Арнайы білім беру кафедрасы баяндама Тақырыбы



бет6/6
Дата26.12.2021
өлшемі22,35 Kb.
#105609
1   2   3   4   5   6
Байланысты:
баяндама

Қорытынды

 Арнайы түзету мектебінде «қазақ тілі», «жазу , оқу және тіл дамыту» сабақтарында сөздік қорды кеңейту мәселесін зерттеу, оны зияты зақымдалған оқушылардың ауызша сөйлеу тілін дамытудың құралы ретінде қарастыруға болатынын көрсетті. Зияты зақымдалған балалардың байланыстырып сөйлеу тілін зерттеу оның ары қарай дамуында маңызды орынды иеленеді. Ол баланың сөйлеу, психикалық және тұлғалық дамуына әсер етеді. Байланыстырып сөйлеу тілінің дамымауы ақыл-ойы кем оқушылардың білім алуына кедергі келтіреді. Сөйлеу тілінің дамымауы баланың жалпы дамуының ең маңызды ерекшелігі – оқу әрекетіне кері әсерін тигізеді. Байланыстырып сөйлеу тілі – адамның ойы мен сезімін ауызша және жазбаша түрде жеткізеді. Ауызша сөйлеу тілі арқылы карым – қатынасқа түсу ол күнделікті қажеттілікке айналған құбылыс. Байланыстырып сөйлеу тілін меңгеру адамдардың жалпы қоғамға бейімделуіне керек жағдай.



Ұсыныс

  1. Зияты зақымдалған оқушылардың байланыстырып сөйлеу тілін дамыту үшін «қазақ тілі», «жазу, оқу және тіл дамыту» сабақтарында қызықты әдістемелер қолдану керек. Мысалы: сөзді топтастыр, суретке қарап сөйлем құра, сөйлемді толықтыр т.б

  2. Түзету жұмысы кезінде баланың есі, зейіні, сөйлеу әрекеттерінің ерекшеліктерін ескеру қажет.

  3. Зияты зақымдалған оқушылардың байланыстырып сөйлеу тілін дамыту кезінде лексикалық, грамматикалық жағын дамытуға арналған арнайы ұйымдастырылған жұмыс жүргізілуі тиіс.

  4. Зияты зақымдалған балаларға ұсынылған тапсырмалар жалпыға түсінікті, яғни оның мазмұны зияты зақымдалған балаға жеңіл, түсінікті болуы қажет.

  5. Байланыстырып сөйлеу тілін дамытуда оның мазмұнын көрнекіліктер арқылы түсіндіру керек. Зияты зақымдалған балалардың байланыстырып сөйлеу тілін дамытуда жаттамақтар, жаңылтпаштар, логоырғақ, логогрифтерді қолдана отырып оқыту мен тәрбиелеу.


Достарыңызбен бөлісу:
1   2   3   4   5   6




©engime.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет