Арнайы педагогика ғылым ретінде, оның пәні, обьектісі, мақсаты мен міндеттері



бет71/96
Дата01.08.2020
өлшемі424,86 Kb.
#76036
1   ...   67   68   69   70   71   72   73   74   ...   96
Байланысты:
Арнайы педагогика

72.Логопедиялық ритмика

Логопедиялық ритмика – тіл, музыка мен дене жаттығулары, қимыл- қозғалыстары көмегімен іске асырылатын емдік ритмиканың құрама бөлімі болып табылады. Тіл кемістігін түзетудегі логоритмикалық әсердің маңызын көптеген зерттеушілер атап өткен. Мысалы: В.М.Бехтерев, О.В. Правдина, В.А.Гиляровский, М.Е. Хватцев, Р.И.Лалаева т.б. Олардың пікірінше «Логопедиялық ритмика – жалпы тонусқа, моторикаға, көңіл-күйге әсер етеді, ол орталық жүйке жүйесінің нерв процестерінің қозғалысын жаттықтыруға мүмкіндік береді, ми қабатын белсендіреді».

Е.В.Чаянова, Е.В.Конорова, Г.А.Каше «Логопедиялық ритмика – зейінді, оның жинақталуын, көлемін, тұрақтылығын, бөлінуін, көру, есту және логиканы комплексті түрде дамытады- деп санайды. В.А.Гример және неміс зерттеушілері К.Колер, К.Швабе логопедиялық ритмика - психотерапевтикалық әдіс ретінде ұжымдық психологиялық әдіс, музыка терапиямен қатар қолданылуы керек- деп көрсетті. Адамдардың тіл кемістіктерін түзету барысындағы логопедиялық ритмиканың маңызы туралы В.А.Гример, Н.С.Сомайленко, Н.А.Власова, Ю.А.Флоренская, Л.Ф.Спиридова өз еңбектерінде ерекше тоқталған .

Музыкалық-ритмикалық тәрбие әдістемесін балаларға арнап алғаш ұсынған швейцар педагогы Э.Жак Далькроз болды. 50-70 жылдары логопедиялық ритмиканы пайдалана отырып, балалардың тұтықпа ауруын емдеу етек алды. 1960 жылдары В.И.Рождественская өзінің «Балалардың сөйлеу кезіндегі тұтығуын жөндеу» атты еңбегінде сөйлеу мәнерін қалыпқа келтіруде сөз бен қимыл және музыканың үйлестірілген жаттығуларының ролін ерекше көрсетті. Осы әдісті кейінгі жылдары Қазақстанда да емдік, педагогикалық мақсатқа қолдану кең өріс ала бастады. Бұл - «Логопедиялық ритмика» деп аталатын ерекше бағытпен дамуда. Логопедтер тілімен сөйлесек: «сөз бен қимыл үйлесімділігі» деп атауға болады. Логоритмиканың-түрлі тіл кемшіліктері бар балаларға, әсіресе тұтығу ауруына оң әсерін тигізетіндігі ғылыми түрде дәлелденіп отыр.

Логоритмикалық сабақтарда балалар әнді тыңдау арқылы ырғақты сезінуге, кеудемен терең тыныс алуға үйренеді. Еркін тыныс ырғаққа, әуенге сай қимыл-қозғалыстар жасауға негізгі себеп болатыны сөзсіз. Әннің әуенін бірнеше рет музыкалық аспаппен ойнап, тыңдата отырып, әуенін айтып музыканың биіктігін, жоғары-төмендігін, әсемдігін сезінеді. Бірте-бірте әнді музыкалық аспаппен сүйемелдей отырып, бала сөзді, ырғақты, әуенді меңгеріп, кеудемен терең, толық демала отырып, музыкаға аясында сөздерін анық айтуға және ырғаққа сай, еркін қимыл-қозғалыстар жасауға үйренеді. Ең бастысы, күнделікті қарым-қатынас кезіндегі сөйлеу қорқынышынан арылады. Өздеріне деген сенім мен еркіндік пайда болады.



Достарыңызбен бөлісу:
1   ...   67   68   69   70   71   72   73   74   ...   96




©engime.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет