Арнайы педагогика ғылым ретінде, оның пәні, обьектісі, мақсаты мен міндеттері


Батыс европа қоғамымен және мемлекеттің дамуында мүмкігдігі шектеулі адамдарға қарым-қатынасы эволюциясының ІI-кезеңі (Н.Н.Малофеев бойынша



бет18/96
Дата01.08.2020
өлшемі424,86 Kb.
#76036
1   ...   14   15   16   17   18   19   20   21   ...   96
Байланысты:
Арнайы педагогика

18. Батыс европа қоғамымен және мемлекеттің дамуында мүмкігдігі шектеулі адамдарға қарым-қатынасы эволюциясының ІI-кезеңі (Н.Н.Малофеев бойынша

Қоғамның мүмкіндігі шектеулі балаларға көзқарастарының дәрежесіне байланысты Н.Н.Малофеев 5 кезеңді бөліп көрсетті:

1-кезең.(Хғ-1198)Шет Батыс Еуропалық өркениетте дамуында ауытқуы бар адамдарға төзімсіздік пен қорқыныш сезімде болды.

2-кезең.(ХІІ-ХVІІғ) мүмкіндігі шектеулі балалардың бір бөлігін оқыту мүмкіндігінің бар екенін дәлелдейді. 1770 жылы Парижде есту, сөйлеу қабілеті бұзылған балаға, 1784 жылы көру қабілеті бұзылған балаларға арнайы мектеп ашылды.

3-кезең.(ХVІІ-ХХғ)сенсорлық бұзылыстары бар балаларды оқытудың мойындалу кезеңі. Дәл осы уақытта көру, есту, ақыл-есі бұзылыстары бар балаларды біріктіріп оқытуға арналған арнайы мектептер ашыла бастады.

4-кезең. ХХғ басынан -70 ж қарай дамуында бұзылыстары бар балалардың барлығын оқыту қажеттілігі туындады.

5-кезең.ХХғ 70ж аяғы-ХХІғ бөлектенуден кіріктіруге ауысу кезеңі. Осы кезеңде антидисикриминадциялық заңдастырылған акттер қарастырады.

Мүмкіндігі шектеулі балаларды интеграциялау өзіне мыналарды қарастыру керек:

-бағытты мемілекеттік әлеуметтік саясат, осы интреграциялаудың саясатқа негізделген қоғам мүшелері мен құрылымының тұрақтылығы;

-практикалық қолдау мен түзету-дамыту шараларына ерте кезеңнен аралсау;

-мүмкінділігі шектеулі балалары бар отбасыларға әлеуметтік көмектің өмір бойына жалғасуы;

-қоғамда мүмкіндігі шектеулі толеранттылық көзқарастық қалыптасуы;

-қоғам мен әлеуметтік ортаның балаға әсері;

-осы процеске баланың белсенді қатынасуы;

-әлеуметтік қатынастардың біркелкі жаңа системасы қоғамның жаңаруын талап етеді.

Әртүрлі елдердің тәжірибесі көрсеткендей, мүмкіндігі шектеулі балалар интеграциялаудың базалық құрылымы-білім алудағы тең құқық. Осының барысында интеграция 2 түрлі формада қалыптасады. Олар: әлеуметтік және педагогикалық.

Әлеуметтік интеграция-бұл интеграцияланатын оқыту ортасының негізінде жалпы әлеуметтік ортаға мүмкіндігі шектеулі балалардың бейімделуі. Әлеуметтік интеграция түрлері, кезеңдері мен формалар аумағы өзінің жүзеге асырылуын тұлғаның 4 әлеуметтік интеграциясынан табады:

1.Отбасылық (отбасынан тыс)

2.Әлеуметтік оқыту

3.Әлеуметтік еңбек

4.Әлеуметтік реинтеграция дәрежесі

Педагогикалық интеграция-жалпы оқу жоспары,заңмен белгіленген жалпы оқу бағдарламасы мен оқу материалдарын игерудің мүмкіндігі шектеулі балаларды қалыптасуы.





Достарыңызбен бөлісу:
1   ...   14   15   16   17   18   19   20   21   ...   96




©engime.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет