40.Зақымданудың, аурулардың, мүгедектіктің халықаралық жіктелуі.
1) кемтар балаларды әлеуметтiк және медициналық-педагогикалық түзеу арқылы қолдау - кемтар балаларға тұрмыс-тiршiлiгiндегi шектелудi жою және оның орнын толтыру үшiн жағдай жасауды қамтамасыз ететiн және оларға басқа азаматтармен бiрдей қоғам өмiрiне қатысу мүмкiндiктерiн жасауға бағытталған арнаулы әлеуметтiк, медициналық және бiлiм беру қызметтерiн көрсететiн бiлiм беру, халықты әлеуметтiк қорғау, денсаулық сақтау ұйымдарының қызметi;
2) кемтар бала (балалар) - белгiленген тәртiппен расталған, туа бiткен, тұқым қуалаған, жүре пайда болған аурулардан немесе жарақаттардың салдарынан тiршiлiк етуi шектелген, дене және (немесе) психикалық кемiстiгi бар он сегiз жасқа дейiнгi бала (балалар);
3) "қатер" тобындағы бала (балалар) - ерте қолға алынбағандықтан, әлеуметтiк және медициналық-педагогикалық түзеу арқылы қолдау көрсетiлмегендiктен, дене және (немесе) психикалық дамуында кенжелеп қалу ықтималдығы жоғары болатын үш жасқа дейiнгi бала (балалар);
2-бап. Қазақстан Республикасының кемтар балаларды әлеуметтiк және медициналық-педагогикалық жағынан түзеу арқылы қолдау туралы заңдары
1. Қазақстан Республикасының кемтар балаларды әлеуметтiк және медициналық-педагогикалық түзеу арқылы қолдау туралы заңдары Қазақстан Республикасының Конституциясына негiзделедi және осы Заң мен Қазақстан Республикасының өзге де нормативтiк құқықтық актiлерiнен тұрады.
2. Егер Қазақстан Республикасы бекiткен халықаралық шартта осы Заңдағыдан өзгеше ережелер белгiленген болса, халықаралық шарттың ережелерi қолданылады.
3. Жетiм балаларды, психикалық аурулары бар балаларды, күнкөрiсi төмен отбасыларын және мемлекеттiң қолдауын қажет ететiн адамдардың өзге де санаттарын мемлекеттiк қолдауға байланысты қатынастар кемтар балаларды әлеуметтiк және медициналық-педагогикалық түзеу арқылы қолдауға байланысты бөлiгiнде ғана осы Заңмен реттеледi.
3-бап. Кемтар балаларды әлеуметтiк және медициналық-педагогикалық түзеу арқылы қолдау, оның мақсаттары, мiндеттерi мен принциптерi
1. Кемтар балаларды әлеуметтiк және медициналық-педагогикалық түзеу арқылы қолдау баланың туғанынан басталып, ол кәмелеттiк жасқа толғанға дейiн, жаппай кешендi медициналық, психологиялық, педагогикалық және әлеуметтiк тексеру мен кәсiби диагностика жүргiзу, оңалтудың жеке бағдарламасын әзiрлеу, медициналық, педагогикалық, психологиялық, әлеуметтiк қызметтер көрсету және еңбекке баулу арқылы жүргiзiледi.
2. Әлеуметтiк және медициналық-педагогикалық түзеу арқылы қолдаудың мақсаттары:
1) туа бiткен және тұқым қуалайтын ауруларды, қалыпты дамудан ауытқушылықтарды ерте бастан (туған кезден) анықтау;
2) балалардың дамуындағы кенжелеп қалу мен бұзылыстардың алдын алу, мүгедектiктiң ауыр түрлерiнен сақтандыру;
3) балалар мүгедектiгiнiң деңгейiн төмендету;
Достарыңызбен бөлісу: |