3. Тапсырма:
Студент білуі тиіс:
буын синдромының анықтамасы;
остеопороз туралы түсінік;
подагра, остеоартроз, ревматоидты аритрит, реактивті артриттің жіктемесі;
буын аурулары кезінде дифференциялық диагноз жүргізу үшін сұрастыру мен қараудың орны;
буын аурулары кезіндегі қолданылатын замануи зерттеу әдістері;
подагра, остеоартроз, ревматоидты аритрит, реактивті артрит кезіндегі буындардың зақымдалуының патогенезі және олардың ерекшеліктері;
подагра, остеоартроз, ревматоидты аритрит, реактивті артриттерді тексеру жоспарын, буын синдромының зертханалық өзгерістері;
подагра, остеоартроз, ревматоидты аритрит, реактивті артриттердің дифференциялық диагнозын жүргізу;
буын ауруларын емдеу;
стероидты емес қабынуға қарсы дәрілерді, глюкокортикостероидтарды, шеміршектегі зат алмасуды жақсартатын дәрілерді, димексидті, урикозуриялық және урикодепрессиялық дәрілерді қолдануға көрсеткіштер;
Студент жасай алуы тиіс:
буын синдромымен кездесетін науқастардың пропедевтикалық дағдылары және зерттеуі бойынша студенттердің білімін бекіту (Ремус-Нестер, Рич, М.Доэрти, Д.Доэрти бойынша буындардың және омыртқалардың зерттеу әдісін жүргізуді;
подагра, остеоартроз, ревматоидты аритрит, реактивті артриттерді тексеру жоспарын құруды;
зертханалық-аспаптық зерттеу әдістері нәтижелерін талдауды;
рентгенографияда буындардың жағдайын бағалауды;
буын синдромының дифференциялық диагнозын жүргізуді;
подагра, остеоартроз, ревматоидты аритрит, реактивті артрит кезінде адекватты ем тағайындау;
стероидты емес қабынуға қарсы дәрілерді, шеміршектегі зат алмасуды жақсартатын дәрілерді, димексидті, урикозуриялық және урикодепрессиялық дәрілерге рецептер жазуды.
Достарыңызбен бөлісу: |