Өмірбаяны
Бауыржан Момышұлы 1910 жылы 24-ші желтоқсанда Жамбыл облысының Жуалы ауданындағы Көлбастау мекенінде дүниеге келді. Баруыржан Момышұлы – Екінші дүние жүзілік соғыстың даңқты жауынгері, халық қаһарманы, қазақтың көрнекті жазушысы.
Бауыржан 7 жылдық пектепті бітіргеннен кейін біраз уақыт мұғалім болған. Сонда жүргенде кезекті әскери міндетін өтеуге шақырылып, онда бір жарым жыл жүріп, запастағы командир атағын алады.
Туған ауылына оралған соң, ол біраз жыл қаржы мекемесінде қызмет істейді. Содан қайтадан Қызыл Армия қатарына шақырылы, түрлі әскери бөлімдерде взвод, рота командирі болады. 1941 жылы ІІ-ші дүниежүзілік соғыс басталысымен Бауыржан даңқты генерал – майор И.В. Панфиловтың басшылығымен Алматы маңында жаңадан жасақталған 316 атқыштар дивизиясының құрамында майданға аттанды, батальон, полк командирі қызметтерін атқарды. Соғыстың соңғы жылдарында гвардиялық дивизияны басқарады. Соғыс кезіндегі жеке басының қаһармандық ерлігімен ерекше көзге түседі. Бауыржанның осындай ерлігі жөнінде белгілі орыс жазушысы А. Бек «Волокаламское шоссе» повесін жазды.
Ұлан Қалқаман Б.
Журналист
Кітап білім бұлағы. Кітап білімнің қайнар көзі. Онсыз, яғни кітапсыз өмір сүру XXI ғасырда мүмкін емес екендіге мәлім. Кітап қана дәл мәнді білім береді, себебі ол адамды терең ойлауға жетеледі. Әр адам кітаптың беттің ашқан сайын оның әлемінің тылсым табиғаттын, жаңа құндылықтарды үйренеді . "Наданмен дос болғанша, кітаппен дос бол" деп текке айтылмаған. Кімде де болса білімділікке сәл-пәл болсада құштарлығын дамытуға көмектеседі. Кітап оқыған адамның шетте калмасы анық. Осы орайда мектебіміздің кітапхана меңгерушісі Рақат Садбекқызынан сұхбат алдым.
-Қазіргі заманда кітаптың маңыздылығы қандай?
-Халқымыз кітапты аса құрметтейді және оған үлкен мән береді. Сондықтан да «Кітапсыз білім жоқ, білімсіз қүнің жоқ», «Кітап – білім бұлағы, білім – өмір шырағы» дейді.
-Мектебіміздің кітапханасын-
да қандай жетістіктер бар?
-Кітапханамызда оқырмандар-ға арналып компьютер залында 7 компьютер орнатылған.
Ұландарымыздың электронды оқулықпен жұмыс жасауына және интернетке шығуына мүмкіндік бар.
Ұландардың патриоттық санасын ұлғайтуға арналған көптеген іс-шаралар өткізіледі.
-
Мектебіміздің кітап қоры жайында не айтасыз?
-Кітап қорынан басқа ұландарымыз күнделікті жаңалықтарды газет-журналдар арқылы танысып отырады.
Кітапханамыздың кітап қоры – 17 555 дана;
Оқулық қоры – 10 906 дана;
Газет-журналдар – 66 дана.
-Кітапханаға оқырмандардың келуі қаншалықты?
-Күніне кем дегенде 35-40 ұлан кітапханаға келеді. 7-10 ұлан компьютермен жұмыс істейді,15-20 ұлан өзімен кітап алады, ал қалғандары оқу залында әр түрлі энциклопедиялар мен газет-журналдар оқиды.
- Ұландар қандай кітапты оқиды?
-Көбінесе мектеп бағдарламасы бойынша көптеген кітаптар алады. Мысалы:калссикалық әдебиеттер: А.Құнанбаев , Ы. Алтынсарин, М.Мақатаев, А. Пушкин және т.б. Ұландар одан басқа спорт және әскери тақырыптарды қызығып оқиды. Әр пәндерден анықтамалық кітаптар алады және газеттерден жаңалықтар оқиды.
Жеті атасын білген ұл, жеті жұрттың қамын жер.
Айтушы ақылды болса,
Тыңдаушы дана болады.
Өзіңді- өзің сыйламасаң, өзгеден сый дәметпе.
Сиыр су ішсе, бұзау мұз жалайды.
Сұңқар қанаты ұшқанда қатаяды.
Әкесі қой баға білмегеннің,
Баласы қозы баға білмейді.
Кеме келсе, қайық судан шығады.
Сақтықты соқырдан үйрен,
Кішілікті түйеден үйрен.
Сын түзілмей, мін түзілмейді.
Бабасы еккенді, баласы орады.
Апасының киген тонын сіңлісі де киеді.
Елгезек екі айтқызбайды.
Тәрбиелі адам - тағалы атпен тең.
Жақсылық еккен алғыс орады.
Үлкен бастар, кіші қостар.
Шыбық тимес, шыңқ етер.
Ұлы жол үйіңнің табалдырығынан басталады.
Әдепсіз өскен адамнан, тәртіппен өскен тал жақсы.
Үлкенді сен сыйласаң, кіші сені сыйлайды,
Кіші сені сыйласа, кісі сені сыйлайды.
Ине өткен жерден жіп өтер.
Ел болам десең бесігіңді түзе.
Әдепті бала – арлы бала, әдепсіз бала – сорлы бала.
Бесік көрмеген ессіз болып, есікке енеді.
Баланың өскен бесігі – кең дүниенің есігі.
Бесіктен белі шықпаған.
Анасын сүйгеннің баласын сүй.
Атаңа не қылсаң, алдыңа сол келер.
Жақсы бала – сүйік, жаман бала – күйік.
Есік көргенді алма, бесік көргенді ал.
Ұяда не көрсең, ұшқанда соны ілерсің.
Алдыңғы арба қалай жүрсе,
Соңғы арба сонда жүрер.
Ағайынға қарап бала өсер,
Қарағайға қарап тал өсер.
Тісі шыққан балаға,
Шайнап берген ас болмас.
Жорғаның тері кеппес,
Жылауықтың көз жасы кеппес.
Құс жеткен жеріне қонады.
Тауда туған баланың,
Екі көзі таста болар.
Ашаршылықта туған баланың,
Екі көзі аста болар.
Ағаны көріп іні өсер,
Апаны көріп сіңлі өсер.
Жеті атасын білмеген – жетесіз.
Сүтпен кірген мінез.
Сүйекпен кетеді.