Арнайы педагогика ғылым ретінде, оның пәні, обьектісі, мақсаты мен міндеттері


Ақыл ойы кем балаларға арналған қазақ тілінен біім беру бағдарламасының мазмұны



бет48/96
Дата01.08.2020
өлшемі424,86 Kb.
#76036
1   ...   44   45   46   47   48   49   50   51   ...   96
Байланысты:
Арнайы педагогика

50. Ақыл ойы кем балаларға арналған қазақ тілінен біім беру бағдарламасының мазмұны.

Оқыту үдерісі бұл мұғалім мен оқушылардың іс – әрекетінде көрінетін екі жақты үдеріс. Мұғалім балаларды білімдермен қаруландырып, ал оқушылар болса оларды меңгеріп, тәжірибеде қолдануға міндетті. Олигофренопедагогика түзету педагогиканың құрамдас бөлігі ретінде келесі бағыттарды, байланыстарды қарастырады: – оқыту теориясы; – тәрбие теориясы; – арнайы мектепті басқару жүйесі – мектептану.



Арнайы мектеп дидактикасы – бұл оқыту теориясы және ақыл-ойы кем балалардың тапсырмаларды, міндеттерді, мазмұнның принциптерін, әдістерін және оқу іскерлігінің формаларын анықтайды. Ол оқушылардың білім мен іскерлік пен дағдыны қарулану тәсілдерін ойлап табады, өндіріс саласындағы тәжірибелік іскерлікте мектеп түлектерін даярлайды. Негізгі концептуалды үйлесім болып, мектеп оқушыларының білімді игеру қасиеттері және оларды қарапайым жағдайларды мұғалімнің бақы- лауымен қолданулары табылады. Педагогикалық үдеріс жүйе ретінде өзінің созылу жүйесімен бірдей емес. Жүйе ретінде халыққа білім беру толығымен – оқу мекемесі, мектеп, сынып, ұстаздар мен балалар ұжымдары болады.Бұл жүйелердің әрқайсысы нақты ішкі және сыртқы шарттарды жүйелейді. Сыртқы шарттарға табиғи орта, әртүрлі орталықтар, материалдық техникалық қамтамасыздандыру, педагог кадрларының саны және т.б. жатады. Ішкі шарттарға оқу процессінің бағыттары оның құрамдары жатады: бағдарламаларымен қамтамасыз ету, оқу жоспары, оқулықтар. Ұстаздар- дың – ақыл ойы бұзылған балалардың мүмкіндіктерін білу және олардың актуалды және жақын даму шектерін білу. Оқу үдерісінің нәтижесі оқушы мен мұғалімнің қарым-қатынасы тікелей және технологияны пайдалануға болады. Педагогикалық үдеріс педагогтердің, оқушылардың тәрбие шарттар- дың оқыту жүйесі болып табылады. Оқытудың құраушысы түзетулік оқытудың моделі болып есептеледі. Ақыл-ойы кем балалардың қарапайым мектептердегі даму ерекшеліктерін моделді оқыту толықтырады. Оқыту-тәрбиелік үдерістің жалпы дидактикамен түзетулік мазмұ- нын жалпы және арнайы білімнің негізгі шарты болып табылады, себебі оқу жүйесінің негізгі үйлесімдерін белгілейді, жалпы қоғамда жеке тұлғаның қажеттіліктері мұғалімнің іске асыру құралы болып табылады. Негізгі құраушылары: мектеп білімінің оқу міндеттері мен мақсат- тары принциптері, әдістері оқушыларға ықпал ету формаларымен жалпы білім беру үдерісі болып табылады. Ақыл-ойы бұзылған балалар оқу-таным іскерлігіне тез арада қосылмауы мүмкін, оның бірнеше себептері: дефект құрылымының сапалық өзгешелігі, оның түрлі балаларда көрінуі; – алғашқы дефект басқа да екі қайтара және үш қайтара көрінуіне әкеледі; – психикалық үдерістің барлық деңгейлерінің төмендігі (жад, сөз әрекеті, ойы, қабылдауы, ерік, қызығушылығы); – алынған ақпаратты өңдеу, ұғындыру, аз мүмкіншілігін қабылдау; – әлеуметтік салалардың әсерлік ерекшеліктері (бала ортасы – мектеп, отбасы, ересектер, құрбылар және т.б.) ақыл-ойы бұзылған тұлға – жасөспірім. Оқу үдерісі ақыл-ойы бұзылған балалардың барлық себептерін тиісті түзетулік бағытын алып жүру керек. Оқу үдерісі, педагогикалық тәсілдер арнайы, оқушының тұлғасына әсер ету ретінде қолданылады, оларда орын толтыру үдерісін дамыту танымдық мүмкіншіліктерін, ынталандырушы түзетулік деп аталады. Арнайы (түзету) мектепте оқытуда оқушылардың ерекшеліктері ғана емес, олардың мүмкіншіліктерін іске асырып есепке алынады. Әрбір ақыл-ойы кем жасөспірім – өзінің оқуымен, қимыл мүмкіншілігімен, мінезімен, қылықпен көрінетін ерекше тұлға.



Достарыңызбен бөлісу:
1   ...   44   45   46   47   48   49   50   51   ...   96




©engime.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет