Армысыздар құрметті ата-аналар, ұлағатты ұстаздар және біздің кішкентай шабытты шәкірттеріміз



Дата24.01.2020
өлшемі52,56 Kb.
#56406
Байланысты:
сценарий жана жыл (1)

Жургізуші:

Армысыздар құрметті ата-аналар, ұлағатты ұстаздар және біздің кішкентай шабытты шәкірттеріміз.

Бүгін сізге жырдан алқа тағайын,

Шат күлкіге толы болсын маңайың.

Көргендер де көрмегенде арманда.

Жаңа жылың құтты болсын ағайын.
Құрметті балапандарымыздын онерін тамашалуға келген қонақтарымыз! Бүгінгі жаңа жыл кешін барлығымыз көтеріңкі көңіл күймен, әсем ән, сәнді бимен өткізуге ат салысамыз деген үмітіміз бар.

Олай болса, көңіліміздің керегесін кеңейтіп, баршамызға береке сыйлар мерекелі кешіміздің шымылдығын ашуға рұқсат етіңіздер!
би "ТАНЕЦ СНЕЖИНОК"
жүргізуші: қандай керемет би біздің ару қыздарымыздың орындауында, олай болса аруларымызға жауап ретінде ұлдардың биін тамашалаңыздар.
би "ТАНЕЦ СНЕГОВИКОВ"

жургізуші:
Бәрекелді балалар! Тамаша!!! Тамаша!!!

Шыршамыз тур жараса,

Басында әсем жұлдызы

көз тоймайды қараса.

жасыл желек жамылған,

асыл моншақ тағынған,

міне, сұлу шыршамыз,

көптен күтіп сағынған.
Ал, балалар, ортада тұрған әдемі мерекелік шыршамызға қарап, қандай сипаттамалар берер едик:
Балалар: әдемі, жасыл, жайқалған, сәнді, жылтырақ, қымбатты, көптен күткен, сағындырған, мерекелік, сұлу, әсем, керемет, көңілді, жарқыраған.
жүргізуші: бәрекелді балалар! бүгінгі мерекеміздің сәні болып тұрған сұлу шыршамызды өте әдемі сөздермен сипаттап бердик. ендеше біздің топтың сұлу қыздарынын орындауындағы "Шыршалар биін" тамашалайык!
"шыршалар" биі
жүргізуші: қандай әдемі шыршалар онерін тамашаладық! бәрекелді қыздар, жарайсыңдар! ал енді шыршамыздын жанында бир ойын ойнап алсак ...
"снежинки" ойыны
жүргізуші:

Ертегінің уақыты келді,

құлақ салып тыңда енді.

ғажайып күй сыр шертеді,

қонаққа келді бізге ертегі.

аяз ата жүр орманда,

қыс келді деп жар салып.

қоян, түлкі тіпті арланда

жатты оны қарсы алып.

шапанымен сүйреп қарды,

қалың жауған жолдағы.

байқаусызда түсіп қалды,

жол бойында қолғабы.
"Жаңа жыл (караоке минус) Дәрібаевтар (Сакен Дарибаев) "
жүргізуші:

іздеп жүріп жылы жерді

қолғапқа алғаш тышқан келді.
тышқан:

мына қолғап жақсы екен,

сақтайды мені аң-құстан.

болады маған басты мекен,

танып алың мен сұр тышқан.
жүргізуші:

аралап жүріп өзен көлді,

қолғапты сосын қоян көрді.
қоян:

қоянды ішке кіргізіңіз,

күшті екен баспанаңыз.

тату болып бір-біріміз,

кереметтей дос боламыз.
жүргізуші:

достарына салем жолдай,

қолғапқа ұшып келді торғай.
торғай:

менің атым сары торғай,

өзім кіші даусым балдай.

кірейін менде үйіңізге,

қосылайын биіңізге.
жүргізуші:

достарына келді тиын,

құйрығымен билеп биін.
тиын:

тук-тук-тук, есікті ашың,

менің атым сары тиын.

орман жаңғағы жейтін асым,

болсың қолғап менің де үйім.
жүргізуші:

түлкі де байқап қолғапты,

дауыстап сойлеп салмақты.
түлкі:

құйрығы қызыл түлкімін,

тоңумен өтті әр түнім.

мені ішке кіргізіңіз,

көрмеппін үйдің бұл түрін.
жүргізуші:

бұл уақытта орманда,

жүрді кезіп арланда.
қасқыр:

айға қарап ұлыдым,

суыққа тоңып мұрыным.

болайын менде қонағың,

күзетші сізге боламын.
жүргізуші:

бұл уақытта тоғайда,

жүрді тоңып торай да.
торай:

қорқ-қорқ ал мен тораймын,

құйрығымды ораймын.

мені де ішке кіргізің,

көп кәдеге жараймын.
жүргізуші:

көрді кірпі қолғапты,

тоңып калыпты ол қатты.
кірпі:

мен кішкентай кірпімін,

арқамда ине үйілген.

сүйкімділіктің кілтімін,

орын берің үйіңнен.
жүргізуші:

қолғапқа келді қүрбақа,

ква-ква деп жырлата.
құрбақа:

менің орын жатағым,

қыста мұз боп қатады.

тоңып қалмайын далада,

кіргізіңдерші бақаны.
жүргізуші:

ешкі де жүр тоғайда,

сағынып жылы сарайды.
ешкі:

мәәә-мәә мен ешкі,

тоңдырды мені суық кешкі.

қосылайын қатарға кеп,

қосыңдаршы қане пешті.
жүргізуші:

қазда адасып жүрді мында,

қолғапқа келді жолда тұрған.
қаз:

сағындым мен жылы жазды,

га-га-га деп салған сазды.

уәде берем тыныш болам,

кіргізің ішке тоңған қазды.
жүргізуші:

қалың қарға сүрініп,

құлыншақ келді жүгіріп.
құлын:

менің атым құлыншақ,

тұяқтарымнан мұз өтті.

болама уйде жылынсақ,

боламын менде ізетті.
жүргізуші:

әтеш көріп қолғапты,

жылы жайға жол тапты.
әтеш:

әтешпін күтер жарықты,

таңда оятап халықты.

мені де ішке кіргізің,

айдарым тоңып қалыпты.
жүргізуші:

мысық та жүрді тоғайда,

үй табам деп қалайда.
мысық:

мен марғаумын мысықпын,

табаным қалды үсіп тым.

кіргізің ішке мені де,

жатайын жылы жеріне.
жүргізуші:

орын бар деп мағанда,

қолғапқа келді қабан да.
қабан:

танысаңдар қабанмын,

танымасаң ағаңмын.

қанекей ішке жіберің,

орын береді маған кім.
жүргізуші:

жүгіріп жүріп биікте,

тоңып қалыпты киікте.
киік:

шанасын аяз атаның,

сүйрейтін киіктің бірі едім.

бүгін түнеп жатамын,

ертең жолға жүремін.
жүргізуші:

билігі бар орманда,

аю келді қорбаңдап.
аю:

балдан сәл дәм татамын,

қысымен ұйықтап жатамын.

аюды ішке кіргізің,

жоқ еді менің апаным.
жүргізуші:

ақтөс келді жүгіріп,

аңдарға қарап бір үріп.
Ақтөс:

іздеп келдім алыстан,

аяз атаның қолғабын.

жылы шығыңдар бұл қыстан,

тоңбасын аяқ қолдарын.
жүргізуші:

жыл жайлы қолғапта,

ән шырқады бәрі аңдар.

суық қыстан қорғапты,

мән беріп сіздер қараңдар.

достықтың әр кез бар мәні,

балақай сенде соны біл.

дос болу достың арманы,

ертегінің соңы бұл.




балалар бастарын иіп залдан шығып кетеді.

жүргізуші:
Ерінбе қояным,

Ертеңмен оянған.

Секеңде сен енді

Шынықтыр денеңді- дей отырып, кішкентай аппақ қояндарымызды ортаға шақырып, билерін тамашалайық.
би "Заячики"
жүргізуші: бәрекелді, балалар, билеріңіз қандай көңілді, Тамаша! ал енді, жаңа жылдық мерекемізге аяз атаны шақырайық, ол орманда жүріп адасып кеткен болар!
балалар: Аяз ата! Ақшақар! Аяз ата! Ақшақар! Аяз ата! Ақшақар!



("шырша жыры әні" хором қайырмасына келгенде Ақшақар шыршаны жағады)

ойын "части тела"
балалар, такпактарын айтады.
жүргізуші: Жарайсыңдар балаларым! бізді бүгін бip куантып, алыс жерден шаршап келген Аяз ата мен Ақшақардың көңілін көтердіңдер. Барлықтарың да ақылды, білімде де өнерлі екенсіңдер.

Балалар: Сау болыңыздар!
жүргізуші: Құрметті қонақтар, балалар! 2020-шы жаңа жылға арналған мерекеміз аяқталып қалды. Көріп тамашалағандарыңа рахмет! Жаңа жыл құтты болсын, балаларыңыз сіздерге тек қуаныш пен шаттық сыйласын!!!


жұмбақтар.
1.Бір ақсақал жылына,

Бір-ақ ерт келеді.

Көп қызы мен ұлына,

Сыйлық әкеп береді.(Аяз ата)
2.Қыста жерді жауып кетті,

Ал көктемде ағып кетті. (Қар)
3.Жасыл ине киімім.

Жайлаймын тау биігін

Жаңа жылды тойласаң

Төріңдемін үйіңнің.(Шырша)
4.Терезеге қонады,

Әсем ою ояды.(Қырау)
5.Қыста ғана болады,

Ұстасаң қолың тоңады.(Қар)
6.Тісі жоқ тістеп алады,

Қолы жоқ сурет салады.(Аяз)


такпактар
Мәз болып, жиналып көп бала,

Бір-бірін құшақтап топтала,

Ойыншық іліп жүр шыршаға,

Неткен көп ойыншық мұншама.

Дайын тұр тақпақ пен әніміз,

Әрдайым құлпырсын сәніміз!

Қыс айлары көңілді,

Ақ қар жапты өңірді.

Үйренеміз жалықпай,

Коньки, шаңғы тебуді.
Оралдың өлкеме

Жаңа жыл армысың!

Оранды ақ көрпе

Асқар тау, қарлы шың!
Тоғай да, баулар да,

Ақ күміс жамылды.

Дала да, таулар да

Өзіңді сағынды.
Ақ қар жапты даланы,

Ақ жамылды айнала.

Жарқыратып шамдарын,

Шырша келді ортаға.
Келді тағы жаңа жыл

Қуантумен біздерді!

Құтты болсын қуаныш,

Құттықтаймыз сіздерді!
Нұрландырып маңайды

Шырша шамы жағылсын!

Жаңа жылдың құрметіне

Ақ тілектер ағылсын!
Аяз - Ата келе ме,

Бізге сыйлық бере ме?

Мелина: Әрине, ата келеді.

Бізге көп сыйлық береді.
Амансың ба, ұлдарым,

Амансың ба, қыздарым!

Қандай әсем жүздерің!

Қандай мөлдір көздерің!

Керемет бір ән тыңдап,

Келіп тұр - ау демалғым.
Армысыздар балалар,

Бармысыздар халайық!

Жаңа жылды жұп жазбай,

Келіңдер қарсы алайық!

Жақсылыққа бағыт алған,

Тауықпын мен жаңа жыл.
Аяз - Ата ойды, қырды,

Аралап жүр түгел шолып.

Қарап алғалы жаңа жылды,

Ол да көптің бірі болып,

Қайда қызық болса думан.

Аяз - Ата сонда болды.

Күндіз үйде ойнап бізбен,

Балалармен бірге болды.
Жаңа жыл, жаңа жыл.

Жаңа жылға жаңа жыр!

Жасыл шырша жанында,

Билеп барлық бала жүр!
Настоящий Дед мороз

Дарит нам игрушки

Он на санках их привез

Из своей избушки.
Все вокруг сияет,

Все вокруг блестит.

Новый год шагает

В гости к нам спешит.
Жаңа жыл, Жаңа жыл,

Жаңа жылға жаңа жыр.

Жасыл шырша жанында,

Билеп барлық бала жүр!
Жасыл шырша орманнан,

Бізге арнайы келіпті.

Ойыншығын балалар,

Шыршаға әсем іліпті.
Әсем шырша сәнденген,

Өз аңдарын күтеді.

Жаңа жылмен бірге біз,

Орманға кеп жетеді.
Тамаша, тамаша,

Шыршамыз тұр жараса.

Басында әсем жұлдызы,

Көз тоймайды қараса.
Дайындалдым жыл бойы,

Жолға шығар келді уақ!

Шақырымды жүздеген

Басып өту мен үшін

Жаңа жылдың түнінде

Жасыл шырша түбінде.

Кездессем деп сендермен,

Таратсам екен сыйлықтар,

Одан асқан не сый бар.

Қуаныш сыйлау балаға

Одан зор бақыт бола ма!
Мұздан моншақ тағынып,

Күміс қырау жамылып.

Ортада тұр Ақшақар,

Көптен күтіп сағынып.
Кел билейік сенімен,

Деймін тартып жеңінен

Еріп кетпе Ақшақар.

Адамдардың демімен
Міне тағы келіп тұр,

Жаңа бір жыл балалар.

Жадыратып жер үстін

Төрімізге ол шыққан.
Аспан жерге төгеді,

Ақ күмісін уыстап,

Жаңа жылда келеді

Бізге қарай жылыстап.
Жүзімізге күлкі ойнап

Қанаттанды жанымыз.

Жаңа жылды біз тойлап

Шаттанамыз бәріміз.
Бізді байтақ далада,

Асқар тауда қалада.

Биыл ғажап іс болды,

Таң ғажайып қыс болды.
Жаңа жылмен, жаңа жылмен,

Құттықтаймыз әрине.

Әкемізді, анамызды

Қонақтардың бәрін де!

Ойын: « Мимикамен табу»
Бір топ бала сырғанап,

Би билейік зырлайық.

Қалды артта қар алып,

Іздерінен қар ұшып.
Кел жаңа жыл біздерге,

Кел жаңа жыл, жаңа жыл.

Қызыл ала шапаны,

Сағындым Аязатаны.
Далада қар борайды,

Ақ мамыққа орайды.

Мұз болады қатады,

Жап - жалтар боп жатады.
Жылдың әнін бастайын,

Аяз - Ата кеп қалды.

Майысады жас қайың,

Көтере алмай көп қарды.
Жаңа жылды қарсы алдың,

Мініп алып күймеге.

Мен де бүгін ән салдым,

Араластым биге де.
Оралдың өлкеме,

Жаңа жыл армысың.

Оранды ақ көрпеге,

Асқартау, қарлы шың.
Ақ қырауға малынған

Сақалы да мұрты да.

Аяз ата сағынған,

Сәлем берді жұртына.
Безендіріп шыршаны

Жыл қуантты баршаны.

Той - маскарад басталды,

Аяз оны басқарды.
Аппақ тонға оранып,

Базарлықты мол алып.

Келді алыс сапардан,

Аяз ата оралып.
Қалып едік сағынып,

Күтіп алдық жабылып.

Жолын қойдық жарық қып,

Шыршаларға шам іліп
Аяз Ата ойды қырды

Аралап жүр түгел шолып.

Қарсы алғалы жаңа жылды,

Олда көптің бірі болып.

Қайда қызық болса думан,

Аяз Ата сонда болды.

Күндіз үйде ойнап бізбен,

Балалармен бірге болды.
Жасыл желек жамылған,

Жасыл моншақ тағылған,

Міне, сұлу шыршамыз.

Көптен күтіп, сағынған,

Кел, балалар, келіндер,

Тамашаны көріңдер
Тамаша, тамаша,

Шыршамыз тұр жараса.

Басында әсем жұлдызы,

Көз тоймайды қараса.
1. Әдемілеп біз ілген,

Ойыншықтар тізілген

Қандай жақсы шыршамыз

Ән шырқайық баршамыз
2. Жаңа жыл, Жаңа жыл

Жаңа жылда жаңа жыр

Жасыл шырша жанында

Билеп барлық бала жүр
3. Тамаша, тамаша

Шыршамыз тұр жараса

Басында әсем жұлдызы

Көз тоймайды қараса
4. Дала нұр, қала нұр

Құтты болсын Жаңа жыл

Жасыл шырша жанында,

Билеп барлық бала жүр
5Сақалы аппақ күмістей

Тістері аппақ күріштей

Нұр жайнаған ажары

Сағындық аяз атаны
6. Мол сыйлықпен келер ол

Шырқатып ән салар ем

Жылдамырақ келсе екен

Бізге сйылық берсе екен
7. Тамаша тамаша!

Шыршамыз тұр жараса

Жаңа жылда ертегі

Келе ме біздің бақшаға
8. Қыстың күні көңілді

Көп қызықты көреміз

Шығып алып далаға

Сырғанақты тебеміз
9. Шанамызға мінеміз,

Мәз - мейрам боп күлеміз

Жарысамыз бәріміз

Жарасып тұр сәніміз
10. Қорықпаймыз аяздан

Шымшыса да бетімді

Аппақ қарды кешеміз

Киіп алып етікті
11. Даламызға, қаламызға

Жаңа жыл келіп кіреді

Қартыңызға, жалпыңызға

Жалынды сәлем береді
12. Көрдің бе Аяз атаны

Аппақ екен сақалы.

Аппақ екен мұрты да

Аппақ екен шапаны
13. Тілеймін мен бар әлемге

Дос көп болсын жанашыр

Ата - әже, әке - ана.

Құтты болсын Жаңа жыл
14. Бүгін біз көңілдіміз

Жаңа жылды қарсы алып

Мерекеге келгендерді

Құттықтаймыз ән салып
15. Ән саламыз, би билеп,

Жырдан шашу төгілді

Бүгін біздің Жаңа жыл,

Қандай қызық көңілді
16. Кең пейілді, мол мейірлі

Сағынышпен табысқан

О, алақай, аяз атай

Келе жатыр алыстан
17. Даланыңда қаланың

Думандатып отбасын

Тағы, міне Жаңа жыл

Қақты уақыт қақпасын

18. Жүзімізде күлкі ойнап

Қанаттанды жанымыз

Жаңа жылды біз тойлап

Шаттанамыз бәріміз
19. Бізбен бірге ойнайды

Жаңа жылды тойлайды

Барлық бала бақытты

Болса екен деп ойлайды.
20. Жаңа жыл, Жаңа жыл

Төгілсін жаңа нұр

Сыйлығын сүйретіп,

Келді міне, Жаңа жыл
21. Ән саламыз, билеп,

Жырдан шашу төгілді

Бүгін біздің Жаңа жыл,

Қандай қызық көңілді
22. Бүгін біз көңілдіміз,

Жаңа жылды қарсы алып.

Мерекеге келгендерді

Құттықтаймыз ән салып
23. Аппақ тонға оранып

Базарлықты мол алып

Келді алыс сапардан

Аяз ата оранып
24. Аязды келіп қыс

Алғашқы қар ұшты

Аппақ болып үстіміз

Ақ қырау жабысты.
25. Аяз ата жол салып,

Ақ боранмен алысқан.

Балаларға базарлық,

Алып келді алыстан
26. Далада қар борайды,

Ақ мамыққа орайды

Мұз болады қатады.

Жып - жылтыр боп жатады.

27. Кел, балалар, тақпақты

Тақылдатып айтайық

Аяз ата таң қалсын

Сыйлық алып қайтайық
28. Аяз ата тыңдаңыз

Тақпақ айтып берейік

Ортамызда шыршамыз,

Ойнап бірге, күлейік.
29. Қыс келгенде далама

Қызығып тек тұрамын

Ат жегіп алып шанама

Аппақ қармен зырлаймын.
30. Не ойласаң жаңа жылда

Орындалады бар арман

Жаңа жылды сондықтан

Күтеді барлық балақан
31. О, керемет, керемет

Бейне аппақ көбелек

Ақшақар жай көлбеңдеп

Қонып жатыр жерге кеп

ертеде мейірімді Аяз ата орман ішіндегі шыршалар мен қарағайлардың ортасында келе жатады.

сол маңдағы өзен-көлдердің мұздарын тексеріп, шыршалардың үстіне қарларды себелеп, құстар мен қоян, кірпілерді тамақтандырып келе жатқанда байқамай бір қолғабын түсіріп алады. оны жүгіріп келе жатқан тышқан көріп қалып:
тышқан:

қандай әсем қолғап,

өзі сондай жып-жылы,

Достарыңызбен бөлісу:




©engime.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет