10. Конн синдромынның басты белгісі:
а) гипокалиемия
б) акромегалия
в) гиперкортицизм
г) гематурия
д) гипергликемия
1. Тақырыбы №2: ЖЕДЕЛ КОРОНАРЛЫҚ СИНДРОМ.
2. Мақсаты: Атеросклероздың, стенокардияның, миокард инфарктінің эпидемиологиясы, жіктемесі және қауіп факторлары бойынша білімдерін тереңдету. Амбулаториялық жағдайдадағы негізгі және қосымша диагностикалық шаралары, амбулаториялық жағдайда науқасты ауруханаға дейін және ауруханадан шыққан соң жүргізу принциптері, динамикалық бақылау, дәрігерлік- еңбек сараптамасы мәселелері, миокард инфарктінен кейінгі болжам, стационарға, күндізгі стационарға жатқызу көрсеткіші, санаториялық – курорттық емі, реабилитациялық бағдарламасы және алдын алу шаралары бойынша білімдерін және машықтануын қалыптастыру.
Электронды тасымалдау әдебиеттерімен, интернетте жұмыс жасап реферат дайындау.
3. Тапсырма:
1. Жедел коронарлық синдромы туралы түсінік.
2. Атеросклероздың, стенокардияның және миокард инфарктының анықтамасы, этиологиясы, қауіпті факторлары.
3. Атеросклероздың, стенокардияның және миокард инфарктының клиникасы, диагностикасы, емдеу принциптері.
4. Стенокардияның және миокард инфарктының ЭКГ – белгілері.
5. Миокард инфарктының сатылары, ЭКГ-белгілері.
6. Стенокардия ұстамасы кезінде жедел көмек көрсету шаралары.Ұстамадан тыс уақытта медикаментозды емдеу принциптері.
7. Амбулаториялық жағдайдадағы негізгі және қосымша диагностикалық шаралар.
8. Амбулаториялық жағдайда науқасты ауруханаға дейін және ауруханадан шыққан соң жүргізу принциптері.
4. Орындау түрі: ОБӨЖ журналы, MCQ
5. Орындау критериилері: Науқасты қарау, сұрастыру және медициналық құжаттармен жұмыс жасау.
6. Тапсыру мерзімдері:
ЖТЖ аурулары бойынша қорытынды сабаққа дейін.
7. Бағалау критерилері: MСQ (көп жауапты сұрақтармен бағалау) және ОБӨЖ журналы мен анықтаманы толтыру.
Достарыңызбен бөлісу: |