«АРНАЙЫ КЛИНИКАЛЫҚ ПӘНДЕР» КАФЕДРАСЫ «ЖАЛПЫ ДӘРІГЕРЛІК ТӘЖІРИБЕ НЕГІЗДЕРІ (ішкі аурулар)» пәнінен Оқытушының жетекшілігімен жүргізілетін білім алушының өзіндік жұмысы (ОБӨЖ) бойынша материалдар және оны ұйымдастыру бойынша нұсқаулықтар
Түркістан, 2023
1.Тақырыбы №1: МЕТАБОЛИЗМДІК СИНДРОМ. АРТЕРИЯЛЫҚ ГИПЕРТЕНЗИЯ (АГ). 2. Мақсаты: Метаболизмдік синдромның анықтамасы, қауіп факторлары және диагностикасы бойынша білімдерін тереңдету. Метаболизмдік синдромы бар науқастарды амбулаториялық жағдайда дәрімен және дәрісіз түзету принциптері және алдын алу шаралары бойынша білімдерін және машықтануын қалыптастыру. Артериялық гипертензияның эпидемиологиясы, жіктемесі және жүрек – қантамыр қаупінің жалпы стратификациясы бойынша білімдерін тереңдету. Артериялық гипертензияның амбулаториялық жағдайда диагностикалық ізденіс алгоритмі, амбулаториялық жағдайда жүктілерді, қосарласқан ауруы бар егде жастағы және қарт адамдарда ауру ерекшелігін ескере отырып жүргізу тактикасы, стационарға, күндізгі стационарға жатқызу көрсеткіші, артериялық қысымды өлшеу, пациентті үйретудің негізгі принциптері, динамикалық бақылау, дәрігерлік- еңбек сараптамасы мәселелері, реабилитациялық бағдарламасы, санаториялық – курорттық емі және алдын алу шаралары бойынша білімдерін және машықтануын қалыптастыру.
Тақырып бойынша науқастарды сұрастыруды, дұрыс жүргізуді, тән шағымдарын ажырата білуді, ауру тарихын дұрыс жинастыруды, қарап тексерулері бойынша осы ауруларға тән негізгі белгілерін табуды және клиникалық диагнозды негіздеуді үйрену.
3. Тапсырма: 1. Метаболизмдік синдромның анықтамасы;
2. Метаболизмдік синдромның қауіп факторлары;
3. Клиникалық-зертханалық және аспаптық зерттеу әдістерінің заманауи әдістері;
4. Метаболизмдік синдромның заманауи емдеу принциптері;
5. Амбулаториялық жағдайдадағы дәрімен және дәрісіз түзету принциптері;
6. Метаболизмдік синдромның алдын алуы.
7. АГ - ның жіктелуі, этиологиясы.
8. Патогенезі.
9. Клиникалық көрінісі.
10. Гипертониялық криздер және криздер кезіндегі шұғыл көмек.
11. Асқынулары.
12. Емді дифференциялды түрде жүргізу.
13. Артериялық гипертензиясы бар науқастарды динамикада бақылау.