Арнайы педагогика ғылым ретінде, оның пәні, обьектісі, мақсаты мен міндеттері


Көруінде мүгедектігі бар тұлғаларды оңалтудағы тифлотехникалық құралдар



бет43/96
Дата01.08.2020
өлшемі424,86 Kb.
#76036
1   ...   39   40   41   42   43   44   45   46   ...   96
Байланысты:
Арнайы педагогика

44. Көруінде мүгедектігі бар тұлғаларды оңалтудағы тифлотехникалық құралдар.

Тифлотехникалық құралдар

  • тифлотаяқтар

  • оқу машиналары

  • сөйлеу синтезі бар экрандық қол жеткізу

  • бағдарламасымен қамтамасыз етілген

  • ноутбук

  • Тифлотехникалық

  • Брайль жүйесі бойынша жазу құралы

  • құралдар

  • Брайль жүйесі бойынша жазу грифелі

  • рельефті-ноқатты қаріппен жазуға

  • арналған кағаз

  • дыбыспен хабар беретін және диктофоны

  • бар ұялы телефондар

  • дыбыс жазбасын шығаруға арналған

  • плейерлер

  • нашар көретін адамдарға арналған сағаттар


Жаңа енгізілген тифлотехникалық құралдар

(нашар көретін адамдарға)

(жаңа тізбе)



  • сөз шығаратын термометр

  • сөз шығаратын тонометр

  • Брайль бойынша алмалы-салмалы

  • Тифлотехникалық

  • әліппе

  • құралдар

  • көру қабілеті бұзылған мүгедектерге

  • арналған ине сабақтағыштар,

  • тігін инелері

  • Брайль қарпін өз бетімен үйренуге

  • болатын сөйлейтін құрал

  • тест жолақшалары бар сөз

  • шығаратын глюкометр

45. Сөйлеу тілінің бұзылымдарының психологиялық – педагогикалық классификациясы.

Қазіргі таңда логопедиялық мекемелерді құру негізі ретінде және түзету жұмысының фронтальды әдістерін қолдану үшін сөйлеу тілі бұзылыстарының психологиялық-педагогикалық классификациясы пайдаланылады. Оны Р. Е. Левина құрастырған.

Психологиялық- педагогикалык топтастыру кейіннен сөйлеу тілінің бұзылыстарын клиникалық тұрғыдан қарастырып, талдау нәтижесінде пайда болған. Бұл топтастырудың негізіне сөйлеу тілі жүйесінің құрылым компоненттері (сөйлеу тілінің дыбыстық, лексикалық, грамматикалық жағы), сонымен қатар сөйлеу әрекетінің түрлерінің қатынасы (ауызша және жазбаша түрі) ескерілген.

Осы топтастыру бойынша сөйлеу тілінің бұзылыстары екі топқа бөлінеді:

1. қарым-қатынас құралының бұзылуы;

2. қатынас құралының қолдану кезінде бұзылуы.

Бірінші топқа келесі бұзылыстар кіреді:

- фонетикалық бұзылыстар. Балалар кейбір дыбыстарды бұзып айтады немесе мүлдем айтпайды. Бұл баланың сөйлеу тілінің қалыптасуына әсерін тигізбейді, коммуникативті функциялары сақталады;

- сөйлеу тілінің фонетика-фонематикалық жетіспеушілігі (ФФЖ) - фонемді қабылдау және айтуындағы ауытқушылықтарының салдарынан әр түрлі тіл кемістіктері бар балалардың ана тілінде сөйлеу жүйесінің бұзылуы. Ол балаларда есту және ойлау қабілеті сақталған.

ФФЖ кезінде балалардың сөйлеу тіліндегі дыбыс айтудың ерекшеліктері байқалады: дыбыстарды анық айтпауы, дыбыстарды алмастырып айтуы, сыңар дыбыстарды ажырата алмауы, дыбыстарды артикуляциясы жеңіл дыбыстармен алмастыру, дыбыстардың айтылуының тұрақсыздығы. Дыбыстарды талдау, жинақтау процесі қалыптаспаған болады.

- жалпы сөйлеу тілінің дамымауы (ЖСТД) – сөйлеу тілінің күрделі бұзылуы. Бұл кемістікте ақыл ойы және есту қабілеті қалыпты балалардың сөйлеу тілінің барлық компоненттерінің қалыптасуының бұзылуы (фонетика, лексика, грамматика). Бұл бұзылыс тұрақтылығымен сипатталады және түзету жұмысында арнайы тәсілдерді қолдануды талап етеді. Аталған кемістік сөйлеу тілінің мүлдем жоқ болуынан толық дамуына дейінгі деңгейде болуы мүмкін, бірақ фонетикалық және лексика-грамматикалық дамымаудың нышаны сақталады.

Р.Е. Левина бойынша ЖСТД үш денгейге бөлінеді.



Бірінші денгейдегі балаларда тілдің мүлдем қалыптаспауы байқалады. Мұндай балаларды мақау деп атайды. Бала былдырлап сөйлейді, жеке дыбыстарға еліктейді, дыбыстық кешендер қолданады. Дыбыстардың айтуы қате, тұрақсыз болады. Сөз түсінігі төмен, сөздерді бірнеше рет қайталанған, таныс ситуацияда түсінеді.
Екінші денгей: баланың сөйлеу мүмкіншіліктерінің өсуінде қолайлы динамика байқалады. Жалпы қолданбалы сөздер пайда болады, бірақ олар бұрмаланып айтылады. Көбінесе балалар зат есім мен етістікті қолданады. Әлі де жест ере жүреді. Көптеген дыбыстарды бұзып айтады (ысқырық, ызың, сонорлы). Бала өзі, жанұясы жайында әнгімелеп бере алады, бірақ сөйлемдерінде аграмматизм байқалады.

Үшінші денгей: Балалар қарым - қатынас құралдарын кеңінен қолдана алады. Сөйлеу тілінде фонетика, лексика, грамматикасында күрделі жетіспеушілік байқалмайды, бірақ кейбір қателер болады.Сөздік қорының кедейлігінен балалар керекті сөзді тауып айтуда қиналады. Айтылуы және мағынасы ұқсас сөздерді шатастырады. Сөзжасам және сөзөзгерту дағдылары қалыптаспаған. Сөйлемнің жай конструкциялары қолданылады. Сөйлеу тілді түсінуі жақсартылған.

Бір денгейден келесі денгейге ауысуы сөйлеу тілінің бұзылуының тереңдігіне, коррекциялық ықпалдың уақытына және мазмұнына байланысты.

Бұзылыстың екінші тобына тұтықпа жатады. Тұтықпа жалпы сөйлеу тілі дамымауымен тіркесіп, байқалуы да мүмкін.

Жазбаша сөйлеу тілінің бұзылуы (дисграфия, дислексия, дизорфография) бұл топтастыру бойынша фонетика-фонематикалық жетіспеушіліктің немесе жалпы сөйлеу тілі дамымауының құрамында қарастырылады.

Сонымен, психологиялық-педагогикалық классификация логопедиялық тәжірибеде ғылыми тұрғыдан негізделген мектепке дейінгі және мектеп жасындағы балалардың сөйлеу тілі бұзылыстарына және басқа да психикалық функцияларына әсер ететін коррекциялық фронтальды әдістерін кеңінен пайдалануға мүмкіндік ашты. Психологиялық-педагогикалық классификация бойынша ең маңызды мәселе - сөйлеу тілі жүйесінің дәл қай компоненті бұзылған немесе жетілмегенін ескеру болып табылады. Осы қағиданы ұстанып, педагог ауытқудың әр түрінде түзету жұмысының дұрыс және тиімді бағытын анықтай алады.



Достарыңызбен бөлісу:
1   ...   39   40   41   42   43   44   45   46   ...   96




©engime.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет