69.Білім беру сабағының түзете-дамыту бағыты. Кешенді түзету сабақтары
Қазіргі таңда инклюзивті білім берудің нормативтік-құқықтық, ұйымдастырушылық, ғылыми- әдістемелік дамуына көп көңіл бөлінуде.Инклюзивтік білім берудегі педагогтік құзіреттілік оқыту мен тәрбие үрдісінде балаға қайтіп, қалай көмек беру жолдарын білу. Инклюзивтік білім беруде балаға деген педагогикалық ықпалдың позитивтік мүмкіндігі , ол дер кезінде жоғарыда айтылған эмоциялық дағдарыстағы баланы байқап, көру болып табылады. Қазіргі демократиялық қоғамда әр адамның өзін өзі дамытуға, осы қоғамда айқындалуына, қабілетін шыңдауға, шығармашылықпен айналысуға таңдау бостандығы бар,өмірін толыққанды етуге, былайша айтқанда өз тағдырына қатысты субъект болып, өмірін мағыналы етуге құқылы. Еліміздегі экологиялық тепе-теңдіктің бұзылуынан, қазіргі таңда туа біткен,тұқым қуалаған, жүре пайда болған аурулар салдарыынан қаршадай бастарынан қасірет дертке шалдыққан мүмкіндігі шектеулі балалар саны жылдан жылға артуда.Әрбір елде ерекше білімді қажет ететін балалар кездеседі, олар тәрбиелеудің және білім берудің ерекше түрлерін қажет ететін жандар.Осындай балаларға арнайы көмек көрсету қазіргі таңда біздің елде өзекті мәселелердің бірі.
«Мүмкіндігі шектеулі жандарға көбірек көңіл бөлу керек. Олар үшін Қазақстан кедергісіз аймаққа айналуы тиіс. Ондай жандарға қамқорлық көрсетілуі керек-бұл біздің қоғам алдындағы үлкен парызымыз. Бүкіл әлем осымен айналысады»,-делінген Елбасы Н. Назарбаевтың жолдауында. Ерекше білімді қажет ететін балаларға арналған білім беру қызметтерін Қазақстан Республикасының білім беру қызметкерлерінің ҚР білім беру заңында белгіленген тәртіппен арнаулы ұйымдар психологиялық педагогикалық түзету кабинеттері қызмет көрсетеді.
Психологиялық, педагогикалық түзету кабинеті өз қызметтерін Қазақстан Республикасының Конституциясына, Бала құқықтары туралы БҰҰ конвенциясына, «Білім туралы», «Қазақстан Республикасындағы баланың құқықтары туралы», «Кемтар балалардың әлеуметтік және медициналық-педагогикалық түзеу арқылы қолдау туралы» Заңдарына, Қазақстан Республикасының Еңбек Кодексіне, « Арнайы білім беру ұйымдары қызметінің үлгілік қағидаларын», Қазақстан Республикасының білім беру қызметін регламенттейтін өзге де нормативтік құқықтық құжаттарға сәйкес жүзеге асырып келеді.
Кабинеттің әдіскері мамандар өткізетін түзету сабақтарының кестесін шығарып, әр маманның күнделікті түзету сабақтарының жоспарын бекітіп, ұсыныстарын жасап, балалармен өтетін түзету сабағының тиімді болуына, түзетуіне және балалардың ой-өрісінің дамуына бағыттап отырады. Кабинет мамандарымен өткізілген педагогикалық кеңестерде түзету сабағын өткізген кезде мамандардың жаңа технологияға көңіл бөлуіне баса назар аудару керектегін айтып, балаларды түзету кезінде өзіне-өзі қызмет ететін жағдайға жеткізуге жәрдемдесу және оларды еңбекке баулудың кәсіпкерлікке бейімдеудің қажеттілігі бірінші тұратыны ескертілуі және оның орындалуы талап етіледі. Балаларды түзету кезінде жалпы және ұсақ моторикамен жұмысты міндетті түрде мамандардың естен шығармауы үнемі қадағаланады.Кабинет мамандары әлеуметтік ортаның баладан мәдениетті, әдепті, сыпайы мінез құлықты, білімді болуға жету жолында кабинетке келетін барлық балалардың ақыл-ойының, сөйлеу тілінің дамуын, сөз қорынның молаюын және баланың жеке ерекшеліктерінің қалыптасуын қамтамасыз ету үшін жұмыстанып келеді. Күнделікті жұмыстарды түзету кезінде шеберлікпен ұғындырудың арқасында кабинеттің педагог-логопеді сөйлеу қабілеті дамымаған фонетикалық, фонематикалық кемістігі бар, жазу, оқу бұзылыстары бар, сөйлеуі бұзылған балалармен жұмыс жүргізіп бірқатар сөйлеу кемістігі бар балаларды түзеді. Тілінде кемістігі бар балалармен жасалатын логопедия кабинеттің жабдықтары жеткілікті. Аудан бойынша есепте тұратын 0 жастан 18 жас аралығындағы мүмкіндігі шектеулі балалардың денсаулығын бақылау аудандық балалардың бас дәрігерінің және аудан көлеміндегі дәрігерлік, учаскелік ауруханалар мен селолық амбулаторияның бақылауында болып және олармен тікелей байланысып отырамыз.
Достарыңызбен бөлісу: |