3. Сол қарынша гипертрофиясын анықтайтын ең тиімді әдіс: а) перкуссия
б) ЭКГ
в) эхокардиография
г) рентген зерттеулері
д) пальпация
4. Эссенциалды артериалдық гипертензия кезінде емдеу өткізіледі: а) жылына екі рет
б) гипертониялық криз кезінде
в) өмір бойы
г) асқынулар бар кезде
д) науқастың көңіл-күйі нашар кезде
5. Артериальлды гипертензияның қауіп факторына жатпайды: а) тұқым қуалау бейімділік
б) тұзды мөлшерден көп пайдалану
в) жара ауруы
г) салмақтың артық болуы
д) физикалық белсенділіктің төмен болуы, созылмалы стресс
6. Реноваскулярлық артериялық гипертензияны емдеудің таңдамалы тәсілі болып табылады: а) кальций антагонистері
б) b-адреноблокаторлар
в) ангиотензин айналдырушы ферменттің ингибиторлары
г) гидралазин
д) хирургиялық емдеу
7. Бүйрек артериясының тромбозы мен эмболиясына алып келетін себептеріне жатпайды: а) инфекциялық эндокардит
б) жедел гломерулонефрит
в) миокард инфаркты
г) ревматизм
д) атеросклероз
8. Феохромоцитоманың криз кезіндегі лабораториялық диагностикасы: а) УДЗ – бүйректің
б) қанның құрамындағы АКТГ-ның деңгейін анықтау
в) ЭКГ
г) экскрециялық урография
д) тәуліктік несептің құрамындағы катехоламиндердің мөлшерін анықтау
9. Иценго-Кушинг ауруындағы артериялық гипертонияның даму себебіне жатпайды: а) организмде натрийдің жиналуы
б) тамыр қабырғаларының прессорлық әсерлерге сезімталдығының күшеюі
в) глюкокортикоидтардың әсерінен ренин-ангиотензин жүйесі бел-сенділігінің артуы
г) артериялық гипертензияның бүйрек маңы ауруларынан кейін пайда болуы
д) барлығы
10. 30 жастағы әйелде А/Қ 160/90 мм сын. бағ. жоғарылаған. Мезгілмен басының ауыруына шағымданады. Зәр анализінде: салыстырмалы тығыздығы:-1022, белок-теріс мәнді, лейкоциттер 8-ге дейін көру аймағында. 10 жыл бойы ригевидон қабылдайды. Артериялық гипертензия қандай себепке байланысты (себебі болуы мүмкін) дамыған: а) Эссенциалдық АГ
б) Созылмалы пиелонефрит
в) Оральдық контрацептивтер қолданумен
г) Біріншілік гиперальдостеронизммен
д) Феохромоцитомамен