Арнайы педагогика ғылым ретінде, оның пәні, обьектісі, мақсаты мен міндеттері


ҚР көруінде бұзылымы бар балаларға білім беру жүйесі



бет64/96
Дата01.08.2020
өлшемі424,86 Kb.
#76036
1   ...   60   61   62   63   64   65   66   67   ...   96
Байланысты:
Арнайы педагогика
Арнайы педагогика
63. ҚР көруінде бұзылымы бар балаларға білім беру жүйесі.
Мүмкіндігі шектеулі оқушылардың оқып-үйренудегі қиындықтарын дер кезінде анықтап, оларға коррекциялық-педагогикалық қолдау көрсету үшін, сондай-ақ жалпы білім беретін мектептегі білім игеруге байланысты қолжеткізілген деңгей туралы оқушылармен ата-аналарды хабардар етіп отыру үшін тұрақты түрде психологиялық-педагогикалық мониторинг өткізіліп тұруы тиіс. Бұл интеграциялық оқыту сыныбы мұғалімінің арнаулы (коррекциялық) сынып мұғалімімен, пән мұғалімдерімен, психологпен, тифлопедагогтармен, арнаулы және әлеуметтік педагогтармен тығыз ынтымақтастықта бірлесіп жұмыс жүргізу нәтижесінде іске асады. Осымен қатар арнаулы психологиялық-педагогикалық қолдаудың бақылануын және орындалуын мектеп психологиялық-медициналық-педагогикалық консилиумы арқылы жүзеге асыруы тиіс.

Көру қабілеті бұзылған бала жалпы білім беретін мектепте оқытылса, сол сыныпқа сабақ беретін педагог баланың қабілетін жіті тексеріп және денсаулығына байланысты қойылған диагнозына қарай оқытуы тиіс. Бұл баланың көзі көрмейді, не нашар көреді деп ысырып тастауға мүлдем болмайды. Бұл топтағы балалардың диагноздары, көзінің көру мөлшерлері, қабылдауы, ойлау ерекшеліктері, зейіні, есте сақтау қабілеттері әр түрлі деңгейде болып келеді. Көру қабілеті бұзылған балалар үш топқа бөлінеді.


Олар: 1-топ мүлдем көрмейтін балалар;

2-топ көру деңгейі төмен балалар;

3-топ көру деңгейі функционалдық бұзылған балалар. (қыли, амблиопия)

1 - топтағы балаларға брайль жүйесінде оқытылу ұсынылады.


Брайль жүйесі – бұл бедерлі нүкте арқылы оқыту мен жазу. Аталған жүйемен оқыту үшін арнайы құралдар (прибор, брайль дәптері, грифель) қолданылады.

1-топтағы балаларға брайл жүйесін үйретпес бұрын ет сезім қабілеттерін дамытумен жұмыстану керек. Баланың ет сезім мүшелері дамыса, қалыптасса бедерлі нүктелерді сезуіне, әріптер мен сандарды тез үйренуіне көп көмегін тигізеді.

Ет сезім мүшелерін дамытуға түрлі әдістерді пайдалануға болады. Үлкен заттан бастап, ұсақ затқа дейін ауысу. Мысалы: жіпке тізілген үлкен моншақтан бастап, ұсақ моншаққа дейін төмендеу және оған ілгекті де алуға болады. Сабаққа қатысты үлестірмелі материалды грифелмен бастыру, құрастырмалы, бұрандалы заттармен, жіптің түрлерімен, өсімдік дәндері мен дақылдарын пайдаланға т.с.с. көрнекі заттармен жұмыстануға болады.
Әр 15 минут сайын көз бұлшықеттері шаршамауға, көру деңгейі төмендемеуі үшін көзге арналған жаттығулар жасап тұру керек. Мысалы мынадай жаттығуларды қолдануға болады. Брайль жүйесінде оқитын балаларға әуеннің сүйемелдеуімен орнында отырып, басты оңға, солға, алға, артқа айналдыру. Қолды алға созып алақандарымызды ашып-жұму. (15-20 рет). Орнынан тұрып, басын жүректен төмен қойып, дем алып, дем шығару. Қолдарын жаңға созып, жұдырығын түйіп білегін, шынтағын, айналдырады, қолдарын жоғары көтеріп жұдырықтарын ашу. (15-20) рет, басында 5-10 рет, т.с.с. Сонымен қатар саусақ ұштарына, алақанға бүдірлі заттармен жеңіл массаж жасау.
64. Мүмкіндігі шектеулі балаларды оқыту жүйесіндегі қазіргі таңдағы ақпараттық-коммуникативтік технологиялар.

Компьютерлік және ақпараттық технологиялар заман талабы.

Жаңа ақпараттық құралдарды түзету сабағында қолданғанда күтілетін нәтижелер:

- даму мүмкіндігі шектеулі оқушыларға көмектеседі;

- оқушыларың сабаққа деген қызығушылығын арттырады;

- сабақта пайдаланылатын көрнекіліктердің санын арттырады;

- оқушыларды жеке жұмыс істеуге үйретеді;

- оқушылардың есте сақтау, есту, көру, сөйлеу, ойлау қабілеттерін дамытады;

Мүмкіндіктері шектеулі балаларға білім мен тәрбие берудегі ғылымның нәтижеге қол жеткізудің бірі жаңа технологияны игеріп компьютерді пайдалану.Компьютерді пайдалануда мынадай мүмкіндіктерді пайдалануға болады,логикалық ойлау жүйесін қалыптастыруға ,шығармашылық еңбек етуіне жағдай жасайды.Электрондық оқулықтарда теориялық тақырыптар кеңінен беріліп түсіндіріледі.Электрондық оқулық арқылы түрлі суреттер, бейнекөріністер дыбыс және музыка тыңдап көрсетуге болады. Бұл мұғалімнің тақтаға жазып түсіндіргенінен әлдеқайда тиімді,әрі әсерлі.

Жаңа ақпараттық құралдарды түзету сабағында қолданғанда күтілетін нәтижелер:

- даму мүмкіндігі шектеулі оқушыларға көмектеседі;

- оқушылардың сабаққа деген қызығушылығын арттырады;

-сабақта пайдаланылатын көрнекіліктердің санын арттырады ;

- оқушыларды жеке жұмыс істеуге үйретеді;

-оқушылардың есте сақтау, есту, көру, сөйлеу, ойлау қабілеттерін дамытады;

Жаңа ақпараттық технологиялармен қатар,сабақта ойын әдіс-тәсілдерін қолданамын,мүмкіндігі шектеулі баламен көбінесе ойын арқылы жұмыс жасаған тиімді.Ойын-адамның өмір танымының алғашқы қадамы.Сондықтан ойын арқылы балалар өмірден көптеген мәліметтер алып білімін жетілдіреді.Ойнай жүріп бала қоршаған орта жайлы білімдерін толықтырады, дербес шешім қабылдауға дағдыланады, ойлау барысында ұтқырлық пен тапқырлық танытады.Ойын әсері арқылы бала өзінің қандай қабілеті бар екенін байқап көреді. Түрлі ойындар баланың тапқырлығын, байқағыштығын, зейінділігін арттырумен қатар ерік сезім түрлерін де дамытады. [2]

Мүмкіндігі шектеулі балалармен жұмыс жасайтын мұғалімдер үшін талап та жоғары.Ұсынылып отырған ойындар баланың зейінін,есте сақтау қабілетін,ауыз екі сөйлеу мәдениетін дамытуға арналған,адамгершілік сезімін оятуға,ойын арқылы ұстаз алға қойған мақсатына жетеді деп ойлаймын.   Ойынға қатысушы оқушылар мұғалімдермен өзара қарым-қатынастарын көтереді, әрі өздерінің қабілеттерін тексеруге мүмкіндік тудырады, сонымен қатар ұйымдастыру қабілеттерін арта отырып сабақ кезінде қуаныш сезімін оятады. Оқу үрдісінде тиімді ойындардың бірі төмендегідей:




Достарыңызбен бөлісу:
1   ...   60   61   62   63   64   65   66   67   ...   96




©engime.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет