Орталықтың қызметін ұйымдастыру
5. Орталық облыс әкімінің шешімімен республикалық және облыстық маңызы бар қалаларда құрылады (республикалық маңызы бар қалалалар, астаналар).
6. Оңалту орталығы 0 мен 18 жас аралығындағы мүмкіндігі шектеулі балалардың келесі категориясына психологиялық-медициналық-педагогикалық көмек көрсетеді:
1) есту қабілеті бұзылған балалар (естімейтін, нашар еститін және кейін келе естімей қалған балалар);
2) көру қабілеті бұзылған балалар (көрмейтін, нашар көретін және кейін келе көрмей қалғандар);
3) тірек-қимыл аппараты қызметінің бұзылысы бар балалар;
4) сөйлеу дамуы тежелген балалар (0 ден 3 жас аралығындағы балалар);
5) ақыл ой кемістігінің әртүрлі дәрежесі;
6) психикалық дамуы тежелген;
7) сөйлеу тілінің бұзылыстары бар балалар (1-3 деңгейде сөйлеу тілінің жалпы дамымауы, тұтығудың ауыр түрі);
8) аутистік тұрғыдағы бұзылыстары бар және өзге эмоционалды-еріктік ауытқушылықтары бар балалар;
9) күрделі бұзылыстары бар, соның ішінде көру және есту қабілетінен бірдей айрылған балалар;
10) кохлеарлы имплантантты;
11) ауыр дәрежедегі ақыл-ой дамуының және терең психикалық бұзылыстары бар, арнайы білім ұйымдарына қамтылмаған балалар;
12) білім ұйымдарында педагогикалық түзете дамыту көмегі көрсетілмеген жағдайда жалпы білім беру ұйымдарында оқитын және үйден оқытылатын оқушыларға.
7. Елді мекенде арнайы білім беру ұйымдары болмаған жағдайда жасы мен бұзылыстарының ауырлығына қарамастан Орталық мүмкіндігі шектеулі балалардың барлық категориясына түзету көмегін көрсетуді қамтамасыз етеді.
Достарыңызбен бөлісу: |