1. Тақырыбы №12: СЕМІЗДІК. ҚАНТ ДИАБЕТІ. ҚАЛҚАНША БЕЗІНІҢ ЗАҚЫМДАНУ СИНДРОМЫ. ҚАЗІРГІ ЗАМАНҒЫ ДӘРІМЕН ЖӘНЕ ДӘРІСІЗ ЕМДЕУ ПРИНЦИПТЕРІ. ДИНАМИКАЛЫҚ БАҚЫЛАУ. НАУҚАСТЫ ҮЙРЕТУ. ҚАНТ ДИАБЕТІ. ЭПИДЕМИОЛОГИЯСЫ. СКРИНИНГ. ЖІКТЕМЕСІ. ҚАУІП ФАКТОРЛАРЫ. ДИАГНОСТИКАСЫ. НАУҚАС БАЛАЛАРДЫ, ЖАСӨСПІРІМДЕРДІ, ЕГДЕ ЖӘНЕ ҚАРТ АДАМДАРДЫ ЖҮРГІЗУ ЕРЕКШЕЛІКТЕРІ. 2. Мақсаты:Семіздік ауруы бар науқастарды сұрастыруды, қарауды, диагнозын қоюды, зерттеуді үйрену және оның диагностикалық критерийлерін анықтап емдеу тактикасын үйрену. Қант диабеті және қалқанша безінің ауруы бар науқастарды сұрастыруды, қарауды, диагнозын қоюды, зерттеуді және әр түрлі аурулардан ажыратуды үйрену. Қант диабеттің және қалқанша безінің жіктемесін және диагностикалық критерийлерін үйрену. Қант диабетіне және қалқанша безінің ауруларына әкелетін қауіп факторларын анықтау. Емдеу тактикасын, инсулинотерапияның тиімділігін үйрену. Емдеу тактикасын, тиреоидтық гормондардың терапиясының тиімділігін үйрену.