзара сыйластық кеңістігін қалыптастыру. Сондықтан, сабақты бастамай тұрып, психиологиялық ахуал тудырып, балаларды «ояту».
Жаңға жайлы психологиялық жағдай оқушылардың шығармашылықпен қатар қиялдану процестерін арттырады. Танып-білу әрекеті жоғары қанағаттанушылық күйінде өтеді. Психологиялық комфортты жағдай оқушыны қарым-қатынастың елеулі өнегесінде тәрбиелеп, жаңа ақпаратты меңгеруге дайындығын көтере отырып, жаңа білімді игеруге сананың барлық саңылауларын ашады. Психологиялық комфортты жағдай психологиялық түйіспені (контакт) қамсыздандырады, ал психологиялық түйіспе ұтымды психологиялық ахуалдың болуына жол ашады. Ұтымды психологиялық ахуал:
-оқушылардың шығармашылықпен қатар қиялдану процестерін арттыруға;
-оқушыны қарым-қатынастың елеулі өнегесінде тәрбиелеуге;
-жаңа ақпаратты меңгеруге дайындығын көтере отырып, жаңа білімді игеруге сананың барлық саңылауларын ашуға;
-танып-білу әрекетін жоғары қанағаттанушылық күйінде өтуге;
-есте сақтау процесін арттыруға;
-оқу еңбегін өнімді, сапалы болуына жетелейтін құдыретті фактор болып табылады. Атап өтілген жағдайлардың салдарынан ұтымды психологиялық ахуал балалардың психикалық дамудағы ауытқудың алдын алып, жүйке ауруларына тосқауыл қою арқылы, денсаулығы мықты, бiлiмi сапалы, адамгершiлiгi мол жас ұрпақ тәрбиелеуге жол ашады.Сабақ басында психологиялық ахуал туғызу үшін сан түрлі жағдай жасағанды жөн көремін. Бұл баланың бойындағы білімдік, танымдық, шығармашылық қасиеттерін аша түседі, оқушылар бір-бірімен тиімді жұмыс істеп, сабақтың тиімділігі арта түседі, оқушылардың барлығы ат салысып, сабаққа қатысусыз қалмайды. Қолайлы психологиялық ахуал қалыптастыру бойынша педагогикалық жұмысты ұйымдастыру әрекеттің әр түрін қамтиды: уақытты бірге өткізу, ұжымдық және жеке әңгімелер, ойын-тренингтер және т. б.
Педагогтар мен мектеп психологтары пайдаланатын неғұрлым тиімді әдіс команда құру тренингтерін өткізу болып табылады. Олар барлық сынып ұжымы мүшелерінің тиімді және анық түрде өзін көрсетуіне мүмкіндік береді.
Мен сабақта мынадай, көңіл-күй көтеретін, тренингтерді өткіземін: «Әр елдің амандасу салты» Жұптарын тауып, бір –біріне қарама –қарсы тұрады. Әр елдің амандасу салтын жасайды. Қазақтар -қол алысады Италияндықтар - құшақтасады Бразилиялықтар - бір бірінің иығын қағады Зимбабалықтар –арқасымен амандасады Македониялықтар – шынтақпен Никарагулықтар - иықпен амандасады Австралиялықтар - шапалақ ұрып серкіреді «Мен елімді сүйемін» Егер сіздің досыңыз болса, көршінің басын сипаңыз; 2. Егер сіздің үйіңізде мысық болса, өз басыңызды сипаңыз; 3.Егер сіз, иттерді жақсы көрсеңіз көршіңізді құшақтаңыз; 4.Егер сіз құстарды жақсы көрсеңіз, қолыңызды созып, құстарша қанат қағыңыз. 5.Егер сіз өз мектебіңізді жақсы көрсеңіз, аяғыңызды топырлатыңыз; 6.Егер сіздер Отанымызды жақсы көрсеңіздер, алақандарыңызды соғыңыздар! «Сөздер ойыны» Қолындағы 4 суреттің ортақ қасиетін тауып, сөз құрастыру. «Сиқырлы заттар супермаркеті» Дүкеннен өздеріне керекті заттарды таңдап, өз мінез-құлықтарына қатысты жағымды мінездеме тыңдайды. «Құпиясөз» Сыныпқа кіру үшін, оқушылар, өтетін тақырыбына сай сөздер айтып береді. «Шаттық шеңбері» Оқушылар шеңберге тұрып, бір-біріне тілек айтады. Оқушылар назарына «Табиғат тамашалары» видеоролигін ұсынауы да болады. «Бүгінгі күнге ізгі тілек» (Күн бейнесі) Табиғатқа жан бітіріп, жерге сәуле төгіп, айналаға шуақты нұрын шашатын не? (Күн.) Олай болса күнмен сәлемдесейік, бір-біріне тілек айтайық. «Үш мен» Оқушыларға 2 минут ішінде «Мен қандаймын?» деген сұраққа жауап қайтару қажет. Бұл жауапқа 3 сөз немесе сөз тіркестерін айтуға болады. Оқушыларға психологиялық ахуал тұғызатын өлеңдер Қайырлы күн, досым, Қайырлы күн болсын. Дүйсенбінің (сейсенбінің, бейсенбінің, сенбінің) сабағы Сәттілікке толсын! Біздің алар бағамыз, Кілең бестік болсын! Амансың ба, алтын күн, Амансың ба, көк аспан, Амансың ба, достарым. Сәлеметсіз бе, мұғалім. Бір, екі, үш, сынып іші тып-тыныш. Жалқаулықты тастаймыз, сабақты біз бастаймыз.
Сонымен қорытындылай келсек,ұстаздың ең басты парызы – сабақта көңіл қанағаттанарлық жағдай, көтеріңкі көңіл-күй, жалпыға бірдей өзара сыйластық кеңістігін қалыптастыру. Сондықтан, сабақты бастамай тұрып, психиологиялық ахуал тудырып, балаларды оятамыз.
Аннотация
Бұл мақалада сабақ кезеңіндегі психологиялық ахуалдың маңыздылығы туралы айтылады. Ахуал –деген терминге түсініктеме бере отырып көбінесе “әлеуметтік-психологиялық ахуал” немесе “психологиялық атмосфера” түрінде түсіндіріледі. Бұған қоғам мен ұжымдағы адамдардың өзара қарым-қатынасы, көңіл-күйі мен ынтымағы жататыны айтылады. Жасөспірімдер мен ұстаздар арасындағы өзара қарым-қатынас жасау мәселесі-психология ғылымындағы және тәлім-тәрбие ісіндегі әрі маңызды, әрі күрделі проблемалардың қатарына жататындығы айтылады. Көтеріңкі көңіл-күй есте сақтау процесін арттыра түсетіндігі және есте берік сақталатындығы айтылады.Сабақты бастамас бұрын тренингтің түрлері берілген.
Пайдаланған әдебиет
1 Б.А.Межериков Т.А. Юзефагечусь Введение в педагогическуб
деятельность.
2 Леонтьев А.Н. Проблемы развития психики.-М.: Педагогика,1972. 10-
12 б.
3 «Педагогикалық және жас ерекшелік психологиясы» А.С. Петровский
1981. жыл.
4 Дороженов С. Ұлттық Қазақстандық, Қазақстандық Ақиқат-1993 ж.
№833-40. б.