Түзете дамыту процесін ұйымдастыру
8. Түзете-дамыта оқыту мазмұны балалардың жеке мүмкіндіктері мен психофизикалық және сөйлеу тілінің даму ерекшелігіне байланысты оңалту орталығы қызметінің типтік ережесінің 1 қосымшасына сәйкес жасалатын жеке дамыту бағдарламасымен (бұдан әрі-ЖДБ) анықталады. ЖДБ бала дамуының негізгі салаларын қамтиды: сөйлеу, танымдық, әлеуметтік-эмоционалдық, моторлы және өзі-өзіне қызмет ету, сонымен қатар емдік және медициналық оңалту. ЖДБ орталықта психологиялық-педагогикалық, медициналық-әлеуметтік көмек алатын баланың жеке іс-қағаздарындағы негізгі құжаты болып табылады. ЖДБ құру үшін баланың психофизикалық жағдайын командалық бағалау жүргізіледі. Командалық бағалау – түзету жұмыстарының басым бағыттарын анықтау үшін мамандар командасының баланы кешенді түрде тексеруі болып табылады.
Алдыңғы этапта қол жеткізген нәтижелерді есепке ала отырып, түзеу жұмысының міндеттерін өзгерту командалық бағалауды қайталау кезінде жүзеге асады, өткізу мерзімі – жылына 2 рет және көрсеткіштер бойынша.
9. Орталыққа балаларды қабылдау ата-аналардың (заңды өкілдерінің) келісімімен психологиялық-медициналық-педагогикалық кеңес (бұдан әрі-ПМПК) қорытындысымен жүзеге асады.
10. Ерте оңалтуды қамтамасыз ету, мүгедектікті және әлеуметтік бейімделмеуді алдын-алу мақсатында оңалту орталығына 0 ден 3 жас аралығындағы балаларды қабылдауға басымдық беріледі.
11. Орталықтан балаларды шығару Директор (Оңалту орталығының меңгерушісі) мен ата-ана (заңды өкілдері) арасындағы келісімшарттың уақыты біткен жағдайда немесе баланың орталықта болуына кедергі болатындай денсаулық жағдайы туралы медициналық қорытынды негізінде жүзеге асады.
12. Оңалту орталығында түзете дамыту процесін ұйымдастыру Оқу жоспарымен, жеке дамыту бағдарламасымен және сабақ кестесімен реттеледі.
13. Орталықта ғимараты болған жағдайда күндізгі, қысқа мерзімді болу топтарын, балалардың ата-аналарына (заңды өкілдеріне) кеңес беру пункттерін ашуға болады.
14. Топтар психофизикалық және сөйлеу тілінің даму деңгейіне қарай бірдей немесе әртүрлі жастағы балалардан жиынтықталады. Топтардың саны түзеу көмегіне зәру мүмкіндігі шектеулі балалардың санымен, ұйымның материалды-техникалық мүмкіндіктерімен, педагогикалық түзету жұмыстарын жүзеге асыру үшін арнайы білім беруге жасалған жағдайының болуымен анықталады.
15. Сабақтың ұзақтығы баланың жасына байланысты және Оқу жоспарына сәйкес өтеді:
1) жеке сабақтар – 25- 45 минут;
2) мектепке дейінгі кіші топқа арналған топтық сабақтар - 20-35 минут;
3) мектепке дейінгі ересек топқа және мектеп жасындағы балаларға арналған топтық сабақтар – 45 минут.
16. Топтардың толығуы мүмкіндігі шектеулі балаларға арналған арнайы білім беру ұйымдары қызметінің типтік ережелеріне сәйкес балалардың категориясы мен жасына сәйкес (3 жасқа дейінгі және 3 жастан жоғары) қарастырылады.
17. Түзете-дамыта білім беру процесін ұйымдастырудың Оқу жоспарына және жеке дамыту бағдарламаларына сәйкес жеке және топтық сабақтар үшін орталықта ғимарат пен келесі арнайы жабдықтардың болуы талап етіледі:
1) жеке және топтық жұмыстарға (дефектолог, сурдопедагог, мұғалім-логопед, олигофренопедагог кабинеттері, емдік дене шынықтыру залы, музыкалық ритмика, әлеуметтік-тұрмыстық бейімдеу, сенсорлы және жұмсақ бөлмелер, Монтессори кабинеті; көру және есту қабілеттерінің бұзылыстары бар балалар болған жағдайда арнайы түзету кабинеттері; психолог кабинеті және т.б.);
2) медициналық көмек көрсету (дәрігерлік қабылдау кабинеті, процедуралық кабинет, оқшаулау бөлмесі, физиотерапевтік кабинет және т.б.);
3) санитарлық-гигиеналық және тұрмыстық-шаруашылық қызмет көрсету.
18. Орталық жұмысының негізгі бағыттары мен мазмұнына байланысты және бала санына сәйкес штатта келесі қызметтік бірліктер қарастырылады: директор (Орталықтың меңгерушісі), шаруашылық жөніндегі орынбасар, бас есепші, есепші, әдіскер, әлеуметтік педагог, логопед-мұғалім, олигофренопедагог, сурдопедагог, тифлопедагог, тәрбиеші, тәрбиешінің көмекшісі, психолог, дене шынықтыру педагогы және т.б.
19. Орталықта тәрбиелеу, білім беру, түзеу-дамыту жұмыстарын арнайы педагогика (дефектология) және психология саласында жоғары кәсіби білім алған педагогтар немесе арнайы педагогика және психология бойынша қайта дайындау курстарынан өткен мұғалімдер, тәрбиешілер жүзеге асырады.
20. Орталықтағы медициналық қызмет көрсетуді штаттағы медициналық қызметкерлер жүзеге асырады: дәрігерлер, орта және кіші медициналық персонал, емдік дене шынықтыру нұсқаушысы.
Орталықтың медициналық қызметкерлері денсаулық сақтау саласындағы ҚР заңнамасымен бекітілген тәртіп бойынша аттестациядан өтеді.
21. Орталықта медикаментозды және физиотерапевтік емдеу, шынықтыру, емдік дене шынықтыру, емдік уқалау қызметтері көрсетіледі.
22. Орталықтың халықаралық ынтымақтастығы Қазақстан Республикасының заңдары мен халықаралық келісім шарттар негізінде жүзеге асырылады.
Оңалту орталығы қызметінің
үлгілік қағидаларына
1-қосымша
Достарыңызбен бөлісу: |