Күнделікті сабақта қойылатын формативті бағалау (1-10 балл)



Дата07.02.2022
өлшемі14,35 Kb.
#94317
түріСабақ
Байланысты:
Балл қою ережесі


Күнделікті сабақта қойылатын формативті бағалау
(1-10 балл)
1 балл-10% - ға дейін оқу тапсырмаларын орындады, қателіктер жіберді, сабақта пассивті, мұғаліммен кері байланыс нәтижелері бойынша қорытынды жасамайды, тапсырмаларды орындау кезінде дербестік танытпайды, өткен материалды білмейді;
2 балл – 20% - ға дейін оқу тапсырмаларын орындады, қателіктер жіберді, сабақта пассивті, мұғаліммен кері байланыс нәтижелері бойынша әрдайым тиісті қорытынды жасай бермейді,тапсырмаларды орындау кезінде дербестік танытпайды;
3 балл – 30% - ға дейін оқу тапсырмаларын орындады, қателіктер жіберді, қателіктерін түзетуге тырысады, сабақта кейде белсенділік танытады, оқу тапсырмаларын орындау кезінде мұғалімнің/ата-ананың/құрдастарының қолдауын қажет етеді;
4 балл - оқу тапсырмаларының 40% - на дейін орындады, қателіктер жіберді, қателерді түзету кезінде көмек қажет, әрдайым белсенді бола бермейді, кейде тапсырмаларды орындау кезінде дербестік танытады;
5 балл - 50% - ға дейін оқу тапсырмаларын орындады, бес қате жіберді, мұғалімнің көмегі қажет, сабақта әрдайым белсенді бола бермейді, кейде мүмкін болатын тапсырмаларды орындау кезінде дербестік танытады;
6 балл - оқу тапсырмаларының 60% - на дейін орындады, 4 қате жіберді, мұғалімнің көмегі қажет, сабақта ынталы, орташа күрделі тапсырмаларды өз бетінше орындай алады;
7 балл - 70% - ға дейін оқу тапсырмаларын орындады, 3 қате жіберді, қателіктерді уақтылы жойды, сабақта белсенді, тапсырмаларды орындау кезінде дербестік танытады;
8 балл - оқу тапсырмаларының 80% - на дейін орындады, 1-2 елеусіз қателіктер жіберді, мұғалімнің түсініктемелері негізінде өз қателіктерін түзетеді, Белсенді, өз бетінше жұмыс жасайды;
9 балл - оқу тапсырмаларының 90% - на дейін орындады, тапсырмаларды орындау кезінде шамалы дәлсіздіктерге жол берді, қателермен жұмыс істейді, Белсенді, өз бетінше жұмыс жасайды;
10 балл-оқу тапсырмаларының 100% орындады, қателіктер жібермеді, белсенді, дербес жұмыс жасай алады, өз жауаптарын түсіндіре алады, негіздей алады.

Электрондық журнал форматының қорытынды бағасын шығару кезінде балл саны мынадай арақатынаста есептеледі:
1 БЖБ – 25%, ФБ - 25%, ТЖБ – 50 %.
Формативті бағалау күнделікті сабақта қойылады.
1-10 балл аралығында.

Достарыңызбен бөлісу:




©engime.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет